Қазақстан • 02 Мамыр, 2017

Үшінші жаңғырудың негізі

118 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет бас­­шы­сының «Бо­ла­шақ­қа бағдар: руха­ни жаңғыру» ат­ты мақ­аласы Қазақ­стан­ның саяси реформасы мен экономикасын жаңғыртуда зор ма­ңыз­ға ие. Әсіресе, мә­де­ниет пен өнердің да­му мәселелеріне назар ау­дару арқылы қоғамдық сананы жаңғырту процесін үдете түсу жайын сөз етуі өте өзекті деп санаймын.

Үшінші жаңғырудың негізі

Ұлттық құндылықты ұлықтауға үндейтін мақалада руханиятты жаңғырту ісі немесе ел мә­дениеті мен өнерінің ерекшеліктерін сақ­тау мәселелері саяси-экономикалық жаң­­­ғыр­­тумен шектелмейтіндігі нақты ай­тыл­ған.

Мемлекет басшысының мақаласынан мен еліміздің осы кезге дейінгі жүріп өткен тарихи жолы мен жетістіктер кезеңіне қатысты құндылықтарды көздің қарашығындай сақтауға шақырғанын көремін. Алайда, осы тарихымызды тереңнен танып-білу барысында берідегі жетістіктерімізді, мәдениетіміз бен өнерімізге талантты адамдары мен үздік туындыларын берген кеңестік кезеңді ұмыт қалдыруымызға болмайды. Себебі, бүгінгі керемет суретшілеріміз бен музыканттарымыз, ақындарымыз, жұртшылықтың көңілінен шыққан көптеген  ғажап туындыларымыз өзінің бастауын сол кезеңнен алады.

Сондай-ақ, өнер мен мәдениет қай­рат­керлерінің заманауи талапқа сай дамуы, олардың суреткерлік, музыкалық, әдеби білімдері тереңдетіліп, өнер мен мә­дениет саласын мемлекет тарапынан қол­дау­дың күшейтілуі – Қазақстанның Үшінші жаң­ғы­руының негізі болып табылатынын қа­пе­рімізден шығармауымыз керек.

Әсия ХАЙРУЛЛИНА,

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, «Әйелдердің шығармашылық бастамасы лигасы» ҚБ басқармасының төрайымы