Елдегі қай іске де бастамашыл болып жатқан «Болашақ» қауымдастығы екені жоғарыда айтылды. Иә, оның стипендиаттары Мемлекет басшысының қолдауымен 1994 жылдан бастап шет елдерде оқып, бірнеше тілді меңгерген мамандар. Соның нақты көрінісі мына «Уолт Дисней» компаниясы туындысын олардың қазақша сөйлетуі дер едік. Сонымен қатар бұл жоба «Болашақ» түлектерінің ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына сыйы екенін де айта кеткен абзал.
Мұнан кейін туындының қазақ дубляжының режиссері Айжан Жамшитова: «Біздің мемлекет қазақ тілін өркендетуге барынша жағдай жасап отыр. Расында, қарап отырсақ бізде демеуші де бар, қолдайтын «Болашақ» қауымдастығы да бар. Міне, Мәдениет министрінің өзі де келіп отыр. Мұның барлығы да, әрине, шығармашылық топ өкілдеріне серпін берері сөзсіз. «Уолт Дисней» көрермендерге ұнау үшін сондай керемет мультфильмдер шығарып жатыр. Енді бәрі өзіміздің қолымызда. Соны қазақ тіліне жақсылап аударып, кинотеатрларда көрермендер толып отырып осы мультфильмдерді көрсе, ол біз үшін үлкен бақыт деп білеміз», деді.
Ана тілінде мультфильмді тамашалауға келген балғындардың қуаныштарында шек жоқ. Қойылым аяқталысымен бір-біріне ішіндегі қызық оқиғаларды айтып мәре-сәре күй кешіп жатты. Сонымен бірге, олар өздеріне арнайы дайындалған сый-сыяпаттан да кенде болған жоқ. Астаналық балдырған Нұртас Жәркешев «Көліктер-2» мультфильмінен ерекше әсер алғанын айта келе, оны барлық балалар көрсе екен деген тілегін жеткізді.
Жалпы «Уолт Дисней» әлемдік киностудиясы өз жобаларында отбасылық құндылықтарды, қарапайымдылықты насихаттайды. Сондай-ақ бұл компания осыған дейін 38 тілде дубляж жасаған екен. Ал қазақ тілі сәйкесінше ресми түрде 39-шы тіл болып отыр. Түркі әлемінің ішінде «Уолт Дисней» өнімдері бұған дейін түрік тілінде ғана дубляж жасалған көрінеді.
Тұсаукесерден бір күн бұрын журналистермен баспасөз мәслихатын өткізген шығармашылық топ өкілдері оның шығу барысы жайынан біраз мағлұматтар берген-ді. Жобаның қолға алынғанына бір жылдан аса уақыт өткен екен, ал соңғы жарты жыл ішінде дауыстар жазылып дубляжданыпты. «Уолт Дисней Компани ТМД» бас директоры Марина Жигалова-Озкан өз өнімдерін қазақ тілінде ұсыну аталмыш компаниядағы биылғы жылдың ерекше оқиғасы екенін айта келе: «Біз кейіпкерлері түрлі тілде сөйлейтін әлемдегі көшбасшы кинокомпаниямыз. Қазақ тілінде шығарылған жаңа нұсқаға да басқа тілдерге қоятын талаптарды қойдық. Фильмді жарыққа шығару мақсатында өте жақсы жұмыс тобы құрылды. Онда АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Қазақстан өкілдері жобаны жүзеге асыру бойынша бірталай еңбектенді. Туындыны өз тілінде тамашалаған көрермендердің қуанышы бізге де ортақ», деді ол. «Меломен Хоум Видео» атқарушы директоры Вадим Голенко болса, «Көліктердің» алғашқы бөлімі бір жыл бұрын шығып, екінші бөлімін күтіп жүргендіктерін айта келе: «Қатты қобалжудамыз. Әйтсе де балаларға ұнайды деген сенімдеміз. Өйткені бұл фильмді дубляждау барысында көптеген адамдар тер төкті», деді.
Дубляж жасау кезінде 30-дан астам жеке дауыс қолданылыпты. Жазу үдерісі Алматыдағы «Уолт Дисней Компани ТМД» компаниясының «Синема Тон Продакшн» студиясында жазылып, соңғы монтаж Лондондағы «Shepperton» студиясында жасалыпты. «Көліктер-2» мультфильмінің кейіпкерлерін қазақша дыбыстағандар қатарында Бақытжан Әлпейісов, Күнсұлу Шаяхметова, Дәулет Әбдіғапаров, Нышанбек Жұбанаев және Азамат Қанапияев бар. Мультфильмді шығарушыларға, әсіресе, Қанапияев дыбыстаған Мэтр ерекше ұнаған көрінеді. «Біз естіп көрген Мэтрдің ең үздіктерінің бірі», дегенді айтады олар. Бұл жобаға «Алтын қыран» қорынан бөлінген демеушілік қаражаттың көлемі 16-17 млн. теңгені құрайды. Анимациялық осы туынды 23 маусымда еліміздің 43 кинотеатрында қатар көрсетілмек.
Иә, еліміздің ертеңгі болашағы кейінгі буын ұрпақ десек, олардың ана тілінде өздеріне арналған туындыны тұшына көрулері үшін жасалып жатқан осындай қадамдар тек құптаудан тұрады. Балғындарымыздың қазақша ойлап, қазақша сөйлеулері үшін олардың сүйікті мультфильмдерін ана тілінде ауық-ауық назарларына ұсынып тұрғаннан ұтарымыз көп. Ұрпақ үшін жасалған игі жұмыстар ешқашанда өз маңызын жоймақ емес. Аталған туындыны тамашалағандағы ой бізді осыған жетеледі.
Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК, Венера ТҮГЕЛБАЙ.

Әл-Фараби даңғылындағы апат: Айыпталушы көлікте ақау болғанын айтты
Оқиға • Бүгін, 15:59
Эфиопияда автобус шатқалға құлап кетті: 28 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 15:45
Жамбыл облысында суға батып бара жатқан азамат құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 15:27
Сот үйқамақ шарттарын бірнеше мәрте бұзғаны үшін ҚазТАГ бас редакторының бұлтартпау шарасын өзгертті
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 15:18
Жамбыл облысында баласынан айырылған әйелге 5 млн теңге өтемақы төленді
Қоғам • Бүгін, 15:11
Банк • Бүгін, 14:54
Астанада екі жеңіл көлік соқтығысып, 4 адам зардап шекті
Қоғам • Бүгін, 14:50
Иран Ормұз бұғазына байланысты мәлімдеме жасады
Әлем • Бүгін, 14:37
Астанадағы «AMANAT» партиясының маңдайшасы «Әділет» деп өзгерді
Қоғам • Бүгін, 14:10
Әл-Фарабидегі жол апаты: Полицей адвокатсыз жауап беруден бас тартты
Заң • Бүгін, 13:50
Президент АҚШ Қаржы корпорациясының атқарушы директорын қабылдады
Президент • Бүгін, 13:38
Бүгін – Әлия Молдағұлованың туғанына 101 жыл
Тағзым • Бүгін, 13:27
Бозжырада «Доспехи Бога 4» фильмінің түсірілімі басталды
Кино • Бүгін, 13:20
Канадалық компаниялар Қазақстанға неліктен қызығып отыр?
Қазақстан • Бүгін, 13:10
Жасанды интеллектіден ақыл сұрайтындар көбейді: Сіз қандай кеңесіне құлақ түрдіңіз?
Қоғам • Бүгін, 13:00