02 Тамыз, 2011

Құқық қорғау қарымы артты

425 рет
көрсетілді
15 мин
оқу үшін
Тәуелсіздіктің құқықтық негіздері Елдегі қоғамдық тәртіп, бейбіт өмір, жеке адам­ның қауіпсіз­дігі мен тыныштығы, мен­шіктің қор­ғалуы және т.б. тәртіп мәселе­лерінің сақ­талуы құ­қық қорғау органдары­ның иығы­на жүктел­ген негізгі міндет. Бұл міндеттерді орындау сан­дық есеппен емес, ең алдымен са­па­лық көрсеткіштермен айқын­далуға тиіс. Ал осы орайда азамат­тардың қауіпсіз­дігі мен ты­ныштығы, еліміздегі қылмыстың жай-күйі мен криминогендік жағдайдың деңгейі ішкі істер органдары қызметінің тиімділігіне тікелей бай­ла­нысты болмақ. Ендеше, бұл бағытта біздің елімізде қандай жұмыстар қолға алынып жатыр? Жалпы осы салада тәуелсіздік жыл­дары қандай құқықтық шаралар қаралып, не тындырылды? Міне, осы және өзге де өзекті мәселелер туралы Ішкі істер министрі Қ.Қасымовқа жолығып, әңгімелесудің сәті түсті. – Қалмұханбет Нұрмұ­хан­­бет­ұлы, әңгімемізді Мем­лекет бас­шысының «Қазақ­стан Рес­пуб­ли­касындағы құқық қорғау қыз­меті мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығынан баста­сақ деймін. Бұл Жар­лық­тың қабыл­д­анғанына тура бір жыл толып отыр. Онда Ішкі істер министр­лігіне қатысты көптеген міндеттер алға қойылды. Ел Тәуел­сіз­дігінің 20 жылдығына орай бұл мін­деттердің атқарылуы қандай деңгейде деп бағалайсыз? – Иә, үстіміздегі жылдың Ел­ба­сы­ның Жарлығымен ел Тәуел­сіз­дігінің 20 жылдығы деп жариялануы бәрі­мізге үлкен жауап­кершілік жүктеуі­мен қатар хал­қы­мыздың жанын жады­ра­тып, қуа­ныш­қа бөлейтін тарихи сәт екенін де білдіреді. Бұл орайда Ішкі істер министрлігі ел Тәуелсіздігінің мерейлі мерекесіне толымды табыс­тар­мен келіп отыр. Соның бірі, өзі­ңіз айтқандай, Мемлекет бас­шы­сының «Қазақстан Респуб­ли­ка­сын­дағы құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арт­тыру жө­нін­дегі шаралар туралы» Жар­лы­ғы­нан туын­дай­тын міндеттерді ми­нистрліктің атқаруы бо­лып табы­ла­ды. Ал атқарылған қызмет аз емес. 2010 жылы көші-қон саласын­д­а­ғы барлық өкілеттілік Ішкі істер министрлігіне шоғырлан­ды­ры­лып, Көші-қон поли­ция­сы комитеті құ­рыл­ды. Оған қоса Кө­лік­тегі Оң­түс­тік Шығыс, Батыс және Ор­та­лық ішкі істер департаменттерін біріктіру арқылы бір Көліктегі ішкі істер департаменті құрылды, оған 25 желілік ішкі істер бөлімі бағынысты болды. Тергеу және Кри­миналдық полиция қызмет­терін біріктіру ар­қы­лы сынақ ретінде Астана қала­сы­ның және Алматы облысы­ның ішкі істер департа­мент­терінде тергеу бө­лі­ністері құ­ры­лып, ІІД-нің құры­лы­мы өзгер­тіл­ді. Сонымен қатар ау­мақ­тық ішкі істер де­пар­­та­мент­тері­нің жа­ңа құ­рылымы бекі­тіл­ді. Де­партамент бастық­тары орын­ба­­сар­­лары­ның 16 лауазымы қысқар­ты­лып, олар­дың есебінен ІІД-нің ұсы­ныс­тары бо­йын­ша жедел құрам лауа­зымдары енгізілді. Орталық аппарат бөліністері­нің және Әкімшілік полиция коми­тетінің штаттық сандарын қайта бөлу есебінен жедел жоспарлау де­партаменті құрылды. Өңірлер­дегі есірткі бизнесіне қарсы күрес бө­лі­ніс­тері Есірткі бизнесіне қар­сы кү­рес және есірткі айналымын ба­қы­лау комитетіне тікелей бағы­ныс­­ты болды. Есірткі құрал­дары­ның заң­сыз айналымымен байла­ныс­ты қыл­мыстарды тергеу Ішкі істер министрлігі құзырына берілді. Ал оған қоса Ішкі істер министрлігі қарамағынан жекелеген функ­цияларды бас­қа мемлекеттік орган­дар­ға беруге бай­ланысты меди­ци­на­лық айықтыр­ғыш­тар – Денсаулық сақ­тау министрлігіне, кәме­лет­ке тол­мағандарды уақытша оқшау­лау, бейімдеу және оңалту орта­лық­тары  Білім және ғылым министрлігі құзы­рына өткізілді. Мұның барлығы ұйым­дас­тырушылық құ­ры­лымды жетілдіруге, қызмет­тер­дің штат санын оңтай­ландыруға бағытталған. – Үкіметтің үстіміздегі жыл­ғы қаулысына сәйкес құжат­тан­дыру мен халықты тіркеу қызметтері Әділет министрлігінен Ішкі істер министрлігіне берілуіне байланысты Көші-қон полициясы комитеті құры­лы­мын­да құжаттандыру мен ха­лықты тіркеу басқармасы құ­рыл­ды. Оларды құру­дағы негізгі мақсат қандай және оның құрылуынан халық қандай оң нәтижелерге қол жеткізе алды? – Азаматтықты және жеке куә­лікті алу қызметі бір министрлікте болуы, халыққа қызмет көрсетудің сапасын арттыруға ықпалын тигізеді деп ойлаймын. Осыған бай­ла­ныс­ты айтарым, таяуда құжат­тан­ды­ру және тіркеу бөліністерінің штат­тарын жасақтау жұмысы аяқ­талды. Енді құжаттандыру және тіркеу мә­с­елелері жөніндегі қыз­мет­ті көші-қон полициясы атқа­ру­да. Азамат­тар­дың жеке куәлік­терін ресімдеу бұ­рынғыдай халыққа қызмет көр­се­ту орталығы арқылы жасалуда, бі­рақ оны әлі де ішкі істер орган­дары­ның қызметкерлері жүзеге асыруда. Халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту мақ­сатында мүдделі министрліктермен бірлесіп, халықты құжаттандыру және тіркеу үшін талап етілетін құжаттардың санын қысқарту, бизнесс-процестерді оң­­тай­­ландыру жөнінде 2011-2013 жыл­­дарға арналған іс-шаралар жоспары әзірленді. Құжаттандыру үрдісін оңтай­лан­ды­ру мақсатында 2011 жылғы 16 мамыр­дан бастап Астана қала­сы Алматы ауданының ха­лыққа қызмет көрсету орталығында, ал 9 мау­сым­­нан бастап Алматы қаласы Әуезов ауданы­ның халыққа қыз­мет көр­сету орталығында азамат­тар­ды құжат­тан­дырудың пи­лот­тық режімі іске асырыл­ды. Осы­ның негізінде жеке куәліктерді әзірлеу мер­зімі қысқарады. – Техникалық байқауды жүр­гізу жөніндегі қызметті бәсеке­лес­тік ор­таға беру қолдау тап­ты. Бұл жалпы қа­лай жүзеге ас­пақ? Олардың қыз­меті толық­тай қашан басталмақ? – Үстіміздегі жылы қаңтар айын­да «Қазақстан Республикасының кей­бір заң­на­малық актілеріне меха­ни­калық көлік құралдарын және олар­дың тіркемелерін міндетті тех­ник­алық байқаудан өткізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толық­тыру­лар енгізу туралы» Заң қабылданды. Осы заң негізінде техникалық бай­қау­ды көлік және коммуникация са­ла­сындағы уәкілетті органдар тех­никалық байқау ор­та­лықтарының тізіліміне қосқан техни­калық байқау орталықтары өткізетін бола­ды. Мұн­дай орталықтарда стационарлық жә­не көшпелі техникалық байқау желілері болуы шарт. Олар тежеуіш жү­йе­сі мен рүл басқаруының, аспа­лы эле­мент­тер­дің тиімділігін және ат­мос­фераға шы­ғарылатын зиян­ды заттарды авто­матты түрде анық­тап отырады. Көлік құралдары иелерінің уа­қы­тылы техникалық байқаудан өтуі­не бақылауды жүзеге асыру функ­циясы Ішкі істер ми­нистрлігінің құ­зы­ретінде қалады. Тех­никалық бай­қаудың толықтырылған жаңа тетіктері 2012 жылдың 1 қаңта­ры­нан бас­тап жұмыс істейді. Оған дейін жо­л по­лициясы бекітілген үлгіде жұмысын жалғастыра береді. – Ішкі істер органдарының төл міндеттерінің бірі құқық бұзу­шы­лықты болдырмау. Дегенмен, соншама құқық бұзушылық бо­лыпты деп ауыз толтырып айт­қан­нан гөрі келең­сіздік­тің алдын алған тиімді емес пе? Жал­пы құ­қық бұзушылықтың алдын алу туралы не айтасыз? – Қылмысты әлеуметтік жағым­сыз құбылыс деп тану оның алдын алуға, ең алдымен себептерін жою­ға арналған тиісті стратегияны көз­дей­ді. Алдын алу жұмысы қоғам­дық қатынастарды жетілдіруге және құқық бұзушылыққа қарсы әрекет жасайтын кешенді іс-шаралардың қам­тамасыз етілуіне бағытталған әлеу­мет­тік басқару саласының бір ерекше түрі. Елбасының «Қазақстан Республи­ка­сындағы құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар ту­ра­лы» Жарлығын іске асыру мақ­са­тында 2011-2013 жылдарға арнал­ған құқық бұзушылықтың алдын алу­дың салалық бағдарламасы әзір­ленді. Бағдар­ламаның басты мақ­са­ты – қоғамдық қауіп­сіздікті қамта­ма­сыз ету деңгейін арттыру, еліміздегі құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесін құрып жаңа әдістерді енгізу, сонымен қатар жасөспірімдер ара­сындағы және рецидивтік қыл­мыс­тардың алдын алуда мемлекеттік органдардың жұмысын жан­дан­дыру. Үстіміздегі жыл­ғы мау­сымда құқық бұзушылықтың ал­дын алу жөніндегі ведомствоаралық ко­мис­­сияның бірінші отырысы өтті. – Осы орайда елді елең еткізген қылмыстардың тексерілу барысына, оның уақытылы ашыл­ғанына тоқ­тала кетсеңіз. – Өзіне еліміздегі әрбір азамат­тың қауіпсіз өмір сүруі және қо­ғам­да тәр­тіпті қамтамасыз ету тә­різді жауапты міндеттер жүк­тел­генін әр полиция қыз­меткері жақ­сы түсінеді. Қызметтік міндеттерін тиянақты атқарып, қылмысқа қар­сы күресте батылдық пен та­бан­дылық, ерлік көрсетіп, қала­лар­да, елді мекендерде, шалғай аудандарда адам­дардың тыныш­ты­ғын қорғап, күн-түн демей, қандай ауа райы болса да қыра­ғы­лық та­нытып, кей кездері өміріне қауіп төнсе де қылмыскерлердің ізіне тү­сіп, үлгі тұтарлық жетістіктерге қол жеткізіп жатқан қызмет­кер­лері­міз баршылық. Қыл­мыстың ашылуы ат­қарылған қыруар жұмыс­тың, самайдан аққан тердің жемісі. Мәселен, үстіміздегі жылы Ал­маты қаласында Селезнев атын­да­ғы хорео­графиялық училищенің ди­ректоры Қарлы­ғаш Мырзаханова­ны айуандықпен өлтір­ген қылмыс қо­ғамдық толқу туғызды. Алматы қа­ласы ІІД-нің жедел және тергеу бө­ліністерінің анағұрлым тәжіри­белі қызметкерлерінен құрылған же­дел-тер­геу тобы күні-түні жұ­мыс істеді. Қыл­мыстың себептерін анықтау үшін түрлі болжамдар жасалып, тексерілді, оның ішінде жәбірленушіні тонау мақсатында өлтіру мүмкін деген нұсқа да жоқ­қа шығарылмады. Қылмыс болған жерді мұ­қият қарау барысында пә­терден баға­лы заттар мен техни­ка­ның ұрланғаны анықталды. Қыл­мыс болған күні үйдің кіреберісінде арқасына сөмкесін асын­ған бел­гісіз ер адамды көрген адам­дар­д­ың айтуы бойынша күдіктінің бейнесі жасалды. Көп кешікпей, ара­да бес күн өткен соң 28 жас­тағы күдікті ұсталды. Қылмыс болатын күні еш жерде жұмыс істемейтін жас жігіт жә­бір­ленушіні көшеден кездестіріп, үйі­не дейін ілесіп, соңынан жүрген. Әйел­ді тонап, оңай олжа та­буды көз­­деген мақсатында оның есігіне қо­ңырау шалады. Өзін көршісі ретінде т­а­ныс­тырып, пәтерге оңай кіреді. Жал­ғыз тұратын әйелді ұрып-со­ғып, ақша, бағалы заттар талап ете бастайды. Қарсылық көрсеткен жә­бірленушіге ол бірнеше жерден пышақ салып, денесіне ауыр жара­қат келтіреді. Пәтерден бағалы заттар мен жеке мүліктерді асығыс алып, қылмыс орнынан жасырынып үлгірген. Ертесіне қоңырауларға жауап бер­меген училище директорының үйіне келген жүргізушісі жедел жәр­дем шақырып, полицияға ха­бар­лаған. Алайда алған жарақат сал­дары­нан ол ауруханада есін жи­мас­тан қайтыс болған. Белгісіз адам­дарға есік ашып, сенім біл­діру­­дің аяғы осындай түрлі ауыр және аса ауыр қылмыстарға әкеледі. – Жоғарыда тергеу және кри­миналдық полиция қызметтерін біріктіру арқылы сынақ ретінде Астана қаласының және Ал­ма­ты облы­сының ішкі істер департаменттерінде тергеу бөліністері құрылып, құры­лы­мы өзгертілді дедіңіз. Мұның қандай артық­шы­лықтары болмақ? – Иә, Астана қаласы және Ал­маты облысы ішкі істер департаменттерінде сынақ ретінде тергеу бөліністері құрыл­ды. Оның жұмы­сы ұдайы министрлік басшы­лы­ғы­н­ың бақылауында тұр. Тәжірибе жасау ретінде өткізу ережесі, тергеу бөлінісінің штаты, құры­лымы бекітілді. Енді бір бө­лі­ніс, яғни бір белгілі топ қыз­мет­кер­лер қылмыс болған жерді қа­рап, зерттеуден бастап істі сотқа жі­бергенге дейін жауап беретін бол­ды. Олардың жұмысында қыл­мыс­тың алдын алу, болдыртпау, орын алған қылмысты ашу және қылмыстық істерді тергеу, аза­мат­тар­дың конститу­ция­лық құқы­ғы­ның бұзылуына жол бермеу, мін­деттерді орындауда барлық қыз­мет­тердің өзара тығыз қарым-қа­ты­нас жасауын бақылау тәрізді ба­сымдықтар ерекше назарға алын­ған. Осыған сәйкес үстіміздегі жы­лы Алматы облысында өткізі­ліп жатқан сынап көрудің тиімділігіне баға беру мақсатында прокуратура органдарымен бірлескен ведомство­аралық мәжіліс өтті. Әрине, жедел қызметкерлер­дің, тергеушілер мен анықтаушы­лар­дың жұмыс көрсеткіші түбе­гей­лі жақсарды деп айту әлі де ерте. Тергеу жөніндегі бөлініс­терге, әсіресе, Астана қаласы бойынша қылмыстық іс қозғаудан бас тар­тылған өндірістегі қылмыстық істер мен материалдар бойынша тер­геушілер мен анықтау­шыларға түскен жүктеме артты. Бұл тергеу сапасы мен мерзіміне және басқа да жұмыс көрсеткіштеріне кері әсерін тигізуде. Сонымен қатар бұл өн­дірістегі қылмыстық іс­тер­дің саны­ның артуына және арыз­дар мен хабарламалар бойынша енді шешім қабылдау тергеушілер мен анықтаушыларға жүктел­геніне байланыс­ты болуда. Бұрын бас тарту материалдары бойынша шешім­дердің басым бөлігін кри­миналдық, әкімшілік және басқа қыз­меттердің қызметкерлері қабылдайтын. Ал бұл бастамалардың барлығы халықтың полицияға деген сенімін күшейту үшін жасалып жатқан қ­а­дамдар. Қазіргі күні барлық арыз­дар тіркеледі, бұрынғы кеңестік за­ма­­нындағыдай шағымданушыны ары­­зын қайтарып алуға үгіттеу немесе жасырып қалу деген жоқ. Про­ку­ра­тура тарапынан бақылау күшей­ті­ліп, қылмыстарды электронды тіркеу жүйесі енгізілді. Осы жүйе негізінде азаматтардың арыздары авто­мат­ты түрде Бас прокуратураның құ­қық­тық статистика және арнайы есепке алу комитетінің серверіне тү­седі. Мұ­ның барлығы Ел­басының қойған тапсырмаларын орын­дау үшін, ха­лық­тың сақшыларға деген сенімін күшейту үшін жасалып отыр. – Қазіргі күні сотқа дейінгі оңайлатылған өндірісте істердің саны артып отыр ма? – Қылмыстың үлкен емес, орта, ал үстіміздегі жылғы 4 ақпан­нан бастап ауыр қылмыстар бойынша сотқа дейінгі оңайлатылған өндіріс­ті қолдану тиімді екенін дәлел­деді. Үстіміздегі жылдың 6 айы ішінде оңайлатылған сотқа дейінгі өн­ді­ріс ретінде 7738 қылмыстық іс аяқ­тал­ды, оның ішінде 185-і ауыр қыл­мыс­тар өткен жылдың көрсет­кі­ші­мен салыс­тырғанда 60 пайызға арт­қан, ал жал­пы сотқа жолданған істер 22,6 па­йыз­ды құрайды. Салыс­тырмалы түрде айтсақ, 2010 жылы 13,6 пайыз еді. Бұл ретте жо­ғары көрсеткіштерге Көліктегі, Сол­түс­тік Қазақстан және Ақтөбе облыс­тары­ның ішкі істер департаменттері қол жеткізіп отыр. Осындай ны­сан­дағы қылмыс­тар­дың көбісі ұр­лық, тонау және алая­қ­тық. Ауыр қылмыстардың ішінен тонау – 107, есірткінің заңсыз айналымы 58 бірлікті құрайды. Жалпы, сотқа дейінгі оңай­ла­тыл­ған өндіріске жолданып жатқан қыл­мыс­тық істердің саны ай сайын артып отыр. – Әңгімеңізге рахмет. Әңгімелескен Александр ТАСБОЛАТОВ.