Кино • 02 Мамыр, 2017

Тағылымды кездесу

425 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әл-Фараби атындағы Қа­зақ Ұлттық уни­вер­ситетінің ха­лық­ара­лық қатынастар фа­куль­те­тінде дипло­ма­тия­лық аударма кафе­дра­сының аға оқыту­шы­лары Роза Рақымбаева мен Жібек Бимағамбетованың ұйым­дас­тыруымен қазіргі қазақ кинематографиясында өзіндік орны бар, белгілі режиссер Еркін Рақышев­пен тағылымы мол кездесу өтті.

Тағылымды кездесу

Жүрегі жұртына бұ­рып тұра­тын, ойы сергек сце­нарист-режис­сер сту­денттерді өзінің қор­­жы­нын­дағы кино туындыларымен таныстырып, оларды толғантқан сауалдарға жауап берді. Кездесу барысында қазіргі кино саласына­ қатысты ой-пайымдармен қа­тар­, өмірлік қағидалар аясында да әңгіме өрбіді. Сондай-ақ, та­рихқа көз жүгіртіп, ұлттық құн­ды­лық­­тарды, ұлттық болмысты сақ­тау жайлы, қазіргі заман­дағы жас­тар тәрбиесіне қа­тысты өзекті мәсе­лелер де тал­қыланып, кездесу кейіп­ке­рінен тұшымды жауап алды.

Сонымен қатар, режиссер ағай­лары алдағы шығармашылық жос­парымен де бөлісіп, студент­терді өзінің «Әйгерім», «Үмі­тің үзіл­ме­сін» сынды төл туын­дылары­мен таныстырды. Және де жақында экранға жол тартатын «Көкжалдар» фильмінен үзінділер көрсетті.

Тағылымды кездесу соңы мәде­ни шаралармен жалғасын тапты. Студенттер кездесудің маз­мұн­ды өтіп, өздері үшін өте әсерлі бол­ған­дығын айтып, риза­шы­лықтарын білдірді.

Алма МҰРТАЗА,

Асылай ИМАҒАМБЕТОВА

АЛМАТЫ