Медицина • 03 Мамыр, 2017

Ақтөбеде жас мамандар баспаналы болды

118 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбеде жас мамандарға арнайы салынған 115 пәтерлік үй пайдалануға берілді. Жалпы аумағы 5,5 мың шаршы метр.

Ақтөбеде жас мамандар баспаналы болды

Үй құрылысына «Жұмыспен қамту - 2020» жол картасы мемлекеттік бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 570 миллион теңге бөлінген. Жас отбасыларға салтанатты түрде пәтер кілтін табыстаған Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жастардың тұрмысын жақсарту мен жас мамандарға қолдау көрсету ісі одан әрі жалғаса беретінін мәлімдеді. Пәтер кілтін мәдениет, спорт, білім, денсаулық сақтау саласында жұмыс істейтін, зауытта еңбек ететін жастар алды.

Сонымен қатар, Ақтөбеде «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 400 пәтерлі екі қабатты үй салынып жатыр. Биыл 10 мың адамға жер телімі беріледі.

Темір Құсайын,

«Егемен Қазақстан»

Ақтөбе