Медицина • 02 Мамыр, 2017

Біртұтас ұлт болашағы жолында

368 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында халқымыздың ұлттық санасына егжей-тегжейлі талдау жасап, қазіргі заманның сын-қатерлерін ескере отырып, оны әрі қарай же­тіл­дірудің нақты жолдарын көр­сетті.

Біртұтас ұлт болашағы жолында

Президент Н.Назарбаев осы жолы да «Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі дамыған отыз елдің қатарына қосылу» екендігін атап өтті. Бұл мақсат эко­номикалық жағынан болсын, ру­хани бағытта болсын, еліміздің барлық сала бойынша қарқынды дамуын көздейді. Елбасының Қазақстан халқына қаңтар айындағы Жолдауында айтылғандай, жаңғыру үдерістерінде, ең алдымен, біздің санамыз ісімізден озық жүруі тиіс екенін түсінуіміз қажет. Тек осы жағдайда ғана мақсатымызға жетеміз, тек осы жағдайда ғана бүкіл әлем Қазақстанды экономикалық жағынан дамыған мемлекет қана емес, сондай-ақ өзінің қайталанбас мә­де­ниеті мен адамгершілік мұ­ра­сы бар рухани бай мемлекет ретінде танитын болады.  

Президентіміз «рухани даму – бір күндік емес, күрделі процесс» деп атап өткен болатын. Бұған Тәуелсіздігіміздің 25 жылында жүзеге асқан мемлекеттік бағдарламалар дәлел бола алады. Олар – Елбасы ерекше мән беріп отырған «Мәдени мұра», «Халық тарих толқынында» атты мемлекеттік стратегиялар.

Біз қазір жаңа жетістіктерге жету қарсаңында, қиын асуларды еңсеру кезеңінде тұрмыз. Ұлттық болмысымыз бен сана-сезімімізді сақтай отырып қана көптеген жетістіктерге жете алатынымыз сөзсіз. Сонда ғана бүкіл әлемнің бізді тарихы бай, мәдениетті, серпінді экономикасы, болашаққа деген биік мақсаты бар бірегей ұлт ретінде мойындайтынына кәміл сенемін.

Осыған орай, Президент Нұрсұлтан Назарбаев жақын арада жүзеге асырылуы тиіс нақты міндеттерді айқындап берді. Ондай міндеттердің қатарында бәсекеге қабілеттілікке талпыныс, іс-шаралар прагматизмі, ұлт бірегейлігін сақтау, жоғары білімділік мәселелерін атауға болады. Рухани жаңғыру жайын негізге ала отырып қана біз болашағы біртұтас ұлт бола аламыз.

Атсалим ИДИГОВ,

Алматы облыстық  

«Огни Алатау»

газетінің бас редакторы

ТАЛДЫҚОРҒАН