Үкімет • 02 Мамыр, 2017

Сағынтаев: Құдайды өз жүректеріңізден іздеңіздер

132 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

​«Діни тәрбие беруде әр адамның жүрегіне дейін жету қажет». Бүгін Үкімет отырысында дін саласындағы мемлекеттік саясаттың 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы талқыланды.

Сағынтаев: Құдайды өз жүректеріңізден іздеңіздер

Үкімет отырысы барысында Премьер-министр Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдерімен жақында өткен кездесуде жас буынның діни білімсіздігіне ерекше назар аударғанын атап өтті. Оның айтуынша,  бұл тұжырымдама қоғамдық сананың тұрақты және үйлесімді дамуына, эволюциялық жаңғыруына ықпал етуі керек.

«Біз діни салада дұрыс тәрбиелік және ағартушылық жұмыстар жүргізуде күш-жігерімізді аямауымыз керек. Халық даналығы: «Алланы өз жүректеріңізден іздеңіздер. Оны одан басқа еш жерден таба алмайсыздар», дейді. Сондықтан біздің мақсатымыз - әрбір адамның жүрегіне дейін жету», - деп атап өтті Сағынтаев. 

Үкімет басшысы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне өңірлермен бірлесіп, рухани-адамгершілік тәрбие мен қоғамда радикалдық діни идеяларды таратуға жол бермеу жөніндегі жұмыстарды жандандыру қажеттігін айтты.