Саясат • 17 Наурыз, 2017

Айбынды Ақорда

1234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы» мемлекеттік меке­ме­сінің Интерактивті білім беру орталығында Ақорданың – Пре­зидент резиденциясының макеті тұр.

Айбынды Ақорда

 Макетті жасауға қымбат ба­ғалы шынылар мен тастар пайда­ланылған.

Жалпы, Ақорданың өзі туралы айтатын болсақ, оның құрылысы 2001 жылы басталып, ғимаратты салу Еуропа мен Қазақстанның бел­гілі сәулетшілеріне жүк­тел­­­ген еді. Еуропалық әйгілі ди­­­зай­нер­лер М.Гуалаци мен А.Моль­­тенидің, отандық академик Қ.Мон­тақаев­тың кеңесімен рези­­денцияның жобасы жасалды. Мем­лекеттік маңызды нысанды салуға 20-дан аса ұлт өкілдері қатысып, әлемнің ондаған елінен жұмыс­шылар тартылды.
Қазақстан Республикасы Пре­зи­ден­тінің жаңа резиден­ция­сы 2004 жылы салынып бітті. Сол жылдың желтоқ­санында тұсау­кесер рәсімі ұйым­дасты­рылды. Ғимараттың жалпы ауданы – 36 720 шаршы метр. Ғи­марат монолитті бетоннан тұрғызылған. Биіктігі – 86 метр. Ғимараттың екі қабаты жер астында, бес қабаты үстінде.

Айгүл СЕЙІЛОВА,
«Егемен Қазақстан»

Суретті түсірген
Орынбай БАЛМҰРАТ,
«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар