18 Маусым, 2011

Байқауды да байқап өткізген абзал

473 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Көлік және коммуникация министрлігінің  2004 жылғы 10 наурыздағы №113-1 бұйрығы­мен бекітілген Жолаушыларды және багажды автомобиль кө­лі­гімен тасымалдау ережесіне сәйкес «ұзақтығы 150 ша­қы­рым­нан асатын қалааралық және халықаралық тұрақты автомобиль тасымалдары мар­шрут­та­рын­да пайдаланылатын автобус­тар­дың шалқаймалы ар­­қа­лық­тары бар жұмсақ отыр­ғыш­тары болуы тиіc» деген өз­герту ми­нистрліктің 2008 жыл­ғы 10 жел­тоқсандағы № 539 бұйры­ғымен енгізілген бола­тын. Осы өзгертулердің негізінде, өткен жылдың желтоқсан ай­ында Батыс Қазақстан облы­сы­ның тұрақты облысішілік ав­тобус маршруттарына қыз­мет көрсету бойынша БҚО жо­лаушылар, көлік жэне автомобиль жолдары басқармасы өт­кізген конкурстарда көптеген тұрақты маршруттар бағытта­ры сәйкес автобустардың бол­мауына байланысты конкурс лоттары бос қалып, аталған жаңа талапқа сәй­кес келмеуіне байланысты кон­курс­қа қатысу­шы кейбір тасы­малдаушы­лар­дың конкурстық құжаттама­лары комиссия тара­пынан қа­раусыз калдырылған болатын. Осылайша, өткен жылдың 30 қарашасында болған конкурс нә­тижесі бойынша 21 маршруттан тек 9 маршрут, 13 жел­тоқ­сан­дағы конкурста 40 мар­шрут­тан тек 6-уы ғана анық­талған еді. Оған себеп, аудандық (ауыл­дық) тасымалдаушыларға қой­ыл­ған талаптарға сәйкес келетін көліктердің жоқтығы. Атал­ған талапқа тек қана «ЛиАЗ, Мерседес, Сетра» маркалы автобустар сәйкес келеді. Алайда, осы уақытқа дейін облыстық орталықтан шалғай аудандардың ауылдық елді мекендеріне жол сапасының өте төмендігіне байланысты автобус қатынасы тек ПАЗ, газель немесе жай жолдарда жүріп өту мүмкіндігі жоғары УАЗ шағын автобустарымен қамта­ма­сыз етіліп келген. Үлкен класты автобустар осы жолдармен жүре алмайды. Жылдың мезгілсіз кезінде, яғни көктем және күз кезеңдерінде автомобиль қатынасы аталған аудандарда өте шектеулі болады немесе уақытша тоқтатылады. Мысалы, облыс орталығы Орал қаласынан Бөкей ордасы ауданының орталығы Сайқын ауылы 550 км қашықтықта ор­наласқан, асфальтты жол бар-жоғы – 203 шақырым. Жолдың қалған 347 шақырым бөлігі ша­ғыртасты-қиыршықтасты жол, сондықтан көктем және күз ай­ларында көліктің жүруі қиын, тап осындай жағдай облыстың басқа елді мекендерінде де орын алып отыр. Облыстағы 476 елді мекеннің 62-сінде ғана қара жамылғылы жол бар. Осы­ған орай, жаңа талапқа сәй­кес көлік қатынасын ұйымдастыру мүмкін емес. Сонымен қатар, жергілікті халықтың облыс ор­талығымен қатынасатын көлік түpi – тек қана автомобиль көлігі. Қазіргі уақытта, «Қазақстан Республикасының кейбір заң­намалық актілеріне көлік мәсе­лелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қа­зақстан Республикасы Заңы­ның қабылдануына байла­ныс­ты Көлік және коммуникация министрлігі тарапынан Жолау­шы­ларды және багажды автомобиль көлігімен тасымалдау ережесінің жаңа жобасы әзір­ленуде. Осыған орай, жергілікті жағ­дайды ескере отырып, жаңа ережеде автомобиль көлігімен жолаушыларды және багажды тасымалдау кезінде жол ұзақ­тығына байланысты класы жо­ғары автобустарды қою туралы талапты алып тастау немесе осы мәселенің басқа да шешу жолдары қарастырылуы қажет. Әйтпесе, жергілікті көлік кә­сіп­орындарының алғашқы ереже талаптарын жүзеге асыруға еш мүмкіндіктері жоқ. Шавхат ӨТЕМІСОВ, Мәжіліс депутаты.

Фотокүнделік