22 Сәуір, 2011

Дүбірге толы дүние

356 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
БРИКС – БАТЫСТЫҚ ЕМЕС БЕС ЕЛДІҢ БІРЛІГІ Өткен аптадағы басты саяси оқиғалардың бірі БРИКС деп аталатын одаққа біріккен мемлекеттер – Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай және Оңтүстік Африка Республикасы басшыларының Қытайдың Хайнань аралындағы Санья қаласында бас қосуы болды. Бұл елдер осы­дан он жыл бұрын әле­м­дік экономи­ка­ның 17,5 пайы­зын ием­денсе, қазір ол 25 пайызға жетіп отыр. Ал әлемдік саудадағы олар­дың үлесі он жылда 10,9 па­йыздан 18,6 пайызға көтерілген. Сірә, бұл одаққа бірігуші­лер­дің басты сипаты – оған батыс ел­дерінің қатыстырылмауы, да­му­шы алып державалардың бірігуі. Он­да­ғы мақсат – сол даму жо­лын­да басқа дамыған елдерге эко­но­ми­калық та, саяси да тәуел­ді болмау, есесі кетпеуін ойлас­тыр­ған­дары аң­ғарылады. Жұрт назарын ауда­ратыны да бұл ел­дер­дің алып­ты­ғы, орасан зор эко­но­микалық және адами ресурс­тары­ның молдығы. Тағы бір таң­данарлық жәйт – бұл одаққа кірген ел­дер күні кеше әлем­ді тітіреткен эконо­ми­­ка­лық дағ­да­­рыс­та олар­­дың Ре­­сей­ден бас­қа­сы зар­­дап шеге қой­ған жоқ. Ал Қы­тай қа­рышты қада­мымен көзге түсті, эконо­ми­касы 2009 жылы 9,2 па­йыз­ға өс­ті. Бұл кезде АҚШ эко­но­­микасы 2,6 па­йыз­ға, Германия эко­­номи­ка­сы 4,7 пайыз­ға тө­мен­деді. Мұ­ны, сірә, бұл елдердің эко­но­­ми­касы да­мыған ел­дердің эконо­мика­сы­на әлі де ты­ғыз кіріге қой­маған­ды­ғынан деп түсін­ді­руге бо­латын шығар. Бұл елдердің әлемдік қоғам­дас­тықта да айтар­лықтай саяси орны бар. БҰҰ Қауіп­сіздік Кеңе­сіне екеуі тұрақты мүше болса, үшеуі жай мүше. Олар әлемдік сая­си өмірге мықтап ықпал ете ала­ды. Бірақ сол мүмкіндіктерін толық жүзеге асыра алмай жүр. Соңғы басқосуда Сол­түс­тік Африка мен Таяу Шығыст­а­ғы жағдай сөз болғанымен, одан бұрынырақ бұл мәселе БҰҰ Қауіп­сіздік Ке­ңе­­сін­де талқыланған кезде БРИКС елдері батыс елдерінің ық­палынан шыға алмады, қан­төгістің орын алуына тосқауыл қоя алмады. БРИКС – жас, жаңа бірлестік. Тек үшінші рет қана бас қосып отыр. Алғаш рет 2009 жылы Ресейде кездесу өткізсе, былтыр Бразилияда бас қосты. Олардың әр кездесуі жұрт назарын ау­даруы заңды. Бұл елдерде әлем халқының жар­ты­сына жуығы шоғырланған. Осы­ншама ха­лық­тың мүддесімен, мақ­са­тымен са­наспауға болмайды. Қы­тай­да­ғы кез­десуде экономика, саясат мә­се­ле­лері жан-жақты сөз бо­лып, онда бұл елдердің ұстанатын ор­тақ бағыты айқындалды. ҚЫРҒЫЗСТАН: САУДАҒА ТҮСКЕН ВИЦЕ-ПРЕМЬЕР Қырғыз ағайындар арасында билік үшін талас тағы да өрши түсті. Парламенттегі коалицияға біріккен үш партияның бірі – «Ре­с­пуб­лика» партиясының лидері Өмірбек Бабанов өз өтініші бо­йынша уақытша үкімет басшысының бірінші орынбасары қызметінен кетті. Бұл «кетудің» ма­­ңызы айрықша. Бабанов, оның пар­­тия­сы парламентте құрылған қалт-құлт еткен коалицияның бір аяғындай. Олар кет­се, коалиция құ­лай­ды. Онда кезекті билік дағ­дарысы бас­талады. Оның арты саяси қақ­тығыстарға соқтырады. Жалпы, Бабанов бүгінгідей өт­пелі қысылтаяң кезеңде қыр­ғыз саясатында үлкен тұлғаға айна­лып отыр. Ол парламенттегі соң­ғы коалицияның бас­та­ма­шы­сы болуымен қатар, белсенді де іскер қайраткер екенін танытты. Ымы­рашылдық қа­дам­дарға көбі­рек жүгініп, коа­ли­циялық үкі­мет­ті сақ­тап қалу­ға тырысты, ел­дің тұ­ралап қал­ған эконо­микасын жан­дан­ды­руға көп күш-жігер жұм­сады. Оның қатты сынға ұшы­рауы да, қарсыластарының кө­бе­юі де соған байланысты. Қарсыластар дегенде, сарап­шы­лар олардың іште де, сыртта да барлығын айтады. Әсіресе, оппо­зи­циялық партиялар оған қатты шүй­лік­ті. Бабановтың үкі­мет­тегі қыз­меті (ол экономика мә­селе­лері­мен айналысты) көп адам­дарға, оның ішінде парламент депутат­тарының біразына ұнаған жоқ. Олар Баба­н­ов­тың бұрынғы және қазіргі ісінен кемшіліктер іздестірді. Оның өз сө­зі­мен айт­қанда, «оппозиция­ның же­­ке депу­таттары оған ойдан шы­ға­рылған, негізсіз айыптар тақты». Бұл айыптауға бұрынғы бас прокурордың міндетін атқарушы Құбатпек Байболовтың аузымен айтылған оның «жемқорлық әре­кет­­тері» себеп болды. Қырғыз­дың бел­гілі саясаттанушысы Марс Са­риев­­тің пікірінше, ел эко­номи­ка­сын­­да қиындық та, кемшілік те көп, соның ауыртпа­лы­ғын мой­ны­мен көтеріп отырған аза­маттың жұмысынан кемшілік те табуға бо­лады, бірақ Бабановқа ауыр кінә қоюдың жөні жоқ. Сірә, содан да, өзіне сенгендіктен де болар, Бабанов мәселенің ақ-қарасын анықтау үшін өзін бір ай мерзімге уақытша қызметінен бо­са­ту­ға өтініш берді. Босаған адам­ның қайта ора­луы қиын. Жұрт Ба­бан­ов­тың ора­луы­на се­не қой­майтындай. Оның себептері көп. Сі­рә, ең ал­ды­мен қа­зіргі премьер-министр Алмазбек Атам­­баев­тың өзі­нің бірінші орын­­­баса­ры­ның өтінішін оңай қанағат­тан­дырғаны да таңдан­дырады. Ол Бабанов үшін кү­ресуі керек еді. Күресе алмады. Оған Ба­бановтың кеткені қажет бол­ған­дай. Ішкі де, сыртқы да қар­сы­лас­тарының кө­ңі­лінен шы­ғу үшін. Ішкі қарсыластар дегенде, қа­зіргі қырғыз саясатындағы саяси қай­раткерлердің көпшілігі осынау өткір де іскер, саяси өмірге белсене арала­сатын, жалындап жанып тұр­ған бәсе­келесіне қызғанышпен қа­рап, оның аяғынан шалғысы келетіндей. Оған қарсылар коали­ция­ға кіргендер­дің ішінде де көп, кіре алмағандар ара­сында да бар. Коалиция күйресе, олардың бір­азы одан пайда көреді. Сыртқы қарсыластар туралы да әңгіме көп айтылады. Өзінің өтініш беруінің алдында Өмірек Бабанов Мәскеуге барып қайт­қан. Олармен тіл табыса алма­ған­дай. Сарапшы­лар­д­ың айтуынша, Бабанов Мәс­кеуге ұнамайды. Тіпті олар Атамбаевтан оны кетіруді та­лап еткендей. Премьер-ми­нистр­­­дің өз орынбаса­ры­ның өті­ні­шіне жедел қол қоюы да содан дейді. Бабанов Мәскеуге неге ұнама­ды? Қырғызстанға дәл қазір сырт­­тың көмегі, қолдауы керек-ақ. Сол мақсатпен Бабанов жа­қында Қы­тай­ға да барып қайтқан. Біраз жайға, ең алдымен екі ел арасында темір жол салуға келіскен сыңай­лы. Бұл Мәс­кеуге ұна­мады. Тек бізбен ғана бола­с­ың­дар, дейді. Ал Атамбаев үкі­меті­нің Мәскеуден қол үзуге шамасы жоқ. Амалсыз­дан оның дегеніне кө­нуге мәжбүр. Сарап­шылардың ай­туын­ша, Қыр­ғыз Республи­ка­сының Кеден одағына кіруіне де сол себеп. Қырғыз үкіметінің бірінші ви­це-премьерінің уақытша ор­ны­­нан кетуі ондағы саяси тар­тысты бә­сеңдете ме дегенге келсек, оған кү­­мән көп. Ал Өмірбек Бабанов үкі­метке бүгін қайта оралмаған­мен, үлкен саясаттан кетпейтіні анық. Мамадияр ЖАҚЫП.