Білімде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді қолдану, жаңа технологияларды жасау және тарату, инновацияларды өрістету және ынталандыру – ХХІ ғасырдағы әлемдік білім беру жүйесі дамуының негізгі басымдықтарының бірі. Сондықтан да еліміздің көптеген мектептерінде білім беруді ақпараттандыру мәселесі қолға алынуда. Оны жолға қойып жатқан мектептер қатарында біздің «ХХІ ғасырдың таңдаулы ауыл мектебі» деген атаумен республикаға танымал Маңғыстаудағы Маршал Әбдіхалықов орта мектебі де бар.
Мектептегі оқушы саны 1200-ге жуық. Оларға білім мен тәрбие беретін 140-тан астам ұстаздың 92-сі жоғары білімді. Мектептегі педагогикалық мамандар қатары өз түлектерi есебiнен толықтырылып отырады. Бұл мектеп ұжымының оқушыларға кәсiби бағдар беру iсiндегi үлкен ұйымдастырушылық жұмысының нәтижесi десек, артық емес. Мектепте 2 компьютер, 2 мультимедиа кабинеті бар. Жаратылыстану бағытындағы негізгі пәндер болып есептелетін физика, биология кабинеттері қазіргі заман талабына сай жасақталған. Бұл кабинеттерде оқушылардың өз бетінше ізденуі, ғылыми жобалармен айналысуы, пәндік олимпиадаларға дайындалуы үшін барлық қолайлы жағдай жасалған. Физика мен биология пәні тереңдетілген бағдарламамен оқытылатын cыныптарда әрбір сабақ ақпараттық технологияны тиімді пайдалану арқылы жүргізіледі. Бұл әдістің білім сапасын арттыруға ықпалы зор екендігін білікті ұстаздар өз тәжірибелері арқылы байқауда. Мектеп ұстаздарының барлығы да оқушымен жеке жұмыс барысында ақпараттық технологияны белсенді түрде қолданатын, білім мен ғылым жаңалықтарымен әрдайым танысып отырудан жалықпайтын, ізденімпаз мұғалімдер. Атап айтсақ, биология пәнінің мұғалімі, ҚР білім беру ісінің озық қызметкері, ардагер ұстаз Күлән Бекованың шәкірттері білімнің биік шыңдарынан көрініп, сапалы берілген білімнің нәтижесін әр салада дәлелдеп жүр.
Білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау, білімді қабылдау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін ақпараттық технологияны қолдануды басты назарда ұстайтын мектептің әрбір ұстазы күнделікті сабақта компьютер, интерактивті тақтаны тұрақты пайдаланумен қатар, электронды оқулық және интернет материалдары арқылы оқушының пәнге деген ынтасын арттыра түседі. Соның нәтижесі ретінде мектеп оқушылары облыстық, республикалық пән олимпиадалары, ғылыми жобалар байқаулары, дельфийлік ойындар, «Үздік тұсаукесер» байқаулары сияқты білім додаларында айтарлықтай жетістіктерімен көзге түсіп келеді. Биылғы оқу жылында география пәнінен республикалық ғылыми жобалар байқауында 11 сынып оқушысы Ержан Мәкенов бірінші жүлде иегері атанды. Пәндік олимпиадаға дайындалуда оқушыларымыз интернет жүйесін тұрақты түрде пайдалануына толық жағдай жасалған.
Өзгелерді үйрететін ұстаздар өздері үйренуден де қашпайды. Мектептің ұстаздар қауымы онлайн сабақтар арқылы облыс, республика мұғалімдерімен тәжірибе алмасуды дәстүрге айналдырған. Бүгінгі күні білім жүйесіне жаңа бағыт беруде ақпараттық жүйелермен толықтырудың, мультимедиа, интерактивті құралдарды сабақ үрдісіне тұрақты қолданудың маңыздылығын жете түсінген ұжым ұстаздары Маңғыстау облыстық мұғалімдердің біліктілігін арттыру институты жанындағы «Интерактивті тақта және мультимедианы пайдалану» курсынан өтіп, үйренген әдістерін сабақ пен сабақтан тыс шараларда тиімді пайдаланып отырады.
Оқу тәрбие үрдісіне ақпараттық технологияларды енгізуде үздіксіз еңбектенетін, жоғары біліктілікке ие мамандардың орны ерекше екендігі баршаға аян. Осыған байланысты аталмыш білім ордасының ұстаздары, жыл сайын өткізілетін облыстық «Алтын диск» байқауының жүлдегерлері Гүлима Қабақова, Жанна Қаражановалар өз іс-тәжірибелерінде электронды оқулықтар құрастырумен айналысып, оларды сабақта тиімді пайдаланады.
Осылайша жаңалыққа жаны құмар, жас ұрпаққа жаңаша бағытта білім беруді мақсат еткен ұстаздар ұжымы әрдайым жемісті еңбек етуде.
Роза БАЙМАНОВА, Маршал Әбдіхалықов орта мектебінің әдіскері.
Маңғыстау облысы,
Түпқараған ауданы.

Мәжіліске Кубаның Вице-Президенті келді
Саясат • Бүгін, 20:38
Алматыда аптап ыстыққа байланысты жәрмеңкелерде ет сатуға шектеу қойылады
Қоғам • Бүгін, 20:30
Bloomberg: Қазақстан сын-қатерлерді мүмкіндіктерге айналдыруды үйренді
Экономика • Бүгін, 19:55
Мемлекет басшысы Куба Республикасының Вице-президенті Сальвадор Вальдес Месамен кездесті
Саясат • Бүгін, 19:25
Астанада адам ұрлаған шетелдік алты азамат сотталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 19:20
Зайсанда жаңа әуежайдың құрылысы аяқталуда
Қоғам • Бүгін, 18:58
Павлодарда полиция зейнеткердің 4 млн теңгесін сақтап қалды
Қоғам • Бүгін, 18:34
Тоқаев ауыл шаруашылығын цифрландыруды күшейтуді ұсынды
Президент • Бүгін, 18:04
Президент ЕАЭО-ның сыртқы сауда-экономикалық әлеуетін іске асыру маңызын айтты
Саясат • Бүгін, 17:59
Министр Михаил Шайдоровқа қатысты жағдайға түсініктеме берді
Спорт • Бүгін, 17:57
Мемлекет басшысы: Елімізде 650-ден астам «ақылды» фермалар жұмыс істеп тұр
Саясат • Бүгін, 17:53
Президент: Одақ аясындағы ақпараттық жүйелерді өзара кіріктіру – уақыт талабы
Президент • Бүгін, 17:51
Сарбаздарға грант беру әскерге қызығушылықты арттырды ма?
Әскер • Бүгін, 17:50
Жоғары білімнің жасырын құны: Студент шәкіртақысын қайда жұмсайды?
Білім • Бүгін, 17:48
Михаил Шайдоров жалақы дауына қатысты мәлімдеме жасады
Спорт • Бүгін, 17:45