27 Шілде, 2011

Сын айтылып, олқылықтар көрсетілді

358 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Әділет министрлігінде әділет ор­гандарының кеңейтілген алқа оты­рысы өтті. Оған бейне-конференция байланысы арқылы облыс­тық әді­лет, қылмыстық-атқару жү­йе­сі, сот актілерін орындау департа­мент­­те­рі­нің басшылары, жылжы­май­тын мү­лік және сот сараптама орталық­та­ры­ның директорлары қа­тысты. Онда әділет органдары жұмысындағы нақ­ты оң нәтижелер мен келелі мә­селелер сөз болды. Әсіресе, мемлекеттік органдар­дың заң шығару қызметі сапасын одан әрі көтеру, нормашығарма­шы­лық саласындағы әділет органдары­ның және Заңнама институтының үйлестіру рөлін күшейту қажеттігі айтылды. Бизнес үшін тіркеу рәсімдерін оңайлату және тұрғындарға көрсеті­ле­тін электронды қызмет түрлерін ке­ңейту мәселелері де кенде қалмады. Министрлік ағымдағы жылы ком­мерциялық ұйымдарды тіркеу­дің хабарландыру тәртібіне ауысу­ды қарастыратын заң жобасын жа­сауға кіріседі. Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтер үдерісін ба­рынша оңайлатуды және ескірген нормалардан бас тарту көзделуде. Атап айтқанда, нотариалды және адвокаттық қызметпен айналысуға лицензияны тек электронды түрде беру жоспарланды. Азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету мақса­тында жеке нотариустарды есептік тіркеу туралы жаңа ереже мен но­та­риалдық іс-жүргізу нұсқау бекітілді. Аталған құжаттармен нотариустар ғимараттары мен жеке нотариалдық мұрағаттарына талаптар белгіленіп, құжаттарды мұрағатқа өткізу тәр­тібі ескерілді. Әділет департаменттеріне көрсетілген актілердің мүл­тіксіз орындалуын қамтамасыз ету тапсырылды. Алқада аумақтық бөлімшелердің жекелеген басшылары сынға ілікті. Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қос­танай, Ақмола және Ақтөбе облыс­тарының әділет, қылмыстық-атқару жүйесі және сот актілерін орындау департаменттерінің жұмысындағы олқылықтар көрсетілді. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және күресу бойынша жұмысты қатайту тапсырылды. Алқа қорытындысы бойынша Әділет министрі Р. Түсіпбеков құ­рылымдық бөлімшелер мен жергілікті жерлердегі департамент бас­шыларына тиісті тапсырмалар берді, деп хабарлады Әділет министр­лігінің баспасөз қызметі. «Егемен-ақпарат».