Медицина • 11 Сәуір, 2017

Ізгілікке құштар жан

161 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

Уақыт – аққан жұлдыздай зымырап өтеді дегенді жиі айтамыз. Ал кейбіреулер үшін ол тасбақадай аяңдап қана жылжиды.

Ізгілікке  құштар жан

Бүгінгі кейіпкеріміз Мағзам Қасымов уақыттың әуел баста белгіленген заңдылыққа сай өтетінін алға тартады. Иә, тағдырдың әлімсақтан жазылып қоятыны ақиқат. Тек оны әркім әртүрлі бағамдап, өзіндік өреге салады. Сондықтан, әр адамның өз есебі мен межесі бар. Соңында қалдырған ізін ой елегінен өткізіп, жалындаған жастық шақ пен өмірдің қызықты сәттерін сағына еске алған Мағзам Есенгелдіұлы да соның бәрі көзді ашып-жұмғанша өте шыққанын айтады. Тіпті жетпістің ауылына қалай жеткенін де аңғармай қалыпты...

Мағзам Қасымов соғыстан кейінгі қиын-қыстау кезеңде, яғни 1947 жылы сәуір айында Ақмолада дүниеге келген. Жеті атасынан бері сол өңірді мекен еткен. Әкесі Есенгелді жаста-

йынан жоқшылық көріп, тағдырдың тауқыметін тартып өседі. Ұзақ уақыт нағашы әпкесінің қолында, кейін Петропавлдағы «Казахкоммуна» балалар үйінде тәрбиеленеді. Сол жерде қазақ тілінде жетіжылдықты бітіріп, педтехникумға оқуға түседі. Оқуын тәмамдаған соң қазақ орта мектебіне бастауыш сынып мұғалімі болып жұмысқа орналасады. Алғырлығының арқасында жұмысын істей жүріп, сол кезде жаңадан құрылған Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітіріп шығады. Ағадыр стансасындағы орта мектептің директоры, Қарағанды, Ақмола облыстарында облыстық білім бөлімдері меңгерушілерінің орын­басары болды. Одан бөлек, Алматы облы­сы­на қарасты Дегерес ауы­лы­нда ор­т­а мектеп директоры және Жамбыл аудандық бі­лім бөлімінің меңгерушісі қызметтерін абыроймен атқарды. Ал 1965 жылы республикамыздың Министрлер Кеңесіне жұмысқа қабылданып, Алматы қаласына біржола көшіп келеді.

Мағзам  анасы Манар Ахметқызын да ерекше сағынышпен еске алады. М.Ахметқызы оныншы сыныпты бітіргеннен кейін Ағадыр темір жол стансасындағы мектепке мұғалім болып орналасады. Тұрмысқа шыққан кезде Манар апаның жасы бар болғаны 17-де еді. Соған қарамастан ол ізденісін тоқтатпай, білім алуды жалғастыра береді. Бұл талпынысы өз жемісін беріп, Қазақ педагогикалық институтын бітіреді. Алматыға көшіп келген кезде Кіші станицадағы кешкі мектептің директоры болып тағайындалады. Сонымен қатар, Қазақ КСР-і Ағарту министрлігіне қарасты Мұғалімдердің білімін жетілдіру институ­ты қазақ тілі мен қазақ әде­­биетін оқыту әдіс­те­ме­сі кафедрасының мең­ге­рушісі болды.

Мағзам Есенгелдіұлы Дегерес ауылында мектеп табалдырығын атта­ды. Мектебі жай­ы­н­­­­д­а сөз болғанда кейіп­ке­­ріміз алғаш қа­лам ұс­тат­­­­­­қан ұстазы Варвара Антоновна Ляпунды ерек­ше ықыласпен еске алды. Орта мект­еп­ті Ұзын­ағаш ауылында бітіріп, 1966 жылы Қазақ политехникалық институтына инженер-элект-

рик мамандығы бойынша оқуға тү­седі. Жоғары оқу орнында оқи жүріп ол «Стромпроект» ғылыми-зерттеу институтында аға лаборант болып еңбек етті. Кейін Алматы ха­лықтық шаруашылық институтын тәмамдап, екінші жоғары білім алды.

Ал 1971 жылы М.Қасымов ҚазКСР ет және сүт өнеркәсібі министрлігінің Материалдық-техникалық қамтамасыз ету бас басқармасына инженер ретінде жұмысқа қабылданады. Мағ­зам аға сол кезде Главканы басқарып тұр­­ған Яков Израилевич Гройсманды өзінің мемлекеттік қызметтегі алғашқы ұстазы ре­тінде санайды. Себебі, кеңсе тәртібімен және құ­­жат­тармен жұмыс істеуді дәл осы кісіден үй­ренген еді. Сол жерде жұмыс істеп жүріп Мағзам Есенгелдіұлы кезінде мемлекеттік ма­ра­паттардың бірі саналған В.И.Лениннің 100 жыл­дығына арналған төсбелгімен марапатта­лып, қызметтегі алғашқы медалін алады. Кей­ін Гройсманның берген тәлім-тәрбиесінің М.Қасымовтың Республикалық есептеуіш орталығында инженер-бағдарламашы және Қазақ КСР Министрлер Кеңесін Басты қам­та­масыз етуші «Қазэлектрокомплект» ма­ман­­дандырылған конторында бас инже­нер бол­ған кезінде де көп септігі тиді. Әсі­ре­се, рес­публикамыздың Жоғарғы Кеңес Прези­диу­-

м­ында Тұрақты комиссия бөлімінің аға консультанты болып жұмыс істеген кезінде Гро­йс-

ман мектебінің игілігін молынан көрді.

Мағзам Есенгелдіұлының өмірбаянына зер салсаңыз, оның заң билігінің жоғары органында қызмет істеген кезеңі ерекше мән­ге ие екенін аңғарасыз. Сол жерде жүріп Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаттары­мен тікелей жұмыс істеді. Олардың бәрі тұ­рақты комиссияның мүшелері болатын. Ал М.Қасымов көлік және байланыс жөніндегі, халықтық тұтыну тауарлары, сауда және ха­лыққа қызмет көрсету жөніндегі, халықтық біл­ім және ғылым жөніндегі комиссияларға же­тек­­­шілік етті. Тұрақты комиссия бөлімінде же­ті жыл жемісті еңбек еткеннен кейін М.Қасымов Пре­зидиумда жұмыс істеді. Ол жерде де Кеңес­тер­­дің жұмыс мәселелері жөніндегі бөлім мең­­герушісінің орынбасары, Кеңестік жұмыс ка­бинетінің меңгерушісі қызметтерін абыроймен атқарды.

Мағзам Есенгелдіұлының Кеңестік жұмыс кабинетінен бөлек ҚазКСР Халық депутаттар кеңесінде ауқымды ұйымдастыру қыз­мет­терін атқарғанын да айта кеткен жөн. М.Қасымов алғаш рет баламалы негізде сай­ланған әрі Тәуелсіздік туралы Декларация, Қазақстан Республикасының Конституциясы, мем­ле­кеттік құрылым, экономикалық реформалар, әлеу­меттік даму, заңдылық пен құқықтық тәр­тіпті реттейтін заңдар мен қаулылар секіл­ді тарихи құнды құжаттарды қабылдаған 12-шақырымдағы депутаттар корпусының жұ­мысын ұйымдастыруға да белсене қатысты. Жо­ғарғы Кеңесте жұмыс істеп жүрген кезде Пре­зидиумның он бірдей төрағасы ауысты. Ал бұл Мағзам Есенгелдіұлы үшін мол тәжірибе еді.

Тәуелсіздік алғаннан кейін де М.Қасымов елі­міздің аяқтан тұрып кетуі жолында ауыз тол­тырып айтарлықтай еңбек етті. Әр жылдары Мағзам Есенгелдіұлы Қазақстан Рес­пуб­ли­­касының Конституциялық Соты, Қазақстан Рес­публикасының Парламенті Сенаты және Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжі­лі­сінің аппараттарын бас­қар­ды.

Сонымен қатар, кейіпкеріміз Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жанындағы Шетелдік капиталды игеру жөніндегі комитет­тің капиталдар нарығы басқармасының басшысы секілді лауазымды қызметтерді де атқарды. Бұл Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде жаңадан қалыптаса бастаған, еліміз үшін инвестиция ауадай қажет ең ауыр кезең еді. Сол кездегі шетелдіктермен жүргізген күрделі келіссөздер Мағзам Есенгелдіұлының әлі күнге дейін есінде.

Мағзам Есенгелдіұлы еңбек жолы туралы айтқан кезде еліміздің тәуелсіздік жыл­да­рын­дағы ең ірі жобасы, Қазақстанның жа­ңа елордасы, Елбасының төл туындысы – Астана­ның қалыптасуына өз үлесін қосқанын мақ­танышпен еске алады. Осы ретте оның Қазақстан Республикасы Президент Әкім­ші­лігінің Ұйымдастыру-бақылау бөлімінде мем­лекеттік инспектор болып істеген жылдарға тоқ­талмай кету мүмкін емес. Бұл жауапты қызметті Мағзам Есенгелдіұлы 1999-2004 және 2007-2008 жылдар аралығында, яғни алты жыл атқарды. Аталған қызметте М.Қасымовқа іргесі жаңадан қаланған жас елорда – Астана қаласына қатысты жұмыстарға жетекшілік ету сеніп тапсырылды. Астанаға кураторлық еткен жылдары М.Қасымов елорданы дамыту жө­нін­де Мемлекет бас­шы­сының қатысуымен өткен бес бірдей жи­на­лысқа қажетті мате-

риалдар дайындаған. Оның тікелей қатысуымен «Астананың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» бағдарламасы дайын­далып, қабылданды. Сондай-ақ, Астана­ны көгалдандыру мақса­тын­да құрылған «Зелен­строй» тресінің қа­лыптасуына да атсалыс­ты. Одан бөлек, Мағзам Есенгелдіұлы жаңа ме­га­полистің құрылысы үшін инвестиция тартуда ерекше белсенділік танытты.

Реті келгенде Мағзам Есенгелдіұлы Астана­ға үш бірдей әкімнің, яғни Әділбек Жақ­сы­бе­ков, Өмірзақ Шөкеев және Темірхан Дос­мұ­хам­­бетовтің кезінде кураторлық еткенін атап өт­­кен жөн.

Қызметтік мансабының шарықтау шыңына шыққан сәтінде М.Қасымов сияқты майталман маманға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қыз­мет істері жөніндегі агенттігі Алматы қа­ласы бойынша Тәртіптік кеңесінің төрағасы сияқ­т­ы аса жауапты саяси қызмет ұсынылды. Осы­лай­ша өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс іс­те­ген Мағзам Есенгелдіұлына өзінің кешегі әріп­тестеріне қатысты маңызды шешімдер қа­был­дау міндеті жүктелді. Міне, дәл осы кезде М.Қасымов өз ісіне шебер, кәсіби маман ғана емес, сондай-ақ, өте әділ, адал әрі жауапты бас­шы ретінде таныла түсті. Бұл агенттікте М.Қасымов бес жылдай жұмыс істеді. Осы уа­қыт аралығында ол Мемлекет басшысының кә­сі­би мемлекеттік аппаратты қалыптастыру, мем­ле­кеттік қызметшілердің әдеп нормасын сақ­тауы, олардың жауапкершілігі мен жұмыс істеу мәдениетін арттыру жөніндегі тапсырма­ларын жүзеге асыру үшін қажырлы еңбек етті. Оның бұл еңбектері өзіне лайық бағасын алып, Мағзам Қасымов «Құрмет», «Парасат» орден­де­рімен және көптеген медальдармен марапатталды.

Мағзам Есенгелдіұлының отбасы – ын­ты­мағы жарасқан, өнегелі жандар. Жұбайы Әлия Салғарақызы инженер-химик, техника ғылымдарының кандидаты. Ұлдары Сұлтан мен Ерлан, келіні Әмина да өзі сияқты білімді және өте еңбекқор азаматтар. Альфия және Кәмила есімді немерелері де бар. Жұбайы екеуінің бүгінгі көз қуаныштары да сол балапандар. Зейнетке шықса да жұмыстан қоз үзбеген М.Қасымов бүгінде «Нұр Отан» партиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңесі төрағасының орынбасары, Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттіктің әдеп жөніндегі комиссиясының мүшесі, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мен көлік жә­не коммуникация институтының тәуелсіз ди­ректоры, Ақпараттандыру халықаралық академиясының академигі, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің құрметті профессоры, Қазақстан Республикасы Волейбол федерациясының бірінші вице-президенті ретінде олардың жұмыстарына белсене араласып келеді.

Николай КОЛИНКО