Әлем чемпионатының ширек финалы да келіп жетті. Оған Қазақстан құрамасынан іріктеу жекпе-жектерінен сүрінбей өткен 9 боксшы жолдама алды. Өкінішке қарай, 4 боксшымыздың келесі айналымға шығуға шамасы жетпеді.
Осы сында жаңағы жеңілген төрт баламыз жаман өнер көрсетті деп айта алмаймыз. Олжас Қалаубек (46 кг.), Әлібек Басапа (48 кг.) Рауан Затулла (52 кг.), Ерболат Ермеков (57 кг.) ширек финалға шығуға барын салды. Тіпті соңғысы бірінші кездесуде қарсыласын ұтып, біраз уақыт үмітін арқалап жүрді. Бірақ, бокстың аты бокс. Спортта жеңіс пен жеңіліс, сүйініш пен күйініш қатар жүретіні белгілі. Бұл бәсекеде ең болмаса төртеуінің екеуінің жарысты жалғастыруға жөні бар еді. Мысалы, 16 жастағы Олжас Қалаубек спорт шеберлігіне үміткер, осы кезге дейін 28 кездесу өткізіп, соның екеуінде ғана жеңілген. Қалған жекпе-жектерінде қарсыластарын оңдырмай сабаған боксшы. Әлібек Басапа да сол сияқты. 29 рет рингке шығып, соның алтауында ғана жеңіліс тапқан. Осыны ойлап төрешілер тарапынан бір қысастық, құрбандық ету сияқты нәрселердің болуы әбден мүмкін деген ойлар да келетіні жасырын емес. Дегенмен қарсыластарымыздың жолы болса, соңынан сөз ерітіп, төрешілерге сын айтатын біз емес. Біздің жеңілген балаларға енді осыдан сабақ алып, тәжірибе жинақтай беру ғана қалады. Ал ширек финалға шыққан боксшыларымыздың бәрі қазір жарап тұр.
Сейсенбі күні олар келесі айналымға жолдама алу үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Бекжан Кібітқалиев (54 кг.) пен Аян Қалибеков (60 кг.) әзербайжан мен неміс боксшыларының екі аяғын бір етікке тықты десе болады. Ал ауыр салмақтағы Дидар Төлегеннің жеңіске деген жігерлігі бірден көзге ұрады екен. Кешегі айқаста қарсыласын жеңген ол «Мен әлем чемпионы боламын» деп бірден кесіп айтты. Аузын ашса, ар жағынан жүрегі көрінетін бұл баланың осы сөзіне қалай риза болмайсың. Ол өзі 18 рет рингке шығып, соның екеуінде ғана жеңілген екен. Осы жолдан таймаса, оның 2016 жылғы олимпиадаға баруы әбден мүмкін. Тіл-көзден сақ болса, Дидардың алар асуы әлі алда. Қазір бізде ауыр салмақтағы боксшылар аз, олардың арасында бәсекелестік жоқ деп жиі айтатын әдетіміз бар ғой. Соны ескеріп, бапкерлеріміз осындай балаларды ауыл ауылдан жағалап жүріп алып, тәрбиелеп, боксшы етіп өсірсе дейміз. Бұл мәселе бүгінгі қазақ спортының бас ауыртып тұрған басты мәселесі. Ал оны шешу ынта мен жігерге байланысты. Егер бәріміз болашағымызды ойлап, балаларға жол көрсетіп отырсақ, ертең олардың ел намысын қорғап, мерейімізді өсіретіні сөзсіз. Осы ретте біздің жасөспірімдер құрамасының басым бөлігін тәрбиелеп, өсірген білікті бапкер Заңғар Қасқаев пен құраманың аға бапкері Сұлтан Костоевтың алдында үлкен міндет тұрғанын атап өткен жөн. Қазір осы бапкерлеріміздің бір еңбегі, ол елімізде тұңғыш рет өтіп жатқан әлем чемпионатына 13 баламен барып, соның 9-ын ширек финалға шығарғаны деуге болады. Солардың қатарында сейсенбі күні әдемі өнер көрсеткен Заңғар Темірхан, Дәуітбек Қайыргелді, Ақылбек Әділғалиев, Дәулет Байғабатов, Асқар Дүйсәлі мен Тілек Қозбақовтың алдағы айқастарда бапкерлердің үмітін ақтап, жүлделі орындарға күресетініне сенім мол.
Дастан КЕНЖАЛИН.

The Telegraph басылымы Маңғыстауды әлемдегі ерекше 10 шөлдің қатарына қосты
Туризм • Бүгін, 22:30
Асхат Тағыберген ұлттық құрамаға оралуы мүмкін
Футбол • Бүгін, 22:13
Алматыда курьер мен тапсырыс беруші әкімшілік жауапқа тартылды
Оқиға • Бүгін, 21:23
Америкалық The National Interest журналында Мемлекет басшысының мақаласы жарияланды
Президент • Бүгін, 21:08
Мемлекет басшысы Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысып жатыр
Президент • Бүгін, 20:59
Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы нысана көздеуден 11 медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 20:22
Ресейдегі отандастарымыз жаңа Конституция бойынша референдумда дауыс бере алады
Референдум • Бүгін, 19:50
Абай облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 19:06
Конституциялық реформа: Экономиканың жаңа басымдықтары айқындалды
Экономика • Бүгін, 18:43
Швеция дәстүрлі оқу материалдарына инвестиция сала бастады
Әлем • Бүгін, 18:36
Астаналық әйел АҚШ-қа виза жасатып беремін деп 6 адамды алдап кеткен
Оқиға • Бүгін, 18:10
Ел өңірлерінде алдағы көктемде су тасқыны қаупі бар ма?
Аймақтар • Бүгін, 17:59
Ермахан Ибраимов: Мемлекет – ортақ мақсатқа сүйенгенде ғана қуатты болады
Ата заң • Бүгін, 17:55