Қазақстан • 28 Наурыз, 2017

Азаматтық бастаманың тиімді жолдары

130 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының алаңында VII Азаматтық форумның негізгі ережелерін жүзеге асыру бағытында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша азаматтық бастаманың І конгресі өтті. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Азаматтық бастаманың тиімді жолдары

Аталған іс-шараны өткізуге Қазақ­­стан­ның азаматтық альянсы, «Атаме­кен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Сыбайлас жемқорлық­қа қарсы медиа-орталық мұрын­дық болды. Ал Мем­лекеттік қызмет істері және сы­бай­лас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агент­тігі аталған бастамаға және іс-ша­ра­ны ұйымдастыруға қолдау білдірді.

Конгресс жұмысына Парла­мент депутаттары, мемлекеттік орган­дардың басшылары, азаматтық, кәсіподақ, этномәдени бірлестіктердің және басқа да азаматтық инсти­туттар­дың өкілдері қатысты.

Іс-шарада сыбайлас жемқорлыққа жалпы төзбеушілікті қалыптастыру, қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларды жүзеге асыруға тарту мәселелері кеңінен талқыланды. Сондай-ақ, агенттіктің түсіндіру жұ­мыс­тарына қатысты жаңа амалдары айтылды.

Нақтылай айтар болсақ, «Есік­тен есік­ке» бағдарламасының шең­берінде наурызда Астананың бар­лық тұрғындары коммуналдық қыз­мет төлемдері қағаздарымен қоса сыбайлас жемқорлыққа қарсы жады­на­малар алды. «Парасыз бола­шаққа. Бірге» ұранымен сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы шағын топ өз жұмыс­ын бастады. Бұл топ насихат жұмыс­тарын еңбек ұжымдарында жүргізуде, сондай-ақ, азаматтарды қабылдауды жүзеге асыруда.

Бұдан басқа, агенттік Қазақстан азаматтық Альянсымен, Қазақстанның Кәсіподақтар федерациясымен және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа-орталықпен бірлесіп, 5 жобаны жүзеге асыруды жоспарлаған. Олар: «құпия сатып алушы» әдісімен қоғамдық аудит; мемлекеттік қызметте мүд­де­лер қақтығысын қарастыру; сатып алы­натын қызметтер және тауар­лар­дың дәлелденген бағаларына мем­­ле­­кет­тік сатып алуларды мони­то­ринг­теу; еңбек ұжымдарында сы­бай­лас жем­­қор­лыққа қарсы наси­хат және сы­­байлас жемқорлық тәуе­кел­дерін тал­дау; «Жолдарда» сыбай­лас жем­қор­лық­қа қарсы іс-қимыл бойынша 10 қадам.

Қазақстан азаматтық альянсымен бірлесіп, көрсетілетін барлық әлеу­меттік маңызды мемлекеттік қызмет­терге «құпия сатып алушы» әдісімен қоғамдық аудит өткізу жоспарлануда. Оның нәтижесі бойынша тосқауылдар мен әкімшілік кедергілер анықталып, айтарлықтай тиімді қарсы шаралар ұсынылатын болады.

Жақын туыстардың бірге жұмыс істеуі, әріптестері мен қауымдас­тық үшін белгілі мемлекеттік са­тып алулар кезіндегі тиесілілік, олар­дың ішін аралық қарым-қатынасы – осыған ұқсас фактілерді хабар­лау бұл жұмысты айтарлықтай тиім­ді етеді. Одан бөлек, қоғамдастық­тың қаты­суымен сатып алынатын қыз­мет­тер мен тауарлардың бағасы негізде­месінің мемлекеттік сатып алуларына мониторинг жүргізу жоспарлануда.

Қазақстанның Кәсіподақтар феде­рациясының тармақталған жүйесі және салалық мамандануы сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихатпен ең­бек ұжымдарын қамтуға және тиісті салалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуекелдерін терең және нақты талдауға мүмкіндік береді. Салалық кәсіподақтар өкілдерінің қатысуы­мен талдау жасалынатын сегіз сала анықталған.

«Пара берме және алма!» қағи­дасын жүзеге асыра отырып, Сыбай­лас жемқорлыққа қарсы медиа-орта­лық агенттікпен бірлесіп еліміз­дің барлық аймақтарында жол поли­циясы мен жол қозғалысы қатысу­шыларының қарым-қатынасын транс­формациялауға бағытталған «Жол­дарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша он қадам» ар­найы жобасын жүзеге асыруда. Негізгі мақ­сат – екі тараптың мінез-құл­қы­ның сыбайлас жемқорлық моделін жою және «пара берме және алма» қағи­дасын жүзеге асыру.

Жалпы, Конгрестің қатысушы­лары жаңа сыбайлас жемқорлыққа қар­сы бастамаларды жоғары бағалады және қоғамда сыбайлас жемқорлық­қа төзбеушілікті қалыптастыру бойынша ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.



Соңғы жаңалықтар