Әдебиет • 24 Наурыз, 2017

Жақсы адам – асыл қазына

828 рет
көрсетілді
13 мин
оқу үшін

«Қобыланды батыр» жырында «Өзі алты жасында, Кәмшат бөркі басында, То­былғы торы ат астында...», деп келетін жыр жолдары торы атқа ерекше ықы­лас­ты білдіретіні рас.

Жақсы адам – асыл қазына

Сондай-ақ, күй­ші Қазанғап Тілепбергенұлының «То­ры ат» күйі, Жұбан Молдағалиевтің «То­ры ат басы» ғажайып туынды­сын­да да осы түске айрықша мән береді. Мұндай мысалдар жүздеп саналады. Кейбір сөз тір­кестеріне көз жүгіртсек, «сұлу торы ат болу» аса құрмет екені аңғарылады. Қазақ халқының ұлы перзенті Мұхтар Әуезов те «Әдебиеттің еңбек торысы» деген сөзді қазақ әдебиетінің тари­хын табан­дап отырып тиянақты зертте­ген, филология ғылымдарының док­торы, профессор, Ұлттық ғылым ака­де­миясының корреспондент-мүшесі, Қа­зақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қай­раткері Есмағамбет Самұратұлы Ысмайыловқа байланысты қолданған екен. Осыдан-ақ, көрер көзге көңіл тола­тын, ісіне мығым, еңбекқорлығына жан келмейтін мінсіз мінез иелеріне осы те­ңеу лайық болған тәрізді.


Мәселен, кешкен ғұмыры, атқарған елдік қызметі, жастарға деген қамқор пейілі, ел тағдырына алаңдаған дархан көңілі бар филология ғылымдарының док­то­ры, профессор, КСРО Педагогика ғы­лым­дары академиясының коррес­пон­дент-мүшесі, ҰҒА академигі, Қазақстан жә­не Қырғызстан республикалары ғы­лы­мының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сый­лығының иегері Серік Смайылұлы Қи­рабаевты да солай атау әбден лайық. 

Жеке тұлғаның мі­нез-құлқы ар­қылы тұтас топтың, қо­ғам­ның өмі­рін түсінуге болады. Өйт­ке­ні, адам қоғамсыз өмір сүре алмайды. Адам­ның белсенді түрде еңбекпен шұғ­ыл­дануы, әлеуметтік қатынастарға түсіп, өза­ра байланыс жасауға толық қабілеті бар тіршілік иесі болып қалуы ғана оның тұл­ғалық бейнесін жоғарылата түспек.

Біз мұны Серік Смайылұлы Қира­ба­евтың 1927 жылы 23 наурызда Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу ауылында дүниеге кел­ген­нен бастап, 1951 жылы Абай атын­да­ғы Қазақ педагогикалық институтын бітіріп, аспирантурада оқи жүріп, Қазақ­тың мем­лекеттік көркем әдебиет бас­па­сының аға редакторы, «Әдебиет жә­не ис­кус­ство» журналының бөлім мең­ге­ру­шісі, 1952-1955 жылдары «Пионер» жур­налының редакторы, 1955-1958 жыл­дары «Социалистік Қазақстан» (қа­зіргі «Егемен Қазақстан») газетінде меңгеруші, редакциялық алқа мүшесі бол­ғанындағы қызметінен аңғарамыз.

1958 жылдан Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында 30 жыл бойы доцент, профессор, филология факультетінің деканы, қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, институт ректорының оқу ісін басқаратын орынбасары қызметтерін атқарған, 1988-1995 жылдары Қазақ КСР ҒА М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер инсти­тутының директоры, бөлім мең­­­герушісі болған кездегі тын­дырған өл­шеусіз еңбектерінен та­нып-білеміз. Осы уақыт аралығында қы­­руар қоғамдық жұ­­мыстар атқаруы, өн­­ді­рте ғылыми ең­бек­тер жазуы, та­рихтың ақтаңдақ ке­сі­рінен жазықсыз жа­заланған жандар­ды ақ­тап алуға жан­таласқан өршіл қи­мы­лы­нан көреміз.

– Әдебиет – ұлттық мәдениеттің бір саласы. Оның дамуы ұлттың тілімен, ділімен, ұғым-түсінігімен, парасатымен, дүниетанымымен тікелей байла­ныс­­ты. Осының бәрі көркем туынды ар­қылы көрініп, халықтың сана­сына сіңе отырып, оның рухани өмі­рін қа­лып­тас­тырады. Сол жолдан ауыт­қы­мау­ын қа­да­ғ­алауға міндеттіміз, – деп ға­лым осы үдерістің бәрін әдебиет аясында са­лыс­тып қарастырады, жастарға түзу жол нұсқайды.

Серік Қирабаев есімі ұлттық мә­де­­ние­тіміздің аса көрнекті өкілі ре­тінде республика көлемінде ғана емес, жақын шет елдерге де таныс. Ол әде­би­еті­міздің атақты қаламгерлерінің шы­ғар­машылығын монографиялық үлгіде жан-жақты зерттеу тәсілін жете игерген ға­лым. Оның Абайтану са­ласындағы тын­дырған күрделі ең­бегіне қазақ елі аса құрметпен қа­рай­­ды. Бұл саладағы же­місті еңбегі үшін кезінде институттың бір топ ғалымдарымен бірге Мемлекеттік сый­лыққа ие болғаны – осының айғағы.

Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әде­­­биетінің тарихында ұлттық идея­ның тууы мен өркендеуіне жол ашуы өз алдына бөлек әңгіме. Жаңаша көз­қа­­­рас қалыптастырған «Қазақ әде­биет­і­нің тарихы» атты іргелі еңбектің ұйым­дас­тырушысы ғана емес, редак­ция­лық ал­қа­ның төрағасы ретінде тын­дыр­ған ісін әркім өзінше пайымдай алады деп есеп­теймін.

Өмір талқысынан сүрінбей өтіп, сан алуан қиындықтың таразысында шың­дал­­ған, сынақтың қандайы болса да ту­ра бидей әділ шешімін таба біл­ген ға­­лым ағамыздың тағы бір белесі – қа­зақ әдебиеті оқулықтарының авторы екен­дігі. Қазақ жастарының талай буыны осы оқулықтан бойына білім сіңіріп, өмір­лік тәлім алып келе жатқанын ескерсек, ғалым көтерген жүктің салмағы ай­қын­дала түспек.

Академик Серік Қирабаев ғылыми шы­ғар­­машылық өнерінде 40-тан астам мо­ногра­фия мен сын, зерттеу кітаптарын, 17 оқулық пен оқу құралдарын шығар­ды. 1994 жы­лы «Жүсіпбек Аймауытов» атты кі­т­а­бы ҰҒА-ның Ш.Уәлиханов атын­да­ғы сыйлығына ие болған ғалым көп­теген орден­де­р­мен, медальдармен ма­­рапаттал­ды. Қазақстанның еңбек сі­­ңір­­ген қай­раткері, «Отан» орденінің ие­­ге­рі болды.

Ыбырай Алтынсарин бір сөзінде: «Жақсы мінез бен ақыл күші біріксе – бұ­лар адамгершілік қасиеттер», – деп адам­гершілігі мол жандарға үміт арта­тынын білдірген екен. Адамгершілік – адам бойындағы ең асыл қасиет және адамзат баласының ең жоғарғы мақсатына бағытталады. Бұл қасиет адамды мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйретері анық.

Міне, соның бәрін 67 жылдан бері жұптары жазылмай берік отбасын құрған Серік аға мен Әлия апамыздың бойынан көріп, киелі шаңырағында қалыптасқан тамаша қасиеттерінен замандастары мен шәкірттері, ағайын-туыстары үлгі алады.

Мен бұл отбасын көптен білемін. Сон­дықтан да ойымды саралай ке­ле, хал­­қы­мыздың «Жақсы адам – қа­зы­на» деген нақыл сөзін еске алдым. Өз­де­рі­нің білімімен, біліктілігімен, терең ма­ғыналы ғұмыр кешуімен, өзгеге өнеге болуымен халықтың қазынасына айналған Серік Қирабаев пен Әлия Бейсенованың өмірлеріне көз жіберсек, олардың өте бай ғұмыр кешіп келе жатқанын бай­қай­мыз.

Сөзіміздің айғағы ретінде айтарымыз, филология ғылымдарының докторы Серік Қирабаев пен география ғылымдарының докторы Әлия Бейсенованың шаңырағын ел «Ака­демиктер отбасы» деп таниды. Біле білгенге, бір отбасынан екі бірдей ака­демиктің шығуы – сирек кездесетін құ­бы­лыс. Оған себепкер тату тірлік, бір-бі­ріне деген адал махаббат жемісі екені анық. Оны мына әңгімеден аңғарамыз. «...Апаларың жас кезінде сұ­лудың сұ­луы еді. Әлі де сыры кетсе де, сыны кет­пеген қалпында отыр ғой, мі­не. Бір көр­геннен-ақ ғашық болдым, сөйтіп 18 жасында үйленіп алдым, – деген Серік аға әзіл-қалжыңы аралас мақтанышын жасырмайды. Расында, Әлия апамыз мінезге бай жан.

«Адамгершілікке тәрбиелеу құралы – еңбек пен ата-ана үлгісі» дейтін Ыбырай Алтынсарин атамыздың, «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет ке­зін­­де көмектесуге болады, үлкен ағаш бол­­ғанда оны түзете алмайсың» деген ха­л­қымыздың дана сөзі бар. Осы ретте баланың бойына жастайынан ізгілік, мей­ірімділік, қайырымдылық, яғни адам­гершіліктің құнды қасиеттерін сі­ңіруде үлгілі отбасы мен педагогтер ше­шуші рөл атқаратынын еске салғым ке­леді.

Шүкір, қос ғалымның ұясынан түлеп ұшқан тұңғыш ұлы Нұр болса, Мәскеу университетін бітіріп, аспирантурада оқып, сол жақта кан­дидаттығын, докторлық диссер­та­циясын қорғады, философия ғы­лым­дарының док­торы, профессор атан­ды. Бүгінде Ресей Ха­лық­тар дос­тығы университетінің бірін­ші про­ректоры-ғылыми проректоры.

Профессор Нұр Серікұлының ғы­лыми істер жөніндегі проректор ре­тін­­де тындырған жұмыс ауқымы өте көлемді. Оны Ресей Халықтар достығы уни­верситетінің соңғы бес жыл ішінде барлық жоғары оқу орындары мен РФ уни­верситеттері арасында 3-4 орынды иеленіп келгенінен, сондай-ақ ха­лық­аралық деңгейдегі рейтингісінің жо­ға­ры­лай түскенінен де аңғаруға болады. Бұл олардың халықаралық ғылыми қа­рым-қатынасын арттырып, кадр­лар даяр­лаудағы ғылыми біліктілігін жо­ға­ры­лата түсуде.

Ұзақ жылдар профессор Нұр Серік­ұлы Қирабаев Ресей Федерациясы Білім министрлігінің гуманитарлық білімдер жөніндегі Кеңес төрағасының орынбасары болып, 15 жыл РФ Білім және ғылым министрлігінің Философиялық ғылыми-әдіс­темелік кеңесін басқарды.

Осыдан-ақ, оның жұмысқа жа­у­апкершілігінің жоғарылығы, та­бан­дылығы, іскер басшы екендігі аң­ға­ры­лады. «Қазақ халқындағы «Әке­ге тартып ұл туса игі, ата жолын қу­са игі» деген тілектің жүзеге асқанына бұл да бір негіз. 

Ортаншы ұлы Әділ еліміздің Іш­кі істер министрлігінде жауапты қыз­­мет атқара жүріп, жол апатынан қайтыс бол­ған-ды. Кенже ұлы Әлім, Сыр­тқы істер ми­нистрлігінде Америка департаменті директорының орынбасары.

Енді, аяулы апамыз жайлы бірер сөз. Ресми тілмен айтар болсақ, Ұлттық ғы­лым академиясының академигі Әлия Бейсенованың ұсынысымен 1986 жылы ҚазПИ-дің физикалық гео­гра­фия кафедрасының жанынан «Ланд­шафт­тар эко­логиясы және табиғатты қор­ғау» атты лаборатория ұйым­дас­ты­рылды. 1989 жылы Әлия Сәр­сен­­қы­зының ұсынысы және тікелей қаты­суымен ҚазПИ-дің жаратылыстану-география факультетінің құрамында экология бөлімі ашылып, ҚазПИ-де гео­графия және экология факультеті ұйым­дас­ты.1991-1999 жылдары география және эко­логия факультетінің деканы, Қазақстан геогра­фиясы және экология­сы кафедрасының меңгерушісі болып сай­ланды.

Осыншама жүкті арқалай жүріп, үл­гілі отбасын қалыптастыру оңайға түс­­пейді. Әлия апамыз үшін ол қа­лып­­ты жағдай. Енді, келіні, Астана қа­ла­сындағы «Дарын» республикалық ғы­лыми-практикалық орталығының ди­ректоры Шолпан Қирабаеваның ле­бі­зі­не зер салайық: «...Ата-енемнің сүйік­ті ұлы Әділ керемет азамат еді. Әскери адам болатын. Тағдырдың жазуына не дерсің. Бар болғаны 11 жыл сыйластықта өмір кештік. Машина апатын­ан қайтыс болды. Артында Ержан, Санжар деген екі ұлы қалды. Қазір олар үлкен азамат дәрежесінде. Бірі халықаралық құқық мамандығын игерсе, екіншісі Ұлттық қауіпсіздік академиясын бітірді. Екеуі де мемлекеттік қызметте. Менің бұл арадағы айтпағым, «Ата-енең жақсы болса, қызындай етіп өсіреді» деген қазақы қағиданың растығына көз жеткізу.

Талайыма қарай қазақтың бай­та­ғын­дай ниеттері бар, көргендері көп, кө­ңілге түйгендері мол екі асылым, ар­дақты ата-енем менің бетімнен қаққан емес. Ұзататын қыздай алақандарында ұстады.

Өзім де алдарын қиып өтпедім, айт­қандарын екі етпедім. Әкемдей бол­ған атаммен, анамдай болған енеммен қатар, сол отбасының барлық үл­кен-кішісін, әсі­ресе, енемнің шешесі ақыл-парасаты мол Рымбала апамды ерекше қадір тұттым. Ол кісіден қалған бір керемет үлгіні осы арада айта кетсем деймін. Күн сайын ертеңгісін тұрғанда бәрімізбен амандасатын.

«Қалдарың қалай, жақсы тұрдыңдар ма?» дейтін. Біз бір шаңырақтың ас­тын­да отырып, бұл кісінің мұнысы несі деп таңданыс білдірсек:

«Е, жассыңдар ғой. Кейін мендей болғанда солай екен-ау дейсіңдер. Түн тү­нек қой. Одан таңертеңгі жарыққа же­ту бір ғанибет емес пе!? «Түннен таң­ға түгел жетейік» деген сөзді бұ­рын­­­ғы­лар бекер айтқан ба?» дейтін. Сол сөздің ақиқатына енді көз жетіп ке­­леді.

Мен мамандығыма қарай өмір бойы ба­­ла тәрбиесі саласында қызмет етіп ке­лемін. Менің бар жақ­сы тір­лігім, ұр­пақ тәрбиесіндегі ат­қа­рып жүр­ген жұ­мы­сым сол ата-анамдай болып кеткен ата-енемнің үлгі-өнегесі деп бі­лемін».

Қазақстанның әлемдік деңгейдегі зият­керлік қоғам қалыптастыру ба­ғы­тындағы қарышты қадамы, ұлтық құн­ды­лықты баянды ету, төл тарихымызды жаңғырту, экономикамызды өріс­тетуде жастарымызға жан-жақты білім қа­жет. Ол үшін Елбасы Нұрсұлтан Әбіш­ұлы Назарбаев ұсынған «Мәңгілік Ел» идея­сын жедел жүзеге асыруға бә­рі­міз де ат­салысуға мүдделіміз.

Осы істе қос мерейтой иелері, бү­гін­де 90 жасты еншілеген Серік Смай­ыл­­­ұлы Қирабаев пен 85 жасқа жеткен Әлия Сәр­сенқызы Бейсенова ортамызды толтырып жүре берулері үшін бақуатты өмір, зор денсаулық тілеймін.


Сәрсенғали ӘБДІМАНАПОВ,

Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің 

ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор