14 Мамыр, 2011

«Бақытымды қазақ елінен таптым» дейді поляк қызы А.Ф.Ильина

518 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
Орал қаласындағы «Қаз­Арма­Пром» ЖШС құю це­хы­ның бастығы Анна Ильина­ның негізгі маман­дығы – металлург. Украинада туып-өскен. Вердичев мәшине жасау техникумын бітірген. 1985 жылы жолдамамен Қазақстанға келген. Ол Орал арматура зауытына өз мамандығына сәйкес құю цехының технологы болып орналасады. Біз 1 мамыр мерекесі қарсаңында оған жолығып, бірнеше сауал қойған едік. – Анна Францьевна, темір балқыту нәзік жанды әйел­дердің бітім-болмыстарымен үйлесе бермейтін әрі өте ауыр қол күшін қажет ететін іс қой. Өзге емес, дәл осы маман­дықты таңдауыңызға не себеп болды? – Балалық шағым Украина­дағы Житомир облысының Ка­менный Брод селосында өтті. Мен осы жерде мектеп бітіретін жылы «Весна на Заречной улице» деген кеңестік фильм жа­рық­қа шықты. Аталған кино­туын­дыға метал­лург­­тердің өмі­рі мен ты­ныс-тірші­лігі арқау болған-ды. Ба­лауса, өтпелі шақ­тағы жасөс­пірімнің жа­ны неге де болса еліктеп тұра­ты­ны та­биғи жәйт. Осы фильмді көр­­­ген­нен кейін жүре­гімді балқы­ған темірдің отты ұшқын­дары, дом­на пеші жанын­дағы балқы­ту­шы­лар­дың жарқын жүз­дері жаулап алды. Металлург болсам деген ой алғаш рет осы кезде келген еді. Мен көп балалы отбасында дүниеге келдім. Тағдырдың жа­зуымен үйелмелі-сүйелмелі ал­ты баланы анам бір өзі тәрбие­леп өсіріп шығарды. Сондықтан да, біз бәріміз ол кісінің үмітін ақ­тау­ға ұм­тылдық. Бір жағынан осы ма­мандықты таңдау арқы­лы анама ма­териалдық тұрғы­дан сал­мақ тү­сір­гім келмеді. Өйткені, сол кезде аталған ма­ман­дыққа оқитындарға 37 рубль шәкіртақы төленетін. – Өзіңіз басқаратын құю цехын­да 200-ге тарта адам ең­бек етеді екен. Оның 90 па­йыз­ға жуы­ғы ер-азаматтар көрі­не­ді. Ашы­ғын айтыңыз­шы, жара­ты­лы­сынан нәзіктік пен әдемі­ліктің символы санал­ған әйел затының ер адамдардан тұра­тын цехты басқаруы қиын­ға соқпай ма? – Бұл жөнінде ойланып көр­меппін. Әйтеуір, азаматтар мені кәсіби маман ретінде сыйлай­тынына, бұл тұрғыда айтқан ой-пікір, ұсыныстарымды жерде қал­дырмайтынына көзім әбден жеткен. У-шуы құлақты тұн­дыратын құю цехына кірген өзге кісінің басы айналуы мүмкін. Ал өз басым сол шуға әбден үйреніп кеткендіктен, дыбыстарды тың­дай жүріп, үлкен тетіктің қай жерінен ақау шығып тұрғанын тез айыра аламын. Содан соң дереу ер-аза­маттардан тұратын шеберлер мен техниктерге тығыз тап­сырма беремін де, ақаусыз өнді­ріс­ті шұ­ғыл жолға қоямыз. Мен мұндағы барлық еңбек саты­ларынан өттім. Сондықтан маған цехта еңбек етіп жүрген­дерге жөн сілтеу қиынға соқпай­ды. Затым әйел болға­ны­мен, қыз­мет кезінде жоғары талап қоя білетін мінезімді қарамағымда істейтіндер жақсы біледі. Өндіріс­тің аты – өндіріс. Ол көп жағ­дайда майдалап, жұмсақ сөйле­генді көтере бермейді. Қатты айтуға тура келетін сәт­тер де кездесіп тұрады. Оған бәрі де түсіністікпен қарауға дағдылан­ған. – «ҚазАрмаПром» ЖШС-нің жетекшісі Станислав Качало – жаңаны жатсынбайтын, өңірде­гі тәжірибелі өндіріс командир­лерінің бірі. Оның бастамасы­мен мұндағы өндіріс құрал­дарын жаңғырту қолға алын­ғанынан хабардармыз. Бұған не дейсіз? – Дұрыс айтасыз. Соңғы уақыт­та цехта көптеген өзгерістер болды. Соның бәрі көз алдымда өтіп келеді. Атап айтқанда, ұзақ жылдар бойы вагранкалар кокспен жағы­ла­тын. Қазір оған көгілдір отын пайдаланылады. Ол экономикалық тұрғыдан өте жо­ға­ры тиімділіктер әкелді. Шы­ғын аза­йып, жалақымыз жоғары­лады. Жа­­сыратыны жоқ, құю цехында істеу­ге екінің бірі шыдай бермейді. Өйт­кені, жылдың төрт мезгілінде вагранка жанын­дағы 40-50 градус ыстыққа тө­зім­ділік көрсету оңай емес. – Сіз соңғы бір-екі жыл ішінде отбасы жағдайы­мен Белоруссия мен Украинада болып қайт­қан екенсіз. Қазақ­станмен са­лыстыра қарағанда ол мемле­кеттердің бү­гінгі ты­ныс-тіршілігі мен ондағы ха­лық­тың әл-ауқаты жөнінде не айтар едіңіз? – Белоруссиядан бастайын. Олар­­­дың тауар айналымында рубль қол­да­нылады. Ал халық­аралық валюталар – доллар мен еуро өте тап­шы екені бай­қалады. Оны айыр­бас­тау үшін бе­ло­рус­сиялықтар ұзын-шұбақ кезекте тұрады. Қазақ­станда мұндай тап­шы­лық жоқ екені белгілі. Ал Ук­раина­дағы туыста­рым қа­зақ­­стан­дық­тардың өзге ел азамат­тарына қара­ғанда бірліктері бекем, әлдеқайда мейірбан, бауыр­мал, елгезек, қонақжай екендіктерін қайта-қайта тамсана айтудан танбады. Олар дұрыс байқаған. Бізде, Қа­зақ­станда араласып жүрген дос-жол­дас­тардың бірінің басына қайғы түссе, бәрі бірдей оны бөлісуге ұмтылады ғой. Сөйтіп, оған үлкен моральдық қолдау көрсетеді. Ма­териал­дық тұр­ғыдан да көмек береді. Ал тұтастай мемлекеттік ауқымда алсақ, осындай бауырмалдықтың басты бір мысалы өңірде орын алған кешегі тасқын су кезіндегі ауыз­бірлік дер едім. Біз­дің облыстың тұр­ғын­дарына барлық қазақ­стандық­тар көмек беруде. Ал менің туған жерімдегі ук­раиналықтар бірге отырып, шай ішпейтін болған. Қоршау шар­бақ­тан бір-біріне қарайды да, «сә­лем», десіп жүре береді. Камен­ный Брод селосындағы ер-азамат­тар әр тарапқа тарыдай шашылып, Польша мен Гер­маниядағы ірі қалаларға жұмыс іздеп кеткен. Киевте тұратын әпкем жалақысының 400 доллар екенін айтты. Үлкен қа­лада мұн­дай мардымсыз жал­ақымен қайтіп күн көреді? Сондай-ақ Украинада несие ала­мын десеңіз, банктердің па­йы­зы жо­ғары. Бізде Қазақстанда ниет қойған адамға жұмыс табы­лады. Тағы бір айтарым, мемлекетімізде тұрғын үй алуға қолайлы жағдай жасалған. Республикада ашылған Тұрғын үй құрылыс жи­нақ банкі арқылы 5 пайыздық өсіммен жаңа баспа­наға қол жеткізуге жол ашық. Украи­на­дағы бауырларым мұн­дай қолже­тім­ді жағдайға қатты қызығады. «Сіздер жұмақта тұ­ра­сыздар», дейді олар маған. Бұл айтқандары, әри­не, шын­дықтан қашық емес. Менің мақтанышым – Қа­зақ­стан. Қай кезде де мен оның жетістіктерімен мақтана ала­мын. Мен өз бақытымды Қазақ елінен тап­тым. Ұл-қыздарым да Қазақ­станға еш жер­ді теңей алмайды. Бүгінде мен не­мере-жиендер сү­йіп, олар­дың қы­зы­ғына тоймай жүрген бақытты әжемін. Сон­дай-ақ, қазақ жұр­тының әлемдік қоғам­­дастық мойындаған Н.­Ә.На­зар­баев­тай Көш­­бас­­шысын өсі­ріп, тәр­бие­леп шығарғаны өз алдына бір бөлек әңгіме. Біз, республи­када­ғы металлургтер қауым­дас­тығы Нұр­­сұл­­тан Әбішұлы­ның өз еңбек жо­лын домна пешінде темір балқы­ту­дан бас­таға­нын әркез лайықты мақ­таныш етіп жүреміз. Мемлекет басшысы біздің жаны­мызға соны­сымен де, сол ісімен де айрықша жақын көрінеді. – Шын көңілден, қазақ­стандық патриотизм көңіл-күйі ауанында ашы­лып айтқан әңгімеңіз үшін сізге көп рахмет. Әңгімелескен Темір ҚҰСАЙЫН. Орал.