Венгрияның елордадағы мәдениет күндерінің нақыштары алуан кестелілігімен кеңістікке жетелейді
Венгрия дегеннен гөрі «Хунгария» деген атау бауырлас қос халықтың ежелден бір-бірімен тамырлас, түбірлес халықтар екенін нақтылайтын тарихи деректерге бастайды. Белгілі венгр ғалымы Бенко Михай «Торғай мадьярлары» деп аталатын монографиясында «Хунгария» деп өзінің түбір аты айғақтап тұрғандай, бұл атау «ғұннан» шыққан сөз десе, қос халықтың әпсана-аңыздарында да олардың бауырластығына бұлтартпас негіздер жеткілікті көрінеді. Солардың бірі – күні бүгінге дейін ел арасында жиі айтылатын Мадияр мен Ходияр туралы аңыз. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде қазақ-венгр ғалымдарының қатысуымен өтетін «дөңгелек үстелде» осындай тарихи-мәдени тамырластыққа қатысты тың ойлар ортаға салынады деп күтілуде. Бір қызығы – венгрдің төрт тарихшы-ғалымының екеуі өз сөздерін қазақ тілінде баяндауға бел байлап келгендігі.
Әйгілі түркітанушы Мандоки Қоңыр Иштван 1977 жылы Қазақ даласына табан тірегенде, өзінен бұрын қазақтар мен венгрлердің генетикалық байланысына тереңдеп енген ғалым Тибор Тоттың ізін жалғастырып, түркі халықтарының тарихын, олардың венгрлермен туыстық тұсын зерттейді. Қазақ, қырғыз, татар тілдерін жақсы білген ғалымның сүйген жары қазақ қызы болғандығы Иштван рухына сүйіспеншілікті арттырса, оның денесінің Қазақ даласында мәңгі дамылдап жатуы ғалым аруағына ерекше сезім тудырады. Тағы бір антрополог-ғалым қазақтың мадиярлары мен Дунай мажарларына генетикалық жағынан зерттеу жүргізгенде олардың өте жақын болып шыққанын біліп жатырмыз.
Венгрияның Астанадағы күндері Қазақстанның халық әртісі Айман Мұсақожаева мен венгрдің белгілі скрипкашысы Граф Муржаның бірлесіп өткізген өнер кешінен бастау алып, әлем классикасының жауһарлары жаңғырды. Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен әйгілі венгр композиторы, пианисші, дирижер, қоғам қайраткері Ференц Листің 200 жылдық мерекесіне арналған шаралар алуан сипатта өріліп, Астана, Алматы мен Орал қалаларында композитор шығармаларынан концерттік бағдарламалар ұсынылған, венгр фильмдерінің көрсетілімі өткен. Енді, міне, бауырлас қос халықтың рухани жақындастығын тереңдететін мәдени көпір қайта жаңғырып, халықаралық байқаулардың лауреаты Граф Муржаның Астана қаласы симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен орындаған Эрне Дохнанидің концерті көпшілік тарапынан жылы қабылданды. Екінші бөлімде Айман Мұсақожаева Брамстың «Венгр биін» шабыттана ойнап, үшінші бөлім қос скрипкашының шеберлік өнерін әйгілеген әсерлі тұсқа айналды.
Мажар ағайындардың мәдениет күндері аясында мұнан өзге венгр асханасының фестивалі ұйымдастырылмақ. Мұны жұрт жадында қалар оюлы өрнектермен әспеттеуді Венгрияның Қазақстандағы елшілігі қолға алып отыр. Бұл үшін венгрдің белгілі аспазшысы, бүгінде Мәскеудегі мейрамханалардың бірінде жұмыс істейтін Ласло Дори шақырылған. Мамырдың 24-29 аралығындағы Венгрия мәдениет күндерінің айшықты беттерін мажарлар туралы фото-сурет көрмелері толықтыра түспек. Өнер университетінде өтетін Граф Муржаның шеберлік-сыныбы студенттер үшін баға жетпес азық боларына күмәнсізбіз. Оқу шаңырағының «Шабыт» залында Граф Муржа (скрипка) мен Наталья Гусь (фортепиано) венгр композиторы Б.Бартоктың сонаттарын орындамақ. Бауырлас халық байлығынан қазақ рухына жақын дала сарынын сезгендей ғажап бір күй кешесіз.
Қарашаш ТОҚСАНБАЙ.
Суретте: белгілі венгр скрипкашысы Граф Муржа.
Суретті түсірген Орынбай БАЛМҰРАТ.

Грант, сыйлық, шәкіртақы: Дарынды жастардың дамуына жол ашатын бастамалар
Жастар • Бүгін, 18:44
Қарағандыда 10 жасар баланы тоқ соқты
Оқиға • Бүгін, 17:56
Қызылорда облысында жоғалып кеткен 6 жасар қыздың мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36
Астанада тағы бір көше ішінара жабылады
Елорда • Бүгін, 16:58
«Ролан Гаррос» турнирі: Данилина мен Крунич финалда жеңілді
Спорт • Бүгін, 16:40
Маңғыстау-Семей пойызының жолаушылары тарақандарға байланысты шағым жасады
Оқиға • Бүгін, 15:56
Тұтас бір аудан ішімдіктен бас тартты
Қоғам • Бүгін, 15:29
Қазақстанда кейбір интернет-ресурстардың жұмысы уақытша қиындады
Оқиға • Бүгін, 14:59
Astana Half Marathon 2026: Жаңа рекорд орнады
Елорда • Бүгін, 14:36
Қырғызстанда сел кезінде мектеп оқушысы жоғалып кеткен
Оқиға • Бүгін, 13:58
АҚШ-та атыс болып, 12 адам жарақат алды
Әлем • Бүгін, 13:31
Ұлыбританиядағы жеңіс: Иван Дычко қарсыласын нокдаунға жіберді
Спорт • Бүгін, 12:53
Мемлекетке қайтарылған қаржы: Балқаш ауруханасы жаңа келбетке ие болды
Медицина • Бүгін, 12:35
Өзі құрастырған ұшақ алғашқы ұшуда апатқа ұшырады
Әлем • Бүгін, 12:06
Параатлеттер Astana Half Marathon жарысына қатысты
Спорт • Бүгін, 11:49