Бірден айталық, бұл сымсыз технология, кәсіби бағдарламалық қамтамасыз ету базасында күшті мамандандырылған компьютерлерді (серверлерді), локальды компьютерлік желілерге кірістіретін бағдарламалық-техникалық кешен. Бұл студенттер мен оқытушылар үшін ақпарат жеткізу механизмі десе де болады. Жоғары оқу орындарында білім алып жатқан болашақ экономистер, қаржыгерлер, бухгалтерлер, өздеріне қажетті шынайы мәліметтерді осы кешен арқылы оқып біледі. Мұны сондай-ақ кәсіпорындардың, фирмалардың күнделікті есептеу жұмыстарына да пайдалануына болады. Бұл игілікті істі қазіргідей ақпарат ағыны өршіп тұрған заманда соның екпінінен қалмау үшін қолға алған едік. Іске қосылғаннан бергі кезең ішінде «Вир-туалды кәсіпорын» аясында оқу және ғылыми зерттеу қызметінің аясы кеңи түсті. Ең алдымен талапкерлер дербес жұмыс жасауға, ІТ технология көмегімен тиімді экономикалық, қаржылық, маркетингтік шешімдерді талдау және негіздеу жолымен оқу процесінің сапасын көтеруге де мүмкіндік туып отыр. Жоғары оқу орындарында мұндай «виртуалды кәсіпорын» құру және оны пайдалану инновациялық бағдарламалар мен педагогикалық тәсілдерді қолдану арқылы білімді терең беріп, мазмұнын кеңейтуге бағыт сілтеуде. Бұл кешен тек оқу кезінде ғана емес, сонымен бірге, білім ордасының халықаралық дәрежедегі байланысын ақпараттар ағынымен кеңейтуге де септігін тигізуде. Бір ғана мысал, біз осы ізденісіміз арқылы өткен мамыр айында, елордада болған әлемдік экономиканың жағдайы және оның потенциалды тәуекелдерін талқылаған ІV Астана форумына қатысуға мүмкіндік алдық. Нобель сыйлығының лауреаттары, министрлер, бизнесмендер, банк басшылары қатысқан пікірталас алаңында оқытушыларымыз ой бөлісіп, өз тұжырымдарымызды ортаға салды. Әсіресе, факультет доценттері А.Қазамбаева мен Г.Айешевалардың «Үздік жоба» аталымы конкурсында «БСҰ-ға кіру жағдайында агроөнеркәсіптік өндірістің тиімділігін және бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің ұйымдық-экономикалық механизмі» тақырыбындағы баяндамалары қатысушылардың ерешке назарын аударды. Ғылыми-зерттеу жұмыстары мен оқытудың осы заманғы ақпараттық-коммуникациялық және педагогикалық технологияларды пайдалана отырып жүргізген батыл байламдары өз нәтижесін берді. «Виртуалды кәсіпорын» деген атауға ие болған жүйе біздің экономика және бизнес факультеті ғалымдары ізденісінің жемісі болатын. Ендігі жерде бұл жұмысты оқыту әдістемелерімен байыта отырып, білім беру ісіне қолданатын боламыз. Қазір осы жобаны жетілдіру үстіндеміз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың болашақ кадрларды үш тілде дайындау жөнінде тапсырма бергені өзімізге белгілі. Мұны да басшылыққа ала отырып, ағылшын тілінде оқыту жүйесін тереңдету мақсатында мамандарды шетелде де дайындауды жүйелі жүргізіп келеміз. Біздің бұл ізденістеріміздің негізгі арқауында білім сапасын арттыру, білікті маман дайындау ісін орнықтыру жатыр. Елу жылға таяу уақыттан бері жұмыс істеп келе жатқан экономика және бизнес факультетінде қазір мыңнан аса студент білім алып жүр. Осы арада айта кетер бір нәрсе, маман дайындау бар да, сол маманды жұмыспен қамтамасыз ету бар. Біздің білім ордасында қазір бұл өз шешімін тапты деуге болады. Өйткені, өңірдің сұранысына қарай студент қабылдау, бітіргеннен кейін қажет жұмыс орнына жіберу мәселесі тиянақталған. Біз білімді іргелі университеттік деңгейде беруді бірінші кезекке шығардық. Одан кейін абсолютті нақты кәсіби іске қолдануға болатын арнайы білімдер мен дағдыларға бейімдейміз. Үшінші, төртінші курстардан бастап теориялық білімді практикамен ұштастыру қолға алынады. Әр студент кітаптан оқығанын өзінің қалаған мамандығы бойынша елді мекендерде айлап жүріп, тәжірибе жинақтайды. Бұл оның болашақтағы жұмысына пайдалы болатыны сөзсіз. Алдағы уақытта осының бәрін «виртуалды кәсіпорын» бағдарламасы бойынша атқаруды жоспарлап отырмыз. Бұл әлемдік деңгейдегі кадр дайындау ісін өз елімізде де орнықтыратын болады. Бұған Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан агротехникалық университеттің дайындығы жеткілікті деп білеміз. Раушан ҒАБДУАЛИЕВА, экономика ғылымдарының докторы, профессор.
Білім • 28 Шілде, 2011
«Виртуалды кәсіпорын» дегеніміз нені білдіреді?
Таразда 13 жастағы қызды құтқарған ер адам марапатталды
Аймақтар • Бүгін, 21:37
Алматыда курьер мен тапсырыс беруші әкімшілік жауапқа тартылды
Оқиға • Бүгін, 21:23
Америкалық The National Interest журналында Мемлекет басшысының мақаласы жарияланды
Президент • Бүгін, 21:08
Мемлекет басшысы Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысып жатыр
Президент • Бүгін, 20:59
Түркістан облысының тұрғыны 13 млн теңгеге бүйрегін сатпақ болған
Оқиға • Бүгін, 20:45
Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы нысана көздеуден 11 медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 20:22
Ресейдегі отандастарымыз жаңа Конституция бойынша референдумда дауыс бере алады
Референдум • Бүгін, 19:50
Абай облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 19:06
Конституциялық реформа: Экономиканың жаңа басымдықтары айқындалды
Экономика • Бүгін, 18:43
Швеция дәстүрлі оқу материалдарына инвестиция сала бастады
Әлем • Бүгін, 18:36
Астаналық әйел АҚШ-қа виза жасатып беремін деп 6 адамды алдап кеткен
Оқиға • Бүгін, 18:10
Ел өңірлерінде алдағы көктемде су тасқыны қаупі бар ма?
Аймақтар • Бүгін, 17:59
Ермахан Ибраимов: Мемлекет – ортақ мақсатқа сүйенгенде ғана қуатты болады
Ата заң • Бүгін, 17:55