«Сыбаға» бағдарламасы қалай жүзеге асырылып жатыр?
Елбасының тапсырмасы бойынша «Сыбаға» бағдарламасының өмірге келгені белгілі. Ет бағытындағы ірі қара малын өсіруге тікелей бағытталған бұл бағдарламаның ел өміріне тигізер пайдасы орасан зор болмақ. Қызылорда облысы аталған бағдарламаға енген аймақтардың біріне жатады. «Сыбаға» бағдарламасы Сыр бойында қалай жүзеге асырылып жатыр?
«Егемен Қазақстанның» Қызылорда облысы бойынша меншікті тілшісі Ержан БАЙТІЛЕС «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда облыстық филиалының директоры Мәди ИБАДУЛЛАЕВҚА:
– Сіз бұған не дейсіз?
– Ең алдымен, аталған бағдарламаға Қызылорда облысының соңынан енгенін айтуға тиіспіз. Сондықтан өзге өңірлерге қарағанда біздің аймаққа бөлінген қаржының жалпы сомасы аздау болды. Алғашында «Сыбаға» бағдарламасы бойынша біздің қор тек 7,5 миллион теңгеге дейін ғана береді деген шешім шыққан. Ал одан жоғары қаржы Аграрлық несие корпорациясы арқылы берілуге тиіс болатын. Кейіннен ол шешім өзгертіліп, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 18 миллион теңгеге дейін беруге рұқсат етілді. Ал несиенің берілу уақыты 7 жылды құрайды.
Бағдарлама бойынша Қызылорда облысында 18 шаруа қожалығы тиісті қолдау тапты. Барлығына қор арқылы 108 миллион теңге берілді. Аталған қаржыға шаруа қожалықтары 720 бас сиыр мен 14 өндіруші бұқа сатып алуға тиіс. Бағдарламаның басты шарты бойынша шаруашылықтар асыл тұқымды ірі қара сатып алуға тиіс еді. Кейіннен енген өзгертулерге байланысты аналық сиырдың асыл тұқымды болуы шарт болмай қалды. Ал сатып алынатын бұқалар міндетті түрде қазақтың ақ бас бұқасы болуы керек. Себебі, сиыр тұқымын асылдандырып, ет бағытындағы мал басын арттыру басты міндет.
Алғашқыда 7 шаруашылық қор арқылы 500 бас сиыр сатып алу жоспарланған еді. Нәтижесінде 562 бас ірі қара малы алынатын болды. Бұл ел арасында «Сыбаға» бағдарламасының оң сипат алып, елдің қызығушылығын туғызғаны деген сөз. Бағдарламаның басты ерекшелігі, пайыздық мөлшерінің аздығы дер едік. Дегенмен, шаруашылықтар алғашқы екі жылда ешқандай қаржы қайтармайды. Ал екі жылда шаруаны дөңгелетіп, мал басын біршама арттырып алуға болады. Оның үстіне алғашқы төлдері де жетіледі. Сондықтан мемлекет берген қаржыны қайтаруға да қиналмайды.
Қызылорда.

Атырауда алимент төлемегендердің берешегі 3 млрд теңгеден асқан
Оқиға • Бүгін, 13:40
Серік Сәпиев Конституциялық реформа туралы пікір білдірді
Қоғам • Бүгін, 13:23
Сарапшы: Елдегі демографиялық өсім географиялық тұрғыда тарылып барады
Қоғам • Бүгін, 13:04
Димаш Құдайберген 70 аспабын музейге тапсырды
Мәдениет • Бүгін, 12:51
Орфандық ауруы бар науқастар неге дәрісіз қалды?
Медицина • Бүгін, 12:42
Азия ойындары-2029: Алматыда жаңа спорттық нысандар салына ма?
Спорт • Бүгін, 12:33
Астанада полицейлер мұз құрсауында қалып қойған балықшыны құтқарды
Оқиға • Бүгін, 12:26
Әлем кубогі: Қарағандылық спортшылар артистік жүзуден 14 медаль еншіледі
Спорт • Бүгін, 12:15
Абзал Құспан: Конституциялық сот азамат пен мемлекет арасындағы төреші болады
Ата заң • Бүгін, 12:03
«Astana Motors» ұжымы жаңа Конституция жобасын талқылады
Референдум • Бүгін, 11:50
Семейде 30-ға жуық отбасы баспаналы болды
Аймақтар • Бүгін, 11:45
АҚШ Сириядан әскерін толық әкетуді жоспарлап отыр
Саясат • Бүгін, 11:37
ERG металлургтері отандастарымызды референдумға қатысуға шақырды
Ата заң • Бүгін, 11:35
Жылжымалы кітап көрмесіне қандай шығармалар ұсынылды?
Әдебиет • Бүгін, 11:30
76 жасқа дейінгі ел азаматтары тегін скринингтен өте алады
Медицина • Бүгін, 11:23