Премьер-Министр Үкімет тарапынан көктемгі егіс жұмыстарын қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша барлық шешімдер қабылданғанын атап өтті. Осыған байланысты барлық ауыл шаруашылығы жерлері тиімді пайдаланылуы керек. Бюджетте егістік үшін қарастырылған қаражат қатаң түрде мақсатына лайық бағытталуы тиіс, бұл тұқымдарды субсидиялауға да қатысты, деп жазады pm.kz.
ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев өзінің орынбасары, ҚР ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметовке Энергетика министрлігімен бірлесе отырып ауыл шаруашылығы өндірушілерін дизельдік отынмен қамтамасыз ету мәселесін бақылауға алуды тапсырды. Сонымен қатар, ҚазАгро холдингіне ақшалай қаражатты уақытылы бөлу және ауылдықтар үшін оның қолжетімділігін қамтамасыз ету тапсырылды.