11 Маусым, 2011

Стратегиялық серіктестікке сенімділік

317 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтаоның елімізде ертең басталатын мемлекеттік сапарына орай қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарына жазбаша сұхбаты Сұрақ: Сіз Қытай-Қазақ­стан қа­рым-қатынасын, атап айт­­қан­да, екі елдің экономи­ка­лық, ғы­лыми-техникалық, гу­ма­ни­тар­лық және басқа сала­лар­да­ғы қазіргі жағдайы мен перс­пективаларын қалай баға­лай­сыз? Жауап: Қытай мен Қазақстан ара­сындағы дипломатиялық қа­рым-қатынас орнаған 20 жылға жуық уақыттан бері ортақ күш-жігер танытылуының нәти­же­сін­де екі­жақты қарым-қатынастың оң әрі тұрақты даму үрдісі үздіксіз сақ­талып келеді. Қытай-Қазақстан қарым-қатынасындағы жаңа, жедел дамуға 2005 жылдың шілдесіндегі стратегиялық әріптестік байланыс орнаған сәттен бастап негіз қаланды. Екі ел жоғары деңгейде тығыз байланыс ұста­нып келе жатса, ол саяси өзара сенімнің тұрақты нығаюына оң ықпал етіп отыр. Біз Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен екіжақты және көп­жақ­ты пішіндерде айтарлықтай жиі кездесіп тұрамыз.  Тарихтан қалған шекара мәселелері түп­кілікті реттеліп, «Тату көршілік, дос­тық және ынтымақтастық туралы Қытай-Қазақстан келісіміне» қол қойылды, Қытай мен Қазақстан арасындағы ынты­мақ­тастықтың ХХІ ғасырға арналған стратегиясы жасалды және пре­мьер-министрлердің орынба­сар­лары деңгейінде ынтымақтастық мәселелері бойынша жұмыс істейтін үкіметаралық комиссия құ­рылды. Стратегиялық әріп­тес­тікті жан-жақты ілгерілетуге жағ­дай туғызатын құқықтық база нығайып келеді. Қытай мен Қазақстанның ын­ты­мақтастық тәжірибесінде ай­тар­лықтай нәтижелерге қол жеткізіліп отырса, біздің елдері­міз­дің сауда-экономикалық, қаржы­лық, энергетикалық, көліктік, ғы­лыми-техникалық, гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылы үздіксіз тереңдей түсуде. Қытай-Қазақстан мұнай және газ құ­быр­лары салынып, пайдалануға берілді, шикізаттық емес сектор­да­ғы ынтымақтастық бойынша бірқатар жобалар табысты жүзеге асырылуда. Екі елдің тауар ай­на­лымы өткен 2010 жылы 20 миллиард 400 миллион АҚШ дол­ла­рын құрап, дипломатиялық қа­рым-қатынас орнаған бастапқы ке­зеңмен салыстырғанда 50-ден астам есеге өсті. Қытай мен Қазақстан ара­сын­дағы ынтымақтастықты тұрақты және терең дамыту екі мемлекет пен екі ел халқына шын сезіліп отырған тиімділіктер беруде. Тараптар екі жақтың да түбегейлі мүдделеріне қатысты барлық ма­ңызды мәселелер бойынша бір-біріне шешімді түрде өзара қол­дау көрсетіп келеді және есірт­кінің заңсыз айналымы мен транс­шекаралық ұйымдасқан қыл­мыс сияқты жамандықтармен күресте жемісті ынтымақтастықты жүзе­ге асырып отыр. Қытай мен Қазақстанның гу­манитарлық байланыстары да тоқ­таусыз кеңейіп, қоғамдық қа­рым-қатынасы белсенділігімен ерек­шеленуде. Шекара өңірлерін­дегі достық қарым-қатынас ауқы­мы да кеңейе түсіп келеді. Дәс­түрлі достықтан тамыр тартқан «Мәңгілік бейбітшілік пен дос­тық» идеясы біздің халықта­ры­мыздың санасына тереңдей енген. Халықтарымыздың дәстүрлі достығы бүгінде одан әрі нығайып, дами түсуде. Біз Қазақстанмен тығыз да үй­лесімді қарым-қатынас­та­ры­мыз­ды БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК  және тағы басқа көпқырлы құры­лымдарда берік ұстанып, өңірде және тұтастай алғанда, дүние жүзінде тұрақтылық пен дамуды қамтамасыз етуге зор үлес қосу үстіндеміз. Қытай тарабы екі­жақ­ты қарым-қатынастың даму дең­гейіне қанағат сезімін білдіре отырып, бұл үдерістің одан әрі де тереңдей түсетініне зор сенімділік танытады. Қытай мен Қазақстан – ізгі ниетті көршілер және маңызды стратегиялық әріптестер. Екі ел де ШЫҰ-ға мүше болып табы­ла­ды. Біздің халықтарымыз Қытай мен Қазақстанның ұзақ мерзімді, тұрақты, кең ауқымды  страте­гия­лық әріптестік қарым-қаты­на­сының одан әрі дамуына өте мүд­делі, өйткені, бұл тараптардың нақты және ұзақ мерзімді мүдде­леріне сәйкес келеді. Қытай жағы Қазақстанмен қарым-қатынасын дамытуға үлкен маңыз береді және көпқырлы өзара іс-қи­мыл­ды барлық салада тереңдетуге ұм­тылады. Бұл өз кезегінде екі­жақты қарым-қатынасты жаңа сапалық деңгейге шығаруға ал­ғышарт жасайды. Қазіргі кезде біздің елдерімізде жаңа бесжылдық  даму бағ­дарламаларын жүзеге асыру үде­рістері жүріп жатыр. Бұл бізге екі­жақты қарым-қатынасты да­мы­ту үшін жаңа жағдайлар ту­ғызады. Өзара құрмет, теңдік және өзара тиімділік қағидат­та­рын басшылыққа ала отырып, Қытай тарабы Қазақстан жағы­мен бірлесіп күш-жігер жұмсау ар­қылы болашақта да ізгі көр­ші­лік, достық және өзара сенім үдерістерін нығайтуға дайын. Міне, сонда ғана ынтымақтастық тетіктерін жетілдіріп, сауда-эко­номикалық, энергетикалық және шикізаттық емес салаларда жаңа биіктерді бағындыра алатын бо­ламыз.  Сонымен қатар, көп­қыр­лы құрылымдардағы ұстаным­дары­мызды үйлестіріп, Қытай-Қа­зақстан стратегиялық әріп­тес­тігі үздіксіз жаңа сатыға көте­рі­луі үшін қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығымызды терең­дете түсуге де мүдделіміз. Сұрақ: Сіз алдағы сапардан не кү­тесіз? Қандай нәтиже­лер­ге қол жеткізіледі деп ойлай­сыз? Жауап:  Президент Нұрсұл­тан На­зар­баевтың шақыруы бой­ынша мен үстіміздегі жылдың маусым айының ортасына қарай Қазақ­стан Республикасында мемлекеттік сапармен боламын. Бұл – менің Қазақстанға жетінші сапа­рым. Президент Нұрсұлтан На­зар­баевтың Қытайда осы жыл­дың ақпан айында ғана болғанын есепке алсақ және ақпан кездесуі мен алдағы сапар аралығында небәрі төрт-ақ ай өткенін ескерсек, бұл – Қытай мен Қазақстан арасындағы стратегиялық әріп­тестік қатынасы аса жоғары дең­гейде тұрғанын айқын көрсететін факт. Осы сапарым барысында Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен ресми келіссөздер жүргізіп, Премьер-Министр Кәрім Мәсімовпен кездесу өткізетін боламын. Мен Қазақстан басшылығымен бірлесіп, өткен 20 жылға жуық уақыт ішіндегі Қытай-Қазақстан қа­рым-қатынасының даму қоры­тын­ды­ларын шығаруға және стра­те­гия­лық әріптестік қарым-қаты­нас­тарымызды одан әрі дамытудың бағдарламасын түзуге, ынтымақ­тас­тықтың барлық бағыттары бойынша жаңа міндеттерін белгілеп, мақсаттарын айқындауға дай­ынмын. Қазақстан басшы­лы­ғы­мен ШЫҰ-ны дамыту бой­ын­ша, Орта­лық Азиядағы және өзара қызы­ғу­шылық туғызатын басқа да   ма­ңызды халықаралық және өңірлік мәселелер бойынша жан-жақты пікір алмасамын ғой деп ойлаймын. Мемлекеттік сапар  нәтиже­лері бойынша бірлескен саяси құ­жат қабылданатын болады. Сондай-ақ, екі жақтың тиісті ведомстволары мен жауапты іскер адамдары арасында бірқатар маңызды құжаттарға қол қойы­ла­ды деп күтілуде. Бұл құжаттар екіжақты қарым-қатынастың сау­да-экономикалық, қаржылық, та­би­ғат қорғау салаларын қамтиды. Ортақ күш-жігер жұмсау нәти­жесінде сапар үлкен табыспен аяқталады деуге толық негіз бар. Сөйтіп, Қытай-Қазақстан қарым-қатынасының орнықты, тұрақты және жан-жақты дамуына қо­сым­ша серпін берілетін болады.