19 Мамыр, 2011

«Брейк-данстың» берері

315 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Жаңаөзен қаласындағы әйгі­лі мұнайшы Рахмет Өтесінов атын­дағы Денешынықтыру-сауық­тыру кешенінде осы жылы шілде айында Кореяның Сеул қаласында өтетін «RIG» брейк-данс бо­йын­ша әлем чемпионатына ор­та­азия­лық халықаралық іріктеу турнирі аяқталды. Республикалық «Брейк-данс» федерациясының баста­ма­сын мұнайшылар ордасы Жа­ңаөзен қаласының әкімдігі қол­да­ған турнирге Қазақстанның барлық облыстары мен Астана, Ал­маты қалаларынан және Әзір­­байжан, Өзбекстан, Қыр­ғыз­­стан елдерінен 20 команда құра­мындағы 200-ге тарта спорт­­шы қатысты. Ал коман­да­лардың шеберліктері мен сан қырлы спорт­тық іс-қимыл­дары­на халықара­лық дә­ре­жедегі белгілі төрешілер Жапониядан И.Катсуюки, Ж.Сонг­­хо, Д.Сунквон, кореялық Ким Юнсу, ресейлік Д.Колокольников, қазақ­стандық М.Гусейнова қазылық етті. Соңғы жылдары әлемдік чемпионат дәрежесіне жеткен мұндай шара көпшілік­тің, әсі­ресе, жастардың өздерін барлық қырынан көрсете білулерімен белгілі бола бастапты. Ал оны­мен мұнайлы қаланың жас­тары алғашқылардың бірі болып танысуы құптарлық жағ­дай еді. Ол туралы Жаңаөзен қа­ласының әкімі Орақ Сарбө­пеев жастар­дың денсаулықтары мық­ты, бос уақыттары сала­мат­ты өмір салтына айналсын, жа­ңа достар тауып демалыс­тары жақсы өтсін деген оймен өткізіп отыр­мыз. Мұндай басқосу жас­тары­мызды өмірге, спортқа, өнер­ге деген жоғары сүйіспеншілікке тәр­биелеп, достық пен ынты­мақтас­тыққа шақыратын игі шара деп білетіндігін жеткізіп, жинал­ған­дарға сәттілік тіледі. Шындығында осы сала маман­дарының айтуынша, «Брейк-данс» жастардың жан-жақты азамат болуларына септігін тигізетін спорттың ерекше пайдалы түрі. Яғни, секіріп билеу, шалт, батыл да тез қимыл жасау арқылы жас балалар денелерін шынықтырып, шымыр болуларымен қатар сезімтал, сергек, жан-жақты, жігерлі болып, ширақтылық танытады екен. Сондай спорттың бұл түрі­мен айналысқандар білімге құш­тар, еңбекке ынталы болумен қа­тар, «темірдей тәртіпті» бол­ған­ды да қалайтындықтарын көрсетіпті. Осы пікірді «Брейк-данс» респуб­ликалық федера­ция­сының жетекшісі, белгілі хореограф-балет­мейс­тер, гимнастикадан спорт шеберлігіне кандидат Мария Гусейнова өз тәжірибесі арқылы толықтыра түсті. Осы айтылғандарға іріктеу турниріне қатысушылардың ең кішкентайы 8 жастағы ақтау­лық мектеп оқушысы Руслан Амангелді, 24 жастағы алматы­лық аудитор Азамат Исахановтармен әңгі­мелерінде анық аң­ғара түстік. Олай дейтініміз, Руслан осы үйір­меге қатысқалы сабағымды жақ­сы оқимын, бұ­рынғыдай қат­ты шаршамай ата-анама да қолғабыс тигіземін десе, Азамат Исаханов жеті жыл­дан бері спорт­тың осы түрімен айна­лысқалы ауру-сырқауды ұмыт­­тым, жұмысым да жеңіл әрі жемісті, ал бұрын мені бос жүру шаршататын еді. Яғни, осы спорт маған қуат берді. Соған көпшіліктің көзін жеткізу үшін әдейі үйірме құрып, оған он бала қабылдадым. Аптасына үш күн жиналамыз, қазір оларға да, өзіме де көңілім толады дегенді айтты. Осындай пікірді астана­лық Тұмар Құрақ­паев, жаңа­өзен­дік Сағындық Мыр­забаев, атыраулық мектеп оқу­шысы Сай­ран Қайрат және басқа­лар­дан естідік. Олармен жарты күн­дей бірге болып өнер­­лерін тамашалағанда таң­ға­лар­лық тұс­­тар да көп болды. Бәрі де сиқыр­шылар сияқты көрінді. Бәрі де жайдары, бәрі де ширақ, шарша­ғандары сезілмеді. Ал бір-біріне деген қа­рым-қатынас, ықылас-ілти­пат­тары аң­дап қара­ған адам­ға қызық­қандай әсер қал­дырды. Жалпы, мұндай спорт жас­тар­дың жан-жақты тәрбие алып, шыны­ғуы­на, елімізде са­ла­мат­ты өмір салтын қалыптас­тыруға септігін тигізетіндігін бай­қап білдік. Ал осын­дай игі ша­раның жастар қаласы, мұ­най­шылар ордасында өткі­зілуі өте орын­ды да пай­далы бол­ды десек қателеспейміз. Сөй­­тіп, екі күн­дік сайыс аяқ­тал­ды. Оның қо­рытын­дысы бойынша коман­да­лық есеп­тегі бірінші орынды Ас­тана қаласының, екінші орын Батыс Қазақстан облы­сы­ның ко­мандалары алып, үшін­ші орын­ды Шымкент, Риддер қалалары мен Павлодар, Қос­та­най облы­сының өкілдері бөлісті. Жоламан БОШАЛАҚ, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы.