22 Сәуір, 2011

Комиссия отырысы өтті

414 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Премьер-Министр   К.Мәсімовтің төрағалығымен Үкі­мет жанындағы Жоғары ғы­лы­ми-техникалық комис­сия­ның Үкімет мүшелерінен, мемлекеттік органдар бас­шы­лары­нан, жетекші ға­лымдар мен сарапшылардан, даму инс­ти­тут­тарының, ұлттық хол­­динг­тердің, ұлттық компания­лар­дың,  кәсіпкерлік субъектілері мен ғылыми қоғамдық бірлестіктер өкілдерінен құрылған жаңа құрамдағы отырысы өтті. Онда Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұма­ғұлов «Ғы­лым туралы» заңды жүзеге асырудың жаңа тетіктері туралы баяндады. Отырыста 2011-2013 жыл­дарға арналған ғылымды дамы­тудың басым бағыттары айқындалып, .ұлттық ғылыми кеңестердің тізбесі мен құрамдары мақұлданды. «Егемен-ақпарат».