14 Маусым, 2011

Қорғалжын қорығындағы қауышу

525 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Бұрнағы күні елімізге салмақты ойы­мен танылып жүрген журналистер Қорғал­жын қорығының жұмыстарымен танысып, таби­ғат­ты қорғап әрі таза ұстай отырып дем­алу­дың үлгісін көрсетіп қайтты. Жаз шығып, айнала жасыл желекке оранғандағы қорық­тың көрінісі тым бөлек екен. Бәрінен бұрын иісі аңқыған дала жусанын айтса­ңыз­шы. Адам баласының табиғат атты тыл­сым­мен жалғас­қан тамыры үзіліп бара жатқан шақта жинал­ған қауым өкілдері алдарынан күтіп алған қорық директорынан жаратылыс құ­діреті, табиғаттың мүлтіксіз заңдылық­тары  жайлы сан сырға қаныға түсті. Бүгінгі таңда ақпарат майданындағы телерадио және баспасөз журналистерінің қа­та­ры қолына пернетақта ұстаған ғаламтор журналистерімен толыққаны белгілі. Сон­дық­тан болар, ортадағы әңгіме табиғатты ая­лаудың тың ұсыныстарымен толығып, жара­сым тап­ты. Ақмола облысының солтүстік-батысына қа­рай орналасқан Қор­ғал­жын қорығының кереметін айтып та, жазып та тауысарлық емес. Ең маңыздысы, дүние жүзі ғалымдарының дәлел­деуі бойын­ша, құс жолының екі торабы түйі­сетіндігімен ерекшеленеді екен. Содан болар, Қорғалжын қорығы қорғауындағы құстардың сан алуан­дығы көз тартады, яғни 347 құстың түрлері кездеседі. Табиғаттың тылсым құпияларымен та­ны­са отырып, адамның табиғаттан алшақтап бара жатқанына көз жеткіздім. Сол үшін жас­тар­ды қалада қамап қоймай, табиғатқа шы­ға­рып, адам табиғаттың бір бөлшегі екенін тү­сін­діріп отыру керек. Сонда таби­ғатпен бай­ланысын үзбеген жастар таби­ғат­ты да күтіп, қорғар еді. Табиғатты қорғаушылардың қонақжай­лы­лы­ғы бізді таң-тамаша қалдырды. Қор­ғал­­жын мемлекеттік қорығының директоры Мұ­рат Айтжанов өзі бастап қо­рықты арала­тып, Теңіз көлін моторлы қайы­ғымен көрсе­тіп жүріп, әрбір тас пен шө­бінің, өзен мен көлінің, сай мен саласының тарихымен та­ныс­тырғанда дала академигі ме дерсің. Қор­шаған ортаны қорғау министр­лігінің тың бастамасымен өткен табиғатты қорғау әрі онымен танысу іс-шарасы одан әрі  жалға­сын табар деген үміттеміз. Дастан КЕНЖАЛИН.