Әдебиет • 11 Сәуір, 2017

Санаткер сарашы (эссе)

402 рет
көрсетілді
13 мин
оқу үшін

Өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының аяқ кезі. Ауыл. Жазғы каникул. Пошташы Жолымбет атаның төбесі көрінсе, шексіз қуанам.

Санаткер сарашы (эссе)

Қолынан бір құшақ газетті алып, қарағаштың түбіндегі тапшанға жете бере арасынан «Қазақстан пионері» мен «Лениншіл жасты» суырамын. «Қазақстан пионерін» қолма-қол оқып шығамын да, өзімнен кейінгі іні-сіңлілеріме ұстатам. Үлкендер жұмыста. «Лениншіл жасқа» таласатын ешкім жоқ. Өзіме, әсіресе, «Әдеп әлемі» айдары аясындағы мақалаларды оқыған қатты ұнайды. Қазақ жастарын жоғары тәрбие-талғамға баурайтынын, баулитынын іштей түйсінемін. Мақалалардан ауылдан қалаға келген қыз-жігіттер қарабайырлыққа қамалып қалмаса екен деген ізгі ниет аңғарылады. Күні бүгінге дейін жадыма жазылғаны – жас адамның үлкен кісімен телефон арқылы сөйлескенде тұтқаны бұрын қоймау керектігі және бір деталь –  бір жігіт екі қызбен көшеде қатар келе жатса, қос бойжеткеннің ортасында емес, екеуінің бір бүйірін ала жүргені жөн екендігі. Себебі, екі қыз екі жақтан сөйлегенде екеуіне кезек-кезек жалт-жалт қарағаны жағымсыз... Есімдегісі, «Әдеп әлемі» айдарымен шығатын мақалалардың авторы бірде Ж.Оңатұлы, бірде Ж.Бейсенбаев болып келеді...

...ҚазГУ-дің журфагының күн­діз­гі бөлімінен үш жыл қатарынан «құ­ла­дым». Төртінші жылы сырттайға ба­рып едім, тү­сіп кеттім. Ә дегеннен «Лениншіл жас­тың» корректорлар бюросына жұ­мыс­қа орналастым. Корректорлар бю­ро­сы газеттің секре­тариатына қарай­ды. Ал жауапты хат­шы – Жарылқап Бей­сенбаев. Мен сү-

й­іп оқитын «Әдеп әлемінің» авторы осы кісі екен.

Корректорлар бюросы редакциядан бө­лек жерде орналасқандықтан, жур­на­лис­терді газеттің нөміріне ке­зек­шілікке кел­­генде ғана көреміз. Жау­апты хатшы тіпті сирек көрі­не­ді. 1980 жылдары партия мен ком­со­мол­дың Мәскеуде күндіз өткен си­ез ма­териалдары Алматыға жеткен­ше қас қараяды. Корректорлар да қыз­ме­тіне күндіз емес, ымырт үйіріле ке­леді. Сондай күндердің бірінде, сырт­та жау­ып тұрған жазғы жаңбырға қарамай, өзі­міз отырған үшінші қа­бат­­тағы үлкен-үл­кен үш терезені ай­қара ашып тас­та­ғанбыз. Дала тастай қараңғы. Бір кез­де терезеден екі бірдей жарқанат ұшып кірді. Үш корректор қыз – Зәуре, Алтын­ай және мен ортамызда ойнап тұрған «Ро­ман­тик» магнитофонының даусынан асы­рып шыңғырдық. Әлгі пәле дыбыс шық­қан жаққа қарай ұшады екен. «Жар­қа­нат адам шашына жабысса, алынбай­ды» дегенді естігенбіз. Басымызды қолмен көлегейлеп, сыртқа ұмтылдық. Жа­р-

қанат төбемізде айналып ұшып жүр. Құ­лындағы даусымыз құдайға жетті ме қайдам, сыртқы есік шалқасынан ашыл­сын. Ар жақта Жарылқап ағай тұр. Үс­тін­де қара плащ, басында қара шляпа, қо­лында қап-қара қол­шатыр. Үшеуміз ашыл­ған есікке ба­­рып кептелдік. Жар­қанат жайына қалып, енді Жарылқап ағай­дың се­сінен қорықтық. Алтынай дір-дір етіп, «Жарылқап... Жарылқап аға... жар­қанат!» деді, абыржығаннан ау­зы­на басқа сөз түспей. Сөйткенше, сұң­­ғақ Зәуре бір бүйірден сытылып жол тапты. Коридорға жүгіріп шық­тық. Үш қыз қабырғаға сүйеніп жылап тұр­мыз. Ал­тынай: «Жарылқап ағай, жа­ман ағай. Біз­ге ұрысты...», – деді. Зәуре оны тыйды: «Жар­ылқап ағай жақсы ағай! Былтыр бір топ адам арыз жазып, қол қой дегенде осы ағай «мен мұндай былыққа аралас­пай­мын» депті». Қысылтаяң сәтте жауап­ты хатшымыз туралы осындай жылы пі­кір естіп үлгердім...

«Лениншіл жастың» редакторы Сейдахмет Бердіқұлұлы «біздің жі­гіт­тер­дің әрқайсысы бір-бір редак­тор» дей­­­тін. Әр қызметкердің қарымын да, қа­­дамын да бағалай білетін. Жарыл­қап Бейсенбаевтың сол заманғы жас талант­тар­дың үлкен наградасы – Қазақстан Ленин комсомолы сый­лы­ғының лауре­аты бол­ға­нын қол­­­дап­т­ы. Әйтпесе, спорт жур­на­лис­ти­­ка­сының корифейі С.Бер­діқұлұлы өз саласының адамына бер­гізбес пе еді?.. Сөйтіп, Қазақстан Ле­нин ком­со­м­о­лы сыйлығы тарихын­да қа­зақ жур­на­­­листері арасында ал­ғаш­­қы лау­реат – Жарылқап Бей­сен­бай­ұлы болды.

Ал академик Рымғали Нұрғалиев із­денімпаз қаламгерге: «Жарылқап-ау, сенің бар болғаның қандай жақсы, Шо­қанды осындай дәрежеде жаза ал­ған», депті.

Ж.Бейсенбайұлы қазақ жур­на­лис­тикасының табиғатын жетік бі­ле­ті­німен қоса, қоғамдық болмысты қыл­та­­мырынан тап басады. Желтоқсан оқи­­ғасынан кейінгі дүрбелеңде жебе өт­­пестей темір сауытты жүйеге би­ік па­ра­саттылықпен қарай білген баһа­дүр­лігі бар. Ауыр жазаға кесілген төрт жігіттің сот залынан түс­ірілген фотосын Ж.Бей­сенбаев га­зетке басуға үзілді-кесілді қар­сы бо­ла­ды. Ол кезде «Лениншіл жас» пен «Ленинская смена» газеттері қандай да бір қоғамдық-саяси мәселені қатар жа­риялайтын. Сол әдетпен «Ленинская сме­наның» жауапты қызметкері әлгі су­ретті қан­ша тықпалағанымен, бұл кісі айт­қа­ны­нан қайтпайды. Уәжі: «Қазақ сал­тын­да жаманатқа бұй­ы­рыл­ған адам ту­ралы жалпақ жұртқа жа­рияламайды», бопты.

Бейсенбаевтың бекзаттығы қыз­мет­­тестер арасында әрдайым аңға­ры­лып тұ­ратын-ды.

Кеңес кезінде Наурыз мейрамы қо­ғамдық деңгейде ауызға алынбайтын. Бі­рақ лениншілжастықтар қисынын тауып, наурыздың 22-сі күні газетті жа­­сыл бояумен шығаратын. Қырағы «қыр­­ғилар» әдетінше «бұл қалайды» айт­­пай қала ма? Бердіқұлұлы: «Дүние жаңғырып, жасарып жатқанда ха­лық­қа көктемнің лебін сезіндірейік де­геніміз ғой», – деп олардың өзін бұлталаққа салады. Бейсенбаевтың бойына «Лениншіл жастан» сіңген дәстүр – «Ана тіліне» редактор болған тұста газеттің алғашқы санын 22 нау-

рызда шығаруға алып келді. Ғылым академиясы Тіл білімі институтының акт залында алғашқы мақалаларды дайындап, газеттің жүйесін жа­сады. Өзағаң – Өзбекәлі Жәнібековтей қадірлі қайраткердің сенімінен шық­қан сирек редакторлық талант иесі Жарылқап Бейсенбаев «Ана тілі» газеті арқылы халықтың бағын да, барын да көрсетті. Қазақтың тең-тең рухани қазынасын қопаратын қолайлы сәт туғанын аңдады. «Лениншіл жас-

тан» бірге келген журналистермен қа­­тар, ғылым төңірегіндегі сай­дың та­­сындай жігіттерді жұмысқа тар­т­ты. А­р­хив көмбесіндегі құнды-құн­ды дү­ние­лерді осы азаматтар «Ана ті­лі­не» дорбалап тасып жатты.

Редакцияда лездеме деген болады. Соның кезінде Марат Қабанбай, Сабыржан Шүкірұлы, Байбота Серікбай, Ертай Айғали секілді аға­ла­­рымның қатарында Жарылқап ағай­­­дың емен үстелінің ең шетінде мен отыратын едім. Бір күні ағай, жұ­­мыстың қауырттығын меңзей оты­­рып, өзінің басынан өткерген бір оқи­ғаны айтты. Демалыс күні саяжайда жүрген кезі екен. Баспасөз қызметінде істейтін журналист жігіт шетелге баратын бір сапарға байланысты ағайдың құ­жаттарын дереу жинау қажеттігі туып, үйіне телефон соғыпты. Тұтқаны кіш­кен­тай ұлы көтеріпті. – Папаң қайда? – Көкем үйде жоқ, саяжайға кеткен. – Мына жақта жұмыс өртеніп жатқанда, сая­жайда жүргені несі?! Кешке үйіне келсе, баласы көзі бақырайып: – Көке, сіздердің жұмыстарыңыз өртеніпті ғой, – деп отыр дейді. Осыны айтып, ағай бә­рі­мізді бір күлдірген-ді.

«Ана тілі» апта сайын жарық көр­ге­­­німен, күнделікті басылымның жү­гін ар­­қалады. Журналистің жайын жақ­сы бі­л­етін Жарылқап ағай жұмыс «өр­те­ніп» жатса да, сабырынан, сал­қын­қан­ды­­лығынан жаңылмайтын. Бейсенбіні «шы­ғармашылық күні» ре­тінде белгілеп бер­ді, сүбелі мақа­ла­ларды дайындайтын жур­налистерді «жұ­мыста отырма, үйіңе ба­рып жаз», деп үш-төрт күнге бір-ақ жі­бе­ретін.

Бердіқұлұлының мақалаға ат қой­ғыш­­тығы – біздің бас сарашының да қа­нына сің­ген әдет.

– Ана бір жылы Арменияның «Ара­рат» футбол командасы бір мау-

сымда ел чемпионатын да, кубогін де жеңіп алып, бірден екі мәрте зор жеңіске жет­ті. Сонда «Футбол» апта­лығында «Двуг­лавая вершина «Арарата» деп та­ма­ша тақырып шық­ты. Шындығында, Ара­рат тауы­ның қос шыңы бар, соны жур­на­лис­тің тап басқанын қарасаңшы... – деп, бір жур­налистік тапқырлыққа назарымызды ау­дар­ғаны бар...

Басшыға қосшы сай келсе, жұмыс­тың бағы жанғаны. «Ана тілі» газе­ті­нің аты озған тұсы – Жарылқап Бей­сен­­бай­ұлының жанынан талантты жа­зушы Марат Қабанбайдың табылып, пуб­ли­цист ретінде жарқырай кө­рін­гені. Қыс­қа жазудың хас ше­бері Жұматай Са­быржанұлын Ақмоладан тауып, «Ана тіліне» қос­қан да – Жа­рыл­қап Бей­сен­бай­ұлы. Қост­анай­лық қаламгер Ақылбек Шая­хметті ақ­па­ратшы қылған, қазақтың мәйекті сө­зінің қаймаған сапырған Ахмет Жүніс ақ­сақалды ортамызға тартқан да осы кісі. Авторларды көтермелеу үшін «Ана тілінің саңлағы» деген марапат ен­гіз­іп, тіпті, елімізде Мажарстанның Тө­тен­­ше және өкілетті елшісі боп қызмет іс­теп жүрген қыпшақтанушы Иожеф Тор­маны да белсенді автор етіп, нешеме ма­териалдарын шығарды.

Таңертең машбюроға материал бас­тыруға жиналамыз. Жарылқап ағай сол жерге соғады. Бәріміз жамырасып: «Сә­ле­метсіз бе?» дейміз. Ол кісі шола қа­рай­ды да, өзіне қажет бі­реумізге көзін қа­дайды. «Бағана кө­лігім бағдаршамның қы­зылкөзіне тоқ­тап тұрғанда есіме түс­ті... Ана материалдың (тақырыбын айтады) пәленші азат жолында мынадай сөз бар. Соны былайша өзгертсе жөн бо­лады», деп сөйлемді тұтас айтып шы­ға­ды. Сөй­теді де есікке беттейді. Бітті. Бұл – ол кі­сінің сәлеміңді алғаны.

Алғашқы кезде өзімше жап-жақ­сы жаз­ғандарым ол кісінің алдына барғанда түк­ке жарамай қалатыны бар-ды. Сон­дайда салқындау ғана сап-салмақты сөй­леп, «сен немене, сол қолыңмен жаз­ғансың ба?» дейді. Мы­сың құрып, әрі-сәрі күйде тұрып-тұ­рып шығып кете­сің. Бірақ қатты қаһарланса да, қиып жі­бер­ген емес.

Бір күні тапсырған мақаланы жазып алдына апарып бердім. Біраздан кей­ін хатшы қыз: «Бастық шақырып жа­тыр», деді. «Тағы не тапты екен, құ­дай-ай...». Бардым алдына. Қа­шан­да қа­ба­ғы қатулы ағай, қызық, ақсия кү­ліп отыр. Жалпақ алақанымен қай­рат­ты ша­шын қайырып тастады да, ал­дында жат­қан менің жазбамды нұс­қап: «Мал боп қапсың ғой», деді. Қуа­нып кеттім. Шы­ғып кете бардым. Бір кезде хатшы қыз тағы да «бастық шақырып жатыр», деді. Бардым. Бұл жолы жаңағыдан да жұмсақ қарсы алды. «Раушан, сен жаңағы сөзге ренжіп қалған жоқсың ба?». «Жоқ, ағай. Егер де, сіз адам боп қапсың де­сеңіз, іш жиып, секем алып қалар едім, қа­зақтың үмітті нәрсеге айтатын «мал боп қапсың» деген сөзі жақсы ғой...». Ағай: «Айналайын, сөз қадірін біл­ге­нің ғой», деді ризашылықпен.

Әдетте, Ж.Бейсенбайұлы сесті, қатал деп ойлаймыз. Ақиқатында, пара­сат­т­ы, пайымды, жазуды да, айтуды да, ұр­­суды да, қайтуды да білетін – эстет адам. Бояулар әлеміне терең бой­лаған өнер­­танушы, шоқтығы биік шо­қан­та­­ну­шы, арғы заманнан бері тарт­қан зерт­теуші, тәржіман, ұстаз һәм санаткер тұлға. «ҚазТАГ-тың қазақшасынан ұял­майсыз ба?» деген министрдің бір ауыз сөзі ол кісінің қазақ ақпаратын сау­ықтыруға тү­бегейлі бет бұруына сеп­ болды. ҚазТАГ-қа «Қазақ ақпарат агенттігі» деп ат қоюдан бастап, жазу тех­­но­ло­гия­­сын жаңартып, төңкеріс жасады. «ҚазАқпарат» хабарларының латын, араб қарпіндегі нұсқаларын енгізді.

Жарылқап Бейсенбайұлы заман ағы­мы­на тез икемделеді. «Қаз­Ақ­парат» агент­тігіне бас редак­тор болып келгенде де ІТ тех­но­ло­гия­ға бірден бейімделіп, ізде­нім­паз қал­пы­нан жаңылмады. Бас­қ­а де­­рек­көз­дермен қатар, Интернет мүм­­кін­ді­гін пайдаланып, арғы түркі дү­ниесі ту­­ра­лы ғылымды кеңінен қау­зай ал­ды. Әр қыз­метті меңгерген сай­ын сау­са­ғынан кітап саулады. Ол қазіргі кезде шығарып отыр­ған «Мә­дени мұра» жур­налы да қазақ жур­налистикасының шоқтығы биік ке­зекті бір жетістігі ре-

т­інде танылып отыр.

Марат Қабанбайдың әзіл-шыны ара­лас: «Адам деген жасы келгенде жа­дысы жаси беруші еді, Жарылқап жа­самыс тарт­қан сайын жадысы жаң­ғыра береді. Бұл не ғажап! Жо-жоқ, бұл – журналистің жур­налисі, журналистиканың диюы», деген сөздері әлі құлағымда...

Расы солай.

Раушан ТӨЛЕНҚЫЗЫ,

журналист, Қазақстан Республикасы Президенті грантының лауреаты