11 Маусым, 2011

Жұмыс қорытындылары хабардар етілді

392 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Русал» бірлескен компаниясының бас директоры Олег Дерипасканы қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. О. Дерипаска Президетті «Богатырь» разрезі база­сын­да «Самұрық-Энерго» мен «Русал» бірлескен компания­лары­нан құрылған, бірлескен кәсіпорынның жұмысының қо­рытындылары туралы хабардар етті. – Кәсіпорын жұмысы жақ­­сы нәтиже көрсетті. Өн­ді­ріс көлемін 20 пайызға арттыру үшін технологияны жаңғыр­ту туралы шешім қабыл­дан­ды. Сондай-ақ біз, Екібастұз көмірін ауада шашамен 40 рет жандыруды төмендетуді қамтамасыз ететін жаңа тех­нологиялық шешім әзірледік. Бұл – өте маңызды. Өйткені, бұл қоршаған ортаға ықпал ету үшін төмендету кезінде байқалады. Біз ауаға зиянды заттарды шығаруды төмен­де­ту технологиясын енгізу жө­нін­дегі жұмыстарды жалғас­ты­ра­мыз, разрезге арналған тиісті бағдарламаларды әзір­лейміз, – деп атап өтті О. Дерипаска. Кездесу кезінде сондай-ақ өндірісті одан әрі кеңейту және инвестициялық жоба­лар­ды іске асыру жөніндегі жоспарлар талқыланды. – Біз «Русские машины» ААҚ тобына кіретін біздің ма­шина жасау саласымен ай­на­лысатын кәсіпорындарға бай­ланысты мәселені талқы­ла­дық. Вагондар саласында бірлескен кәсіпорын құру жөніндегі меморандум біздің қарауымызда жатыр. Аталған меморандум мақұлданатын бо­лады және бірлескен кә­сіп­орын құрылады. Алдымен бір жарым жыл ішінде құ­рас­тыратын өндіріс, одан кейін барлық технологиялық үде­ріс іске қосылады. Өнді­ріс­ті кеңейту мен азаматтық және әскери мақсаттағы ком­мерциялық автокөлік техни­ка­сын оқшаулау туралы шешім қабылданған болатын. Мен Қазақстандағы инвес­ти­циялық климатты оң баға­лаймын. Қазақстан мен Ресей президенттері барлық бю­рократтық былықтарды ең­серіп, Кеден одағы аясында бірыңғай тұғырнама құрды. ЕурАзЭҚ пен Кеден ода­ғы­ның шеңберінде қол қой­ыл­ған келісім, сондай-ақ жалпы алғанда, барлық қабылдан­ған құжаттар пакеті өзара қа­рым-қатынастардың жаңа бет­терін ашады. Бұл бірың­ғай рынокты құруға мүм­кін­діктер туғызады, сол кезде тиімділіктер есебінен бәсе­ке­лестік пайда болады. Осыған байланысты Қазақстанда көп­­теген басымдықтар бар – шикізат көздеріне қолже­тім­ділік, инвестициялық климат сапасының мәселесі, салық­тық саясат, мемлекеттік және банктік қолдау. Кездесу кезінде сонымен бірге, Астанада ашылған бірегей жаңа уни­верситет туралы айттық. Осы­ған байланысты универ­си­тет­тің жанынан жаңа кафедра ашу үшін біз жинақтаған ин­же­нерлік-өндірістік тә­жі­ри­бені пайдалану мүм­кін­дігі тал­қыланды, – деді О. Де­рипаска.