Медицина • 03 Мамыр, 2017

Елге ел қосылса - құт

186 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оңтүстіктен Солтүстікке 37 отбасы жолға шықты.

Елге ел қосылса - құт

Оларды «Нұр Отан» ХДП ОҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әлімжан Құртаев пен облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр бастаған жергілікті билік өкілдері шығарып салды. 

- Бұған дейін қоныс аударғандар азаматтардың 70 пайызы жұмыспен қамтылды. Олар өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналасумен қатар ауыл шаруашылығы саласында мал, егін шаруашылығымен айналысуға 7 мың гектардан астам жер алып, бірнеше ауыл коопреративтерін құрып, жеке кәсіпкерлік ашып, істерін дөңгелетіп отыр. Сондықтан, осы сапарларыңыз сәтті болып, солтүстіктің еліне ел болып қосылуларыңызға тілектеспіз, - деді облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр.

Оңтүстік Қазақстан тұрғындарын еліміздің жұмыс көзі көп аймақтарына қоныс аудару шарасы аясында аталған отбасылар солтүстіктің Айыртау, Ақжар, Жұмабаев, Есіл және Уәлиханов аудандарына барып қоныстанады.

Биыл қоныс аударған отбасының әрбір мүшесіне 35 айлық есептік көлемінде, яғни шамамен 80 мың теңге бір реттік көмек беріледі. Сонымен қатар, бір жылға дейін тұратын үйдің жалдау ақысы мен коммуналдық төлемдері өтелетін болады.


Бақтияр ТАЙЖАН, 

«Егемен Қазақстан»

Оңтүстік Қазақстан облысы