Медицина • 28 Наурыз, 2017

Өз жерімізге өзіміз жанашыр болсақ...

260 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Атырау мұнай мен газға ғана бай емес. Көне заман ескерткіштері, ескі шаһарлар орнынан бөлек келген қонақтардың көңілі мен көзін қуантатын табиғаты бар. Ресеймен шекаралас Құр­ман­ға­зы ауданындағы Қиғаш өзені, Кас­пий теңізінің солтүстік жа­ға­­сы, Жайық бойы да мәдени де­­малыс ұйымдастыруға тап­ты­р­­­­- мас жер.

Өз жерімізге өзіміз жанашыр болсақ...

Бірақ... бірақ, осы­ған мү­­д­делілер мүлде аз. Бас пайда­сын білетін елдер әлдеқашан ту­ри­змін түрлендіріп, қазынасын молайтып алған. Мұны біз де ұғы­нсақ керек еді. Айталық, Атырау аймағы тарихи, мәдени, эт­но­графиялық, экологиялық тіп­­ті экстремалды туризмді да­мы­туға қолайлы. Алайда...


Облыстық кәсіпкерлік және ин­дус­триялық-инновациялық даму бас­қармасының басшысы Диас Жәні­бе­ков­тің айтуынша, қазір мұнайлы өлкеде әлем­нің елуден астам елінен келген 700 компания қызмет етеді. Әрине, бұл іс­керлік туризмнің дамуына септігін ти­гі­з­еді. Атқарылып жатқан шара аз деп те айта алмаймыз. Этнографиялық, мә­дени-танымдық туризм түрлерін жаң­ғыр­тудың бас­тамасы бар. Өткен жылы Жай­ық өзенінде су маршруты бойынша кемемен серуендеу іске қосылды. ЭКСПО-2017 көрмесіне келушілерді қа­былдау үшін туристік маршруттар дайындалды. Экологиялық туризм дегенде, алдымен «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты ойға оралады. Жайық өзені сағасының сулы-батпақты кешені мен құстардың табиғи өмір сүру ортасын таныстыратын қорықта төрт ту­рис­тік маршрут ұйымдастырылған. Қо­рық аумағынан аң мен құстың неше тү­рін көруге болады. Солтүстік Каспий жа­ға­лауы мен су айдынының қарқынды ша­руашылық мақсатқа игерілуіне бай­ланысты соңғы онжылдықта бұл жер­дегі өсімдіктер мен жануарлар дү­ние­сінің биоалуантүрлілігін сақтау мәселесі өзекті болды. Бірегей табиғи ке­шенді сақтап қалу мақсатында 2009 жы­лы осы резерват құрылды. «Ақ­жай­ық­та» құстардың 292, өсімдіктің 560, жануарлардың 48, балықтың 69 түрі бар және олардың көпшілігі «Қызыл кі­тапқа» енгізілген, дейді қорықтың бас маманы Балымгүл Ізмұханова. 

Резерват аумағындағы туристік мар­шруттар Жайық өзені атырабының ғ­ажайып көрінісін көрсетеді. Экол­о­гия­л­ық туризм атыраулықтардан гөрі шет­ел­діктерді көбірек қызықтырады екен. Өт­кен жылы теңіз жағасына саяхаттап жү­зге жуық турист келген. Ал егер қа­зір­гіден де жайлы жағдай жасалып, қа­жет­тіліктермен қамтамасыз етілсе, бұл сан әлдеқайда көбейер еді.

«Елбасы «100 нақты қадам» Ұлт жос­парында туризм саласын экономи­ка­ны дамытудың өрісті жолы деп ата­ды. Соған қарамастан, туристік клас­тер құруда үздік тәжірибесі бар стратегиялық инвесторлар тарту мә­селесі бізде әлі кемшін болып отыр. Мы­салы, Исатай ауданы Каспий те­ңі­зі­мен шектеседі. «Табиғаттың бұл сыйын тиім­ді пайдалануға тырысып келеміз», –дей­ді аудан әкімі Тұрарбек Сұлтанбеков. – Инвестор табылса, біз қажетті жағдай жа­сауға дайынбыз. Каспий жағасын әде­мі демалыс орнына айналдыруға шетелдіктер қызығушылық білдіріп жүр. Өткен жылы хорваттар мен словактар көріп кетті, бірақ әзірге нақты жұмыс істеуге ұсыныс түскен жоқ.

Тағы бір мәселе – маман тап­шы­лығы. Бірнеше жыл бұрын Халел Дос­мұхамедов атындағы Атырау мем­ле­кеттік университетінде туризм ма­ман­дығы ашылып еді, бірақ оған құжат тапсырушылар қатары жыл санап кеміп келеді. Мүмкін саланың дамуына осы мәселемен басыбайлы айналысатын басқарманың жоқтығы да себеп шы­ғар. Еліміздегі төрт облыста ғана туризм басқармасы бар, қалғандары б­ө­лімдермен шектеледі. Атырауда да со­лай. Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы туризм бөлімінің басшысы Рүстем Егізбаевтың айтуынша, өңірде 30 туристік агенттік тіркелген. Бірақ соның екеуі ғана ішкі туризммен айналысады.

«Шеттен біреу келіп, шекемізді шылқытады», деп армандап отыра берсек, сең қозғалмайды. Игілікті инвес­тор­дан күткеннен бұрын, өз жерімізге өз­іміз жанашыр болсақ жарасар еді. Бі­рақ әлеуетті бизнес иелерінің көздері Жайықтың сағасы мен Каспийдің жағасына әзірге түспей тұр.


Бақытгүл БАБАШ, «Егемен Қазақстан»

АТЫРАУ



Соңғы жаңалықтар