Білім • 02 Мамыр, 2017

Жаңа оқу жылынан бастап бірқатар пәндер музейде өтеді

124 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының "Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру" мақаласында көрсетілген мақсат-міндеттер аясында жаңа оқу жылынан бастап бірқатар пәндер музейлерде өткізіледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты.

Жаңа оқу жылынан бастап бірқатар пәндер музейде өтеді

"География, дүниетану және Қазақстан тариxы сабақтарын кемінде екі сағаттан музейлерде, жоғары оқу орындарының музейлері мен ғылыми институттарында өткізуді жоспарлап отырмыз. Әрине, бұл іс-шаралар тек қана жағдайы бар жерлерде өткізеледі. Дегенмен, Қазақстанның музейлері күзге дейін дайын болуы керек. Соның ішінде оқушылар отыратын орындарды дайындап, музейлерді қажетті теxникалық құралдар - проекторлар мен интерактивті тақталармен қамтасыз ету керек", деді министр.

Оның айтуынша, жоғары оқу орындарына қарасты зерттеу институттарының музейлерін министрлік дайындайды. Ал жергiлiктi әкiмдiктер музейлерге бару ақысын төлеу механизмiн дайындауы керек.

Министр бұл мәселе бойынша ЖОО музейлерiмен, облыс әкiмдiктерiмен, мәдениет министрлiгiмен, облыстық бiлiм және мәдениет басқармаларымен нақты механизмдер дайындалғанын айтты. Сонымен қатар бүгіннен бастап мәдениет және спорт министрлігімен тиісті кеңестер өткізілетін болады.