Қазіргі әлемнің көшбастаушысына ұмтылатын жоғары оқу орындары еңбек нарығының талаптарына сәйкес, теория мен тәжірибені қос өрімде пайдалануды таңдайды. Ежелгі академиялық білім беру қазіргі өскелең бәсекелестік жағдайында мамандар даярлауда қабілетсіз болып қалды. Осы орайда Қазақ ұлттық аграрлық университеті білім мен ғылымның түрлі бейінді инновациялық инфрақұрылым жасауды негізгі мақсат етіп, ғылыми инновациялық орталықтар агротехнопарктер және технополистер құрып, өндіріс пен ғылымды тығыз байланыстыруда.
Бүгінгі таңда инновациялық аграрлық ғылым мен білім агроөндірістік өнеркәсіпті дамытудағы негізгі фактор болып отыр. Ал білімді де білікті мамандар жаңа технологиялар мен әдістерді игеріп, әрі қолдана біліп, жаңа идеяларды синтездейді, оларды іс жүзінде инновациялық орта деңгейіне жеткізеді.
Аграрлық саланың мамандарын даярлауда кәсіби шеберлігін кеңейтуде ғылыми және білім беру қызметін үйлесімді дамытуда біздің университет ғылыми ізденістердің өзектілігін өз болашағы деп біледі. Бүгінгі білікті мамандарды даярлауға білім мен тәжірибе дағдыларының қажеттілігі ғана емес, сонымен қатар әлемдік даму тенденциясын түсіну өскелең сыртқы ортаны бағдарлай білу және тосын шешімдер қабылдай алу болып табылады.
Таяуда ғана болып өткен «Инновациялық Қазақстан - 2020» аясында өткен Алматы форумында жаңа инновациялық саясат шеңберінде 5 негізгі басымды сала белгіленді. Осы форумда Мемлекет басшысы 2020 жылға қарай Қазақстан инновациялық типтегі мемлекеттің барлық белгілері мен атрибуттары болу керектігін атап өтті. Оған тиімділікпен жету үшін инновацияның не екенін дәл түсіну қажет. Бұл жаңа технология өмір сапасын жақсартуға бағытталады және бұрынғы технологияның сапасымен салыстырғанда құны төмен болады.
Қазақ ұлттық аграрлық университеті білім беру, ғылым және инновациялық ортадағы аграрлық индустриялық даму, осы салада елдермен бәсекелестікке едәуір әсер ететін негізгі ошағы болып табылады. Университет жаһандық концорциумның мүшесі ретінде әлемнің 300-ден астам жоғары оқу орындарын біріктіретін және Орта Азиядағы аграрлық жоғары оқу орындарының қызметін үйлестіруші рөлін атқарады.
Сонымен қатар Темпус, Эрамус Мундус, Болашақ, ЛОГО (LOGO), ФЕТ(FET) халықаралық бағдарламалары арқылы академиялық жинақтылықты дамыту бойынша және ЕСТS кредиттерді қайта есептеу жүйесін енгізуде еліміздегі базалық жоғары оқу орындарының бірі болып табылады.
Университеттің сапа менеджменті жүйесінің ИСО 9001:2008 халықаралық стандарттарына және Ұлттық институционалды аккредиттеуге сәйкес жоғары сапада мамандар даярлау және басқару жүйесін жетілдіру қайта сертификатталғанын дәлелдейді. Қазіргі уақытта тағы да 20 бакалавриаттың және магистратуралық білім беру бағдарламаларын халықаралық аккредитациялауға дайындық жүргізілуде.
Нарық қажеттілігіне және жұмыс берушілердің пікірлерін ескере отырып, классификаторға мынадай жаңа мамандықтар енгізілген: «Ауыл шаруашылығын энергия қуатымен қамтамасыз ету» және «Өсімдікті қорғау мен карантин». Бакалавриаттың 12, магистратураның – 16, PhD докторантураның – 14 мамандықтары бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты жасалды. 300-ден астам оқу бағдарламалары және пәндердің элективтік каталогтары жасалды. 200-ден астам оқулықтар мен оқу құралдары, оның ішінде 34 оқулық еліміздің Білім және ғылым министрлігінің грифімен шығарылды.
Университеттің «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында түрлі министрліктермен және ведомстволармен, ұлттық холдингтермен, корпорациялармен, ірі компаниялармен, қоғамдық бірлестіктермен тығыз байланыста. Бұл тәжірибе бітірушілерді жұмысқа орналастыру мәселелерін тиімді шешуге және база практикаларын кеңейту мен нығайтуға мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде «Агробілім» ассоциациясы және Кіші академия аграрлық білім беру жүйесінде айтарлықтай жұмыстар атқаруда. Олар лицей-колледж-университет «өмір бойы оқуымен» принципін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Қашықтықтан оқыту орталығы барлық білім беру үдерістерін алдыңғы қатарлы білім беру ресурстары мен технологияларына тең дәрежеде пайдалануына қол жеткізеді. Тіл орталығы өзінің құрамына 3 мультимедиялық лингафондық кабинетін және оқытушылар мен білім алушыларға тілдік дайындығын кеңейтуге зор мүмкіндіктер жасайды.
2010-2014 жылдарға қабылданған Қазақстанның үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы еліміздің экономикасын жедел дамыту және оның экспорттық әлеуетін кеңейтуге бағытталған. Бағдарламада ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу мен сақтау, өндірісті диверсификациялау, жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдай жасау және инновациялық технологияны кеңінен енгізуді дамыту бойынша бірнеше кешенді іс-шаралар қарастырылған.
Еліміздің барлық облыстарында Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының 95 инвестициялық жоба бағдарламасына қатыса отырып, аграрлық бейіндегі ғылыми-зерттеу инновациялық орталығының қызметін тиімді жүргізуде ҚазҰАУ ауыл шаруашылығының дамуын және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Таяуда Астанада өткен VІІ Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумында экономика саласындағы негізгі тақырыптар қаралды. Ислам банкі Қазақстанның фермерлік шаруашылығын қолдау және дамытуға 10 млн. АҚШ долларын бөлуге шешім қабылдады. Одан басқа түрлі елдердің кәсіпкерлері өз бизнестерін дамыту мәселелерін және елдер мен компаниялардың қарым-қатынасын талқылады. Оның ішінде жастар арасындағы кәсіпкерлікті дамытуда тиімді алғышарттар жасалды. Сөз ретіне қарай айта кетелік, Қазақстандағы фермерлердің жоғары мектебі біздің университетте ғана бар. Ол Экстенш жүйесін белсенді дамытуға, ауылшаруашылық тауар өндірушілер мен фермерлерге кешенді ақпараттық, маркетингтік, құқықтық және консультациялық қызметтерді жүзеге асыруға көмек көрсетеді. Фермерлердің жоғары мектебі мамандардың біліктілігін арттыру мен даярлау бағдарламасында фермерлік шаруашылықтарда өндірістік-кәсіпкерлік қызметтермен ғылым және білім беруді тығыз интеграциялауын қамтамасыз етеді.
Университет аграрлық ғылыми-өндірістік концорциумының құрылуының бастама жасап, аграрлық сала үшін кадрлар даярлауды жүзеге асыратын көптеген ғылыми-зерттеу институттарымен, жоғары оқу орындарымен және колледждермен тығыз байланыс орнатты. Бұлар өз кезегінде патенттерді, қорғалған диссертацияларды және ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландырып, оларды ұлғайтуға мүмкіндік берді. Солардың базасында ғылыми идеяларды және бизнес-құрылымдар арқылы инновациялық қызметті жүзеге асыруда коммерциализациялау моделі жасалды.
2010 жылдың қараша айында Елбасы Н.Ә.Назарбаев біздің университеттің білім беру мен ғылым саласындағы жетістіктермен жан-жақты танысып, ауылшаруашылық өндірісіне ғылыми жетістіктерді ендіру және ғылыми-педагогикалық кадрлардың инновациялық қызметтегі деңгейін жоғары атап өтті. Мұндай үлкен баға университеттің зерттеушілік мәртебесіне табысқа жетуіне жаңа мақсаттар мен міндеттер қойды және еліміздің аграрлық саласының жаңа интеллектуалды мамандар буынының қалыптасуына нақты көмегін тигізді. Алдағы уақытта біз осы сенім үдесінен шығу үшін бар күш-жігерімізді жұмсаудамыз.
Тілектес ЕСПОЛОВ, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА академигі. Алматы.