29 Сәуір, 2011

Бірлескеннің берері көп

384 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін
Бүгінгі таңда елімізде есірткіге қарсы мемлекеттік саясатты жүргізу одан әрі жалғасын табуда. Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2009-2010 жылдарға арналған бағдарла­масы іске асып жатыр. Бұл орайда аталған бағ­дарламаның бір ерекшелігі оған қомақты қаржы яғни республикалық бюджеттен 38 млрд. теңге бөлінді. Демек, мол қаржы бөлінген соң, көп жұ­мыс та атқарылуы қажет. Ендеше бұл салада осы кезге дейін не тындырылғанын білу үшін ІІМ Есірт­кі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айна­лымын бақылау комитеті төрағасының орынба­сары Ардақ ЕРСЕЙІТОВКЕ жолығып, әңгіме­лес­кен едік. – Ардақ Жайда­қ­ұлы, 2004-2005 және 2006-2008 жылдарға ар­­налған наша­қор­лы­қ­­қа және есірткі бизнесіне қарсы күрес бағ­дар­ла­маларын қаржы­ланды­руға небәрі 1,3 және 2,9 млрд. теңге жұм­салған екен. Ал жо­ғарыда атал­ған бағ­дарламаға қомақты қар­жы бөлін­ді. Бұл орайда қандай ауыз толтырып айтар­лық­тай жұмыстар ат­қа­­рыл­ды? – Бағдарлама есірткі трафигін бақылайтын ұй­ымдасқан қылмыстық топ­тардың іс-әрекетінің, елі­міз­­дің оңтүстік бөлі­гінде таралған есірткі сатудың жолын кесуге, сондай-ақ наша­қорлық­тың алдын алу, есірткіге тәуелді адам­дарды емдеу және оңал­тудың тиімділігін арттыру­ға ба­ғыт­талған. Соған орай 2010 жылы еліміздің ау­мағында 8 мың 800 есірт­­кі қылмысы, оның ішінде 2 мың 600 есірткі сату және 242 контрабанда дерегі анықталды. Заңсыз айналымнан 28,5 тоннаға жуық есірткі, оның ішінде 323 кг. героин алынды. Қабылданған іс-ша­ра­лар нәтижесінде есірт­­­­­­­кі құралдары, пси­хотроп­тық және токсиндік зат­тарды тұтыну­шылардың саны жыл сайын азаюда, 2010 жылы есірткі тұ­тыну­шы­лардың жалпы са­ны шамамен 8 пайызға, оның ішінде кәмелетке толмағандар 20 пайызға азайды. Ішкі істер ор­гандары 51 есірткі қыл­мысын жасаған 10 ұй­ымдасқан қылмыстық топ­ты жойды. Сөйтіп, есірт­кі қылмысына бай­ла­ныс­ты 242 қылмыс нақ­ты анықталды. Ал елі­міз аумағы арқылы өтетін есірткі транзиті арналарын жабу шара­ла­рын қарау мәселесі 2010 жылы Үкімет оты­рыс­тарында бірнеше мәр­те талқыланды. Жалпы барлығы 28 есірткі ұясы жойылды. Көңіл көтеру орында­рын­да есірткі тарату жә­не тұтыну дерегінің жо­лын кесуге нақты шаралар қабылдануда. Жедел және рейдтік іс-әрекет­тердің барысында осын­дай 29 дерек анықталып, олар бойынша 15 қыл­мыстық іс, оның 5-еуі есірткі сатқаны үшін қоз­ғалды. Әкімшілік жауапкершілікке 4 көңіл көтеру орындарының қо­жайын­дары тартылды. Қазақ­стан аумағында есірткі қылмысы үшін ұсталған шетелдік азаматтардың саны да азая түсті. – Шеттен әкелінетін есірткі заттары немен тасымалданады? – Есірткі тасы­малдау­шылар барлық көлік құ­ралдарын пайдаланады. Тә­жірибе көрсеткендей, есірткінің 90 пайызы автомобиль және темір жол көліктерімен жеткізіледі. Олар есірткіні түрлі тауар арасына, автомобиль жә­не темір жол көліктерінің бос жерлеріне және осы мақсатқа деп арнайы жаб­дықталған орындарға жа­сырады. – Құқық қорғау ор­гандары есірткі қыл­мы­сын төмендету, ха­лық­тың нашақорлыққа тар­тылу санын азайту ба­ғы­тында не істеп жа­тыр? – Бұл бағыт бойынша кешенді шаралар қабыл­дануда. Осы мақсатта «До­пинг», «Кендір», «Ар­на» жедел-алдын алу іс-шара­лары өткізілді. Оған қоса нашақорлық­тың алдын алу бойынша жұмыстар жалға­суда. 2010 жылдың 12 айы ішінде 9,3 мың сауық­тыру сипаттағы іс-шара­лар, оның ішінде 509 шара, 415 семинар, 5991 дәріс және кездесу, 541 дөңгелек үстел, 778 спорт­тық жарыстар және турнирлер өткізілді. – Есірткі саудасымен күрес барысында ха­лық­аралық ынты­мақ­тас­тық­­ты кеңейтуде қан­дай амалдар қарас­ты­ры­ла­ды? – Ұжымдық қауіпсіз­дік және Шанхай Ынты­мақтастық Ұйымы шең­бе­рінде Ауғанстан аума­ғын­да есірткіге қарсы бел­деу қалыптастыруды жандан­дыру қажет деп есептейміз. Ауғанс­танда­ғы жағ­дай­ды тұрақтан­дыру жә­не қалпына келтіруге кө­мек көрсету ЕҚЫҰ-ға елі­міздің төр­ағалық етуі кезінде ба­сым бағыттар­дың бірі болды. Қазақ­стан 2007 жылы БҰҰ-ның бас­тама­сымен өткі­зіл­ген жә­не Ауғанстанда прекур­сор­лардың алдын алуға ба­ғытталған «Тарсет» опе­­­ра­ция­сына белсенді қа­­тыс­ты. Ал мүд­делі мемлекеттермен диа­лог­ты ке­ңейтудің басты қадамы Алматы қа­ласын­да құ­рыл­ған Орта­лық Азия­лық ақпараттық үй­лес­тіру ор­талығының жұ­мы­сы бо­лып табылады. Ауғанс­танға көмек көр­се­ту бо­йынша Қазақ­станда ар­найы үйметтік бағдар­ла­ма қабылданды. Онда елді қалпына келтіру бо­йынша бірқатар жо­балар­ды іске асыруға бір­шама қара­жаттар бөлу көздел­ген. – Елбасымыз есірткі бизнесіне қарсы күресті республикамыздың барлық құқық қорғау жүйесі үшін басым мін­деттердің бірі деп атап көрсетті. – Құқық қорғау орган­дары қабылдап жатқан шаралар сондай-ақ есірткіге қарсы заңнаманы кү­шейту және миграция­лық ағымды төмендету 2010 жылы есірткі контрабан­дасының мөлшерін, әсі­ре­се, героиннің мөлшерін қысқартты. Еліміздің шекара аумағында және ел ішінде іс-шараларды үй­лес­тіру кезінде ірі кө­лемде есірткі өткізушілер және ұйымдасқан қыл­мыс­тық топтар жойылды, бұл елімізге есірткінің келуін шектеуге мүмкіндік туғызды. Нәтижесінде есірт­кіге тәуелділердің бар­лық жас санатының арасында өсу саны тоқ­тады. Есірткіні шамадан тыс тұтынып қайтыс бол­ғандар санының да тө­мен­дегенін байқауға бо­лады. Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп есірткі бизнесіне қарсы күрес бойынша бағалау критерийлерін одан ары қайта қарау бойынша мақ­сатты бағытталған жұ­мыстар жүргізілуде. – Үстіміздегі жылғы жағдай қандай? – Осы жылы есірткі қыл­мысын анықтау және жолын кесу бойынша жұ­мыстар үзбей жалғасуда. Жыл басынан бастап республика бойынша 1326 есірткі қылмысы тіркелді, оның 734 фактісі есірт­кі өткізу және 21-і контрабанда дерегі. 993 кг. есірткі оның ішінде 50 кг. героин алынды. Қыл­мыстық топтардың есірткіні тұтыну үшін притон ұстаған 11 дерегі анық­тал­ды. – Ұсталғандар ту­ралы нақты мысалдар келтір­сеңіз екен? – Мәселен, үстіміздегі жылы ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқар­масы Қарағанды облысы бойынша ҰҚКД бірлесіп Саран тас жолының Бұ­хар жырау даңғылымен қиылысында 41 жастағы жергілікті тұрғын жүргі­зіп келе жатқан ВАЗ-21140 автокөлігін тоқта­тады. Оның жанындағы Солтүстік Қазақстан об­лы­сының тұрғыны 30 жас­тағы жолаушыдан сал­мағы 5 кг. 840 гр. героин табылып, тәркілен­ді. Сол сияқты Сайрам ауданының Жібек жолы кентінде ВАЗ – 2106 ав­токөліктегі 22 және 41 жас­тағы Өзбекстан аза­мат­тары мен 33 жастағы Қазақстан азаматынан сал­мағы 3 кг. 112 гр. героин табылып, тәркілен­ді. Ал Қостанай облысы­ның Құсмұрын станса­сын­да ЖІІБ-нің қызмет­керлері «Астана-Санкт-Петербург» бағыты бо­йын­ша пойызда Астана қа­ласының тұрғынынан 960 гр. гашиш тәркіледі, ол оны шекара арқылы Ресей Федерациясына өт­кіз­бек болған. – Есірткі қылмысына қарсы күрес тауқыметі шекаралық сипатқа ие, оған тек ынтымақтастық және халықаралық қо­ғамдастықтың үйлес­ті­ріл­ген тәжірибесі негі­зін­де бірлескен күш ар­қылы қарсы тұра ала­мыз. – Дұрыс айтасыз. Со­ған орай үстіміздегі жылы наурызда Қа­зақ­станның Шанхай Ын­тымақтастық Ұйы­мы­на төрағалық ету шең­берінде есірткінің заң­сыз айналымына қар­сы күрес бойынша өкі­леттік берілген ШЫҰ-ға мүше мем­ле­кет­тер­дің құзыретті ор­ганда­ры басшы­ла­ры­ның ке­ңе­сі өтті. ШЫҰ құқық қорғау қызметінде аса маңыз­ды аспектілер бо­йын­ша келісілген шешім қабылдауды қамта­ма­сыз етеді, өзара пай­далы ынтымақ­тас­тық­тың барлық кешенін дамытуға мүмкін­дік туғызады. Есірткі бизнесіне қар­сы іс-қимыл жасасу ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер ынтымақ­тасты­ғы­­ның өңірлік қауіпсіз­діктегі бір­­ден-бір бағы­ты болып табылады. Осы салада көп жақты бірқатар құ­жаттар, оның ішінде заң­сыз есірткі айна­лымына қарсы кү­рес­те ынтымақ­тастық ту­ралы келісім қабыл­дан­ды. Қазақстан осы ұйымның белсенді мү­ше­сі ретінде нашақор­лық­қа және есірткі бизнесіне қарсы күресте жүйелі шараларды қа­былдауда. Аталған ке­ңес­те 2011-2016 жыл­дарға арналған ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің есірткіге қарсы страте­гиясы тал­қы­ланды. Ол стратегия ұйым кеңіс­ті­гінде заңсыз есірткі ай­на­лымына қар­сы іс-қимыл жасасу, на­шақор­лықтың алдын алу, есірт­кіге тәуелді адам­дар­ды емдеу және оңал­ту жүйесін жетілдіру бо­йынша бағыттарды анық­тайды. Есірткіге қар­сы стратегия шеңбе­рінде ШЫҰ-ға мүше мемлекет­тердің бірлескен күші есірткінің және олардың преку­рсорла­ры­ның заң­сыз айналы­мына қарсы күрестің тиімді нысаны болып та­былады. – Әңгімеңізге рахмет! Әңгімелескен Александр ТАСБОЛАТОВ.