15 Маусым, 2011

Жасай бер, жаса, Қазақстаным!

1150 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Менің Отаным – Қазақстан. Сондықтан да мен Қазақстанды шексіз сүйемін және де Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» бағдарла­масына сәйкес, Қазақстан Рес­публикасының бәсекеге қабі­летті елу елдің қатарына кіріп, өркендегенін қалаймын. Қазақстан Республикасы – алып тұлғалы ақындары бар, қайтпас қайратты батырлары бар тәуелсіз, егемен мемлекет. Қазақстанның кең байтақ жері, жайдарлы жүзді елі, ағынды өзен-сулары, биік-биік мұнар таулары әлемнің әр тү­пкірі­не­белгілі екені хақ. Ең бастысы, қазақ халқының кішіпейілділігіне, қонақжайлылығына  еш халық тең келмейді. Қазақстан Республикасы – көп ұлтты мемлекет болғанына  қарамас­тан, достық, түсіністік орнаған мекен. Еліміздегі қандай ұлт өкілдері  болса да, қиын-қыстау шақ­тарда бір-біріне әрдайым көмек көрсетуге дайын тұрады.Біздің елімізге қызыға қарап, үлгі тұ­татын мемлекеттер де аз емес. Ал, Қазақстан Респуб­ликасы – үлгі тұтуға лайық мемлекет. Болашаққа жол тартқан қазақ халқының бүгінде келешегі кемел. Еліміздегі жүзеге асырылып жатқан шаралар, яғни жаңа тех­нологияларға сай білім орда­лары­ның ашылуы, ғылыми-тех­ни­ка­лық прогресс, дәрігерлік меке­мелердің салына бастауы – хал­қы­мыз үшін үлкен қажеттілік. Бұл жоғарыда отырған ел аға­ларының қарапайым халыққа деген көмегі десек те артық айт­қандық емес. Сондай-ақ, Елбасы­мыздың биылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жол­дауы­на сәйкес, Қазақстан хал­қы­ның әлеуметтік-эконо­мик­лық жағ­­­дайы мен бүкіл тұрмыс-тір­шілігі қазіргіден де жақ­сарады деп сеніммен айтуы­мызға бо­лады. Біздің еліміздің бәсекеге қабілетті білімді де білікті жас­тары, өз ісіне шебер мамандары жетерлік. Бүгінде Қазақстан жастары тәуелсіз елде өсіп, өз тағдырларын өздері жасап, ғы­лымда, мәдениетте, спортта үлкен жетістіктерге жетуде. «Жастар – үміттің жанған шырағы» дегендей, еліміздің білімді жастары Қазақстанның көк байрағын биікке көтереді деген ойдамын. Мен де өз елімді танытуға, оның тұғырын биік көтеруге өз үлесімді қосамын. Гүлмира АҒАНАС, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті.