Аймақтар • 17 Сәуір, 2017

Қоғамдық санаға қозғау салды

182 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына орай Шығыс Қазақстан облысы активінің жиыны өтіп, өңірдегі ұйымдар мен әр саланың өкілдері қоғамдық санаға қозғау салған стратегиялық құжаттың мән-маңызы жөнінде ой-пікірлерін білдірді.

Қоғамдық санаға қозғау салды

«Мемлекет басшысының бұл мақаласы – ұлттық сананы жаңғырту жобасы және Қазақстан қоғамын дамытудың идеологиялық негізі. Сондықтан, оны жете түсініп, негізгі міндеттерді іске асыруға үлес қосу әрбір ел азаматының қасиетті парызы болуы тиіс»,  деді жиында ең алдымен сөз алған облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсүпова.

Баяндамашы мақалада білім саласына айрықша көңіл бөлінгенін, бүгінде 91 шығысқазақстандық жас шет елдің 11 беделді оқу орындарында «Болашақ» бағдар­ла­ма­сымен білім алып жатқанын, өңірдегі 8 жоғ­а­­-

ры оқу орны мен 82 колледжде 62 мың жас­тың оқып жүргенін атап өтті. Өңірде мәдениет саласына да ерекше мән беріліп, былтыр аймақтағы бес бірдей тарихи орынға әлемнің үздік археолог ғалымдарының қатысуымен қазба жұмыстары жүргізілгенін, Катонқарағай ауданындағы Берел жазығында аспан асты мұражайы ашылғанын, бұл ба­ғыт­тағы жұмыстардың биыл да жалғасын та­батынын жеткізді.

Әсем Нүсүпова Елбасы мақаласында атап өтіл­ген «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асы­руға шығыс жұртшылығының белсене қа­тысатынына сенім білдіріп, өңірдің бұл та­рап­та өз тәжірибесі, өз үлгісі бар екендігіне тоқ­талды.

«Шығыс Қазақстанда бірнеше жылдан бері «Туған жерге тағзым» акциясы жүзеге асырылып келеді. Акция аясында осы өңірден қанат қаққан кәсіпкер, меценат азаматтардың көмегімен құны 25 миллиард теңгені құрайтын 4 мыңға жуық жоба іске асырылды. Мектеп, балабақшалар, спорт кешендері салынды», деді облыс әкімінің орынбасары.

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әнуарбек Мұхтарханов Елбасының мақаласы көзі қарақты, көкірегі ояу жұртты бейжай қалдырмайтынын, ұлтымыздың құндылықтарын көзіміздің қарашығындай сақтауға шақыратынын тілге тиек етті.

«Мақалада прагматизм мәселесіне ерекше көңіл бөлінген. Қанымызға сіңген көптеген дағдылар мен таптаурын болған қасаң қағидаларды өзгертпейінше, біздің толыққанды жаңғыруымыз мүмкін емес деп анық айтты. Президент еліміздің эво­лю­циялық дамуы, ұлттық бірыңғай тұтастық, бі­­лім беру салаларын қамтитын ру­­хани жа­ңа­ру жолын ұсынды», деді ол.

Бұдан кейін сөз алған Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Лео Шик: «Жұрт­­шы­лық жылы қабылдап жатыр. Алайда, ал­ды­мызда үлкен міндет тұрғанын ұмы­т­пайық. Елбасы мақаласында жүктелген мін­­деттерді өңірдің әрбір тұрғынына жет­кі­зуге тиіспіз»,  деді.

Облыстық мәслихаттың депутаты Риза Молдашева Мемлекет басшысы сөз еткен «Туған жер» бағдарламасының мәні терең екендігін, жастарды патриоттық рухта тәр­би­елеуге ерекше үлес қосатынын атап өтіп, журналистер қауымына да артылар жау­апк­ершілік жүгі салмақты екендігін жеткізді.

Жиын соңында сөз сөйлеген Семейдегі электртехникалық колледжінің директоры Азат Сарпеков шығысқазақстандық жас­тардың Президент мақаласын зор ықы­ласпен қабылдағанын, әсіресе, «Жаңа гу­манитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы замандастарының ерекше қызығушылығын туғызып отырғанын айтты.

Азамат Қасым,

«Егемен Қазақстан»

Өскемен