Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауындағы жоғары оқу орындарындағы білім сапасын көтеру, білім беру мен ғы-лымды дамытудың жаңа деңгейін қамтамасыз ету міндеттерін Тараз мемлекеттік педагогикалық институты ойдағыдай жүзеге асырып, әлемдегі беделді оқу орындарымен бірлесе жұмыс істеп жатыр.
Соның бір дәлелі – жақында Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында студенттер, магистранттар, оқытушыларға арнап өткізілген Мажарстанның Сегед зерттеу университетінен келген ғалымдар Иванич Мария және осы жолдардың авторы академиялық ұтқырлық дәрістерін өткізді. Кездесуді ашқан институт ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Асқар Абдуалы қазіргі білім берудің маңызды мәселелеріне, жоғары білім жүйесі, Болон процесінің өлшемдерін жүзеге асыру шараларына тоқталды. Педагогикалық институт бұл академиялық ұтқырлық дәрістерін тыңдауға Тараз қаласындағы бірнеше университеттердің және педагогикалық ұжымдардың өкілдерін де шақырыпты. Сөйтіп, олар да Мажарстанның жоғары білім жүйесі және ғылыми ізденістер жөнінде әңгіме тыңдады.
Сегед зерттеу университеті 2006 жылдан бастап Болон процесіне қосылған. Сондай-ақ ол әлемде білім сапасы мойындалған 500 университеттің қатарына кіретінін де атап өткен жөн. Мажарстаннан бұл қатарға кірген тек екі университет: Будапештегі Лоранд Өтвөш атындағы зерттеу университеті мен осы Сегед зерттеу университеті. Бұл топқа ену мүмкіндігі ғылыми жарияланымдар және оқытушылар, студенттердің санына, шетелдік оқытушылар мен студенттердің үлес салмағына қарап бағаланады. Тізімді бастап тұрған – Англияның Кембридж университеті, екінші-үшінші орынды Американың Гарвард және Иель университеттері еншілеген. Қабырғасынан Нобель сыйлығының лауреаты, биолог Альберт Сент-Дьердидің шыққаны да – Сегед зерттеу университетінің абыройы. Аталмыш білім ордасы жаратылыстану ғылымдарымен қатар түркітану саласында да зор беделге ие. Осы университетте әлемге аты белгілі шығыстанушылар Лайош Лигети, Дьюла Немет қызмет еткен. Алтаистика кафедрасының негізін қалаған – академик Андраш Рона-Таш. Ал оның шәкірттері, арамыздан ерте кеткен, руна жазуының, қыпшақ грамматикасының білгірі – Арпад Берта, Мажарстанның Қазақстандағы алғашқы елшісі, түркітанушы Йожеф Торма секілді ғалымдар түркітану ғылымында өз есімдерін мәңгілікке қалдырды.
Сегед зерттеу университетінің Алтаистика кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Мария Иванич – Осман империясы, Алтын Орда және Қырым хандығы туралы тарихи зерттеулердің авторы. Ғалымның еңбектері Еуропаның атақты білім ордаларында оқытылады. Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының студенттеріне өзі зерттеп жүрген тақырыптар бойынша дәрістер өткізіп, олардың білімдерін еселеді.
Ал мен болсам, Алтаистика кафедрасының қазақ тілі лекторы ретінде Мажарстандағы қыпшақ мәдениетінің ескерткіштері және түркітанушы Иштван Мандоки Қоңырдың ғылыми қызметі, қазақ-мажар әдеби байланыстары туралы дәріс оқыдым. Мажарстанда тек Сегед университетінде қазақ тілі оқытылады. Мажарлардың түркі халықтарының ішінде тек қазақ тіліне ерекше ықылас аударып, ыждаһаттылықпен үйреніп жатқанын айрықша атап айту керек. Себебі, тәуелсіздігімізді алғашқылардың бірі болып мойындаған Мажар елі мен Қазақстан арасында туыстық, достық, ынтымақтастық күн санап нығайып келеді. Осы жылдың сәуір айында Maжарстанның мемлекеттік хатшысы Михай Варганың Қазақстанда болып, екі ел арасындағы байланыстың бірталай өзекті мәселелері жөнінде Парламент Сенатының бұрынғы Төрағасы Қасымжомарт Тоқаевпен, министрлермен кездесіп, кеңесіп қайтқаны да – сөзіміздің бір дәлелі.
Сегед зерттеу университетінен келген ғалымдардың академиялық ұтқырлық дәрістері осы сияқты халықаралық шаралармен жалғасып жатыр. Ең бастысы – профессор Мария Иванич айтқандай, Қазақстан жастарының кемел білімге қол жеткізіп, келешекке сеніммен аттануы. Ғалым қазақ жастарының алғырлығын, білімге құштарлығын байқап, қазақ елінің болашағы зор, жолы айқын деген пікір білдірді. Сегед университеті мен Тараз мемлекеттік педагогикалық институты ғылыми байланыстар жөніндегі келісім-шартқа отырды. Енді Болон процесінің шеңберінде екі оқу орны тәжірибе алмасады. Осы жылдың қыркүйегінде мажар студенттері Тараз мемлекеттік педагогикалық институтына қазақ тілі мен әдебиетін тереңдеп үйренуге аттанбақ.
Раушангүл ЗАҚАНҚЫЗЫ. Будапешт.

Сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады
Ата заң • Бүгін, 18:50
Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл
Ата заң • Бүгін, 17:55
Жазушы Смағұл Елубаев жаңа Ата заңның халыққа жақындай түскенін айтты
Ата заң • Бүгін, 17:18
Роза Рымбаева ел тұрғындарын референдумда дауыс беруге шақырды
Ата заң • Бүгін, 17:01
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Олимпиаданың финалында сынға түсті
Олимпиада • Бүгін, 16:48
Тұңғышбай Жаманқұлов: Мемлекет пен халық үшін жаңа Конституцияның мәні зор
Ата заң • Бүгін, 16:30
Үш қазақстандық гимнаст Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты
Спорт • Бүгін, 15:55
Ата заң • Бүгін, 15:35
Президентке қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Президент • Бүгін, 15:10
Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 14:42
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • Бүгін, 14:28
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • Бүгін, 13:39
Қостанайда терроризм актісі туралы жалған ақпарат берген жасөспірім жауапқа тартылды
Оқиға • Бүгін, 13:20
Астанада екі қабатты ғимараттың шатыры жанып жатыр
Оқиға • Бүгін, 13:00