Қаржы • 28 Наурыз, 2017

Қымбаттап келе жатқан қара алтын теңгеге оң әсер етуде

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1 АҚШ доллары 314,75 теңгеге теңесті.

Қымбаттап келе жатқан қара алтын теңгеге оң әсер етуде

KASE-нің таңғы сессиясының қорытындлысы бойынша, бүгін, 28 наурызда 1 АҚШ доллары 314,75 теңгеге теңесті.

Естеріңізге сала кетейік, кеше доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 315-тің үстінде болған еді.

Ал Астана уақытымен таңғы сағат 11:00-де Брент маркалы мұнай құны 0,39 пайыз қымбаттап, 51,20 долларға саудаланды.

Сарапшылардың пікірінше, доллардың осы аптада қымбаттай бастауына әсер етуші бір фактор доллардың өзіндік құнының құлдырауы.

Айта кетейік, кеше доллардың еуроға шаққандағы бағамы 2 айлық минимумға дейін түсіп кеткен еді. Оған түрткі болған Трамптың зейнетақы реформасына қатысты жасағн мәлімдемесі болса керек, деген пікір білдіреді сарапшылар.  

Соңғы жаңалықтар