21 Мамыр, 2011

Аспандағы «Санавиация», жердегі «Жедел жәрдем»

490 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
Елбасы осы жылғы халыққа Жолдауында көліктік медицина мәселесіне ерекше тоқталып еді. Оның ішінде мамандан­ды­рыл­ған емдеу-диагностикалық по­йы­з­да­ры­ның өз жұмысын баста­ғанын мәлімдеп, жылжымалы ме­­ди­ци­на­лық автокешендерді са­тып алуды осы жылы аяқтау­ды, сондай-ақ са­нитарлық авиация мұқтаждығы үшін 2015 жылға дейін 16 тікұшақ сатып алуды Үкіметке тікелей мін­­деттеген болатын. Ал енді кө­лі­ктік медицина дегеніміз не? Бұл не үшін қажет деген сұрақтар өз-өзінен көлденеңдейді. Құдай бетін аулақ қылсын дейміз ғой, бірақ ел іші болған соң жол бо­йын­да неше түрлі апатты жағ­дай­лар орын алып жататыны бар. Тіпті кейбір ауыл­дарда тұтас төтенше жағдай жа­рия­лануы мүмкін. Сон­дайда әлгі аталған тікұшақ­тар­дың кө­ме­гі ти­мек. Зардап шеккендерді шұ­ғыл ауруханаға немесе зарар­сыз жерлерге жеткізуде тікұшақ­тың жыл­дам­дығына сүйенетін бо­ла­мыз. Сон­дай-ақ, жол апатына ұшы­раған жандар­ға реанимобил деп атала­тын кө­ліктер де шыға­рыла бас­та­ды. Бі­рақ бұның бас­қаша төтенше жағ­дайларға қаты­сы жоқ. Тағы бір мәселе бар. Шал­ғай ауыл­дар­дағы халыққа тегін әрі сапа­лы медици­налық қыз­мет көр­сету әлі де болса жолға қойыл­май келеді. Жасырып керегі не, кейбір облыстардың шалғай ауыл­дарында не амбулатория, не фельдшерлік-акушерлік пункт, не ме­ди­циналық пункт жұ­мыс істемейтінін көзіміз көріп жүр. Тіпті жұмыс істеген күнде де ондағы ма­мандар саны шектеулі болған­дықтан, ауыл тұрғындары ауданға, облыс орталығына ба­ру­ға мәжбүр. Емделу тегін бол­ған­мен, жол қаражаты, дәрі-дәр­мек сатып алу ауыл тұрғын­да­ры­на оңай емес. Оның сыртында қағазбастылық мәселесі тағы бар. Ат арытып барғанда бір қа­ғазың дұрыс болмаса, қайтадан кері қайтасың. Енді осы олқы­лық­тардың орнын тол­тыру үшін арнайы маманда­н­ды­рылған ем­деу-диагностикалық по­йыздары ауыл аралап, тұрғын­дарға меди­ци­налық көмек көрсете баста­ды. Одан бөлек жылжымалы меди­ци­налық кешендер сатып алы­ну­­да. Былтыр ғана 11 жыл­жы­малы ме­дициналық кешен сатып алын­са, биыл 39 медициналық кешен сатып алыну жоспарлануда. Сонда жылы­на 1,5-2 миллион адам осы мобильді медицинаның ар­қа­сында тегін емделетін болады. Айналып келгенде көліктік медицина дегеніңіз – шал­ғай ауыл­дардағы тұрғындар мен жол апа­тына ұшы­раған науқас­тарға, тө­тен­ше жа­ғ­дай­ларға душар бол­ған бұқараға медициналық кө­мек­тің са­палылығы мен қол­жетім­ді­лі­гін арт­тыруға ба­ғыт­­тал­ған үлкен жоба. Енді осы жобаны іске асыру Денсаулық сақтау, Төтенше жағ­дай­лар министрліктеріне, және «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамына жүктеліп отыр. Осы көліктік медицина туралы жан-жақты мәлімет іздестіру ба­рысында Төтенше жағдайлар ви­це-министрі Жанболат Смайлов­қа сауал жолдағанбыз. Ондағы мақса­ты­мыз – тікұшақтар мен емдеу-диагностикалық пойыз­дары жа­йын­да халықты кеңірек хабардар ету болатын. 16 тікұ­шақты сатып алу 2015 жылға дейін жоспар­ланғандықтан, әзірге бұл мәселе «Вёртолеты России» акционерлік қоғамы мен «Казахстан Инжиниринг» акционерлік қоғамы ара­сын­да талқыланып жат­қан жайы бар екен. Сани­тар­лық тікұшақ­тар­дың бағасы олар­дың түріне қарай 1,5-2,2 мил­лиард теңге аралы­ғын­да болмақ. Бұл тікұшақтарды Астана, Алматы, Атырау, Қызыл­орда, Қостанай, Өскемен қала­ла­ры­на орналастыру жоспарланған. Ал пойыздардың жағдайына келер болсақ, «Денсаулық» және «Жәр­­дем» атты бұл пойыздар жұ­мы­сын былтыр ғана бас­тап­ты. Әр­қайсысында жеті вагоннан бар. Медициналық вагондар облыстық емханалар деңгейінде осы заман­ғы медициналық технологиямен жаб­дық­талған. Бұл өз кезегінде шалғай ауылдар­дағы тұрғын­дар­дың УДЗ-ға тү­суі­не, шағын опера­циялық, сто­ма­тологиялық көмек­тер алуына, басқа салалық дәрі­гер­лерге көрі­ніп, ежелгі болмаса жаңа бас­тал­ған сырқат­тарын емдетеді. По­йыз­дардың әрқайсысында 18 медицина ма­ма­ны жұмыс істейді екен. Тұр­ғындар медициналық кө­мекті де, дәріні де тегін алады. Бұл үшін Денсаулық сақтау ми­нистр­лігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті қаржы жұмсап отыр. Сон­дай-ақ, негізгі шығын­ды, яғни по­йыздарға қаржыны «Қазақ­стан темір жолы» ұлттық компа­ния­сы» акционерлік қоға­мы мен басқа да ірілі-ұсақты ком­паниялар бөлген. «Денсау­лық» пойызы 2010 жылы Қа­­ра­ғанды, Шығыс Қазақ­стан, Пав­­лодар, Қостанай және Ақмола об­лыстарының станса­лары мен разъездерінде 23283 кісіге жәр­дем көрсеткен болса, осы жыл­дан бастап оңтүстік аймақтың, яғни Қы­зыл­орда, Оңтүстік Қа­зақ­стан, Жам­­был және Алматы об­лы­сының хал­қына қызмет көр­се­туде. Аталған об­лыстар бо­йынша 141855 адам көрі­нуге келсе, оның ішінде 94262 кісі диагностикалық зерттеуден өтіп, 132 кісіге шағын амбу­ла­то­риялық операция жасал­ған. Дәл қазіргі таң­да бұл пойыз Алматы об­лысында жүр. Ал, «Жәр­­дем» по­йы­зы Маң­ғыстау, Атырау, Ақтөбе және Батыс Қа­зақ­стан облыстарын аралап, 15129 науқасқа жәрдем көрсеткен. Айта кетейік, бұл пойыздар 2010 жылдың қорытындысы бо­йын­ша «Жыл таңдауы» ұлттық байқауының «Қазақстандағы №1 әлеуметтік-жауапкершілікті жоба» номина­ция­сы бойынша, сондай-ақ «Парыз» байқауының «Жылдың үздік әлеу­меттік жобасы» номинациясы бо­йын­ша жеңімпаз ретінде танылды. Жылжымалы медициналық кешендерге қатысты айтарымыз, бұл әзірге Астана мен Алматы қала­ларын, Солтүстік Қазақ­стан, Қос­та­най, Қызылорда об­лыстарын қос­па­ғанда, еліміздің 11 облысына қо­йыл­ды. Кешен­нің 6 кабинеті, оған қоса бір аптекалық пункті бар. Бұл да шалғай ауылдарды аралап, х­а­лыққа тегін қызмет көрсетеді. Әңгіменің басында реанимобил туралы баяндағанбыз. Бұлар тек қана жол-көлік оқиғасы орын алған кезде ғана көмекке жетеді. Сондық­тан еліміздегі ең бір қауіпті авто­жол­дардың ма­ңы­на орналас­қан. Ішкі істер ми­нистрлігінің анықтауы бойын­ша, еліміздегі ең бір қауіпті автожолдар: Астана-Бурабай авто­жолының 12-ші километрінен 220-шы километріне дейінгі аралық, Алматы-Өс­кемен автожолындағы 67 километрге созылатын Қапшағай қаласы, Ал­маты-Ташкент авто­жо­лы­ның Т.Рыс­құлов ауданы терри­ториясы, Екате­ринбург-Алматы ав­то­жолының Осакаров ауданы мен Шет ауданы тер­риториялары, сон­дай-ақ, Сама­ра-Шымкент автожо­лын­дағы Орда­ба­сы ауданының тер­риториясы. Үкі­мет аталған бес қауіп­ті аймақ пен осы жолдардың маңындағы жеті ден­саулық сақтау мекемесі үшін 7 реанимобил, сон­дай-ақ әрбір облыс­қа бір-бірден есептегенде 14, рес­публикалық ма­ңызы бар қалаларға 4, елордаға 3, жал­­пы жиыны 28 реанимобилді жұ­мысқа жегуді жоспарлап отыр. Бұл көліктерді сатып алу үшін 840 миллион теңге қарас­тырылған болса, осы күні соның 14-і сатып алы­ныпты. Көліктік медицинаның халыққа қызмет етуі үшін Үкімет тиісті жерлерге тапсырманы беріп, қауырт жұ­мыс істеуде. Жоғарыдағы көр­сет­­кіш­тер соның нәтижесі. Бірақ, «ба­ла­панды күзде санайды» демекші, түп­кілікті нәтиже, яғни шалғай­дағы ауыл халқының денсаулығы мен апат­­қа ұшыраған тұрғын­дар­дың аман­­дық-саулығы туралы ай­ты­латын әңгіме әлі алда болмақ. Айгүл СЕЙІЛОВА.