Қазақстан • 28 Наурыз, 2017

2030 жылы Астанадағы баспана көлемі қазіргіден екі есеге көбейеді

420 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мұндай норма ҚР Үкіметінің "Астана қаласының бас жоспары туралы" Қаулысында көрсетілген.

2030 жылы Астанадағы баспана көлемі қазіргіден екі есеге көбейеді

2030 жылға қарай елорданың тұрғын үй қоры 2 еседен артық көбейіп, 37 млн шаршы метрге жетеді. Соның ішінде көппәтерлі үйлер көлемі 32 млн шаршы метр болса, жер үйлер 5 млн шаршы метрге жетеді деген болжам бар.

Құрылыс жұмыстары бос жатқан 6,9 мың гектар жерге жүргізілмек. Сонымен қатар, 2,5 мың гектар жерді алып жатқан апатты үйлерді сүріп, оның орнына жаңа тұрғын үй салу да қарастырылған.

Айта кетерлігі, 2030 жылға дейін жеке тұрғын үй құрылысының жалпы құрылыстағы үлесі 15,7 пайызды құрамақ. Сол уақытқа дейін Астана халқы 1 млн 220 мыңға дейін көбейді деген болжам бар.

Жер үйлер Ерейментау, Қарағанды тас жолы мен оңтүстік-шығыс бағытындағы жерлерге, Қосшы ауылы, Қорғалжын мен Қостанай бағыттарындағы жол бойына салыну жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар