09 Тамыз, 2011

Дерек пен дәйек

296 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
2 трлн. теңге Атырау облысында биылғы   6 айда  осынша теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді Статистикалық мәліметтерге қарағанда мұнайлы өңір эконо­ми­ка­сындағы ырғақты дамудың та­сы өрге домалап тұр. Тіпті, өткен жылдың осы кезеңімен салыс­ты­рар болсақ, экономи­ка­лық өсімге бет алғаны бай­қа­лады. Мұны биылғы бірінші жар­тыжылдықта өндірілген өнер­кәсіп өнімінің кө­лемі 2 триллион 087,4 миллиард теңгені құрауымен байланысты­ру­ға бола­ды. Оның ішінде тау-кен сала­сындағы өнім 1 триллион  924,6 миллиард теңгені құрап отыр. Осы кезеңде өңірдің мұнай-газ өнеркәсібі саласында 15 миллион тонна «қара алтын» және 6,9 миллиард текше метр ілеспе газ өндірілді. Осы сала­дағы өнді­ріл­ген өнімнің басым бөлігі «Теңізшевройл» бірлескен кәсіп­ор­нының үлесіне тиеді. Бұл кә­сіпорын мұнайшылары бірінші жартыжылдықта 13 миллион тон­на мұнай мен 6,8 миллиард текше метр газ өндіруге қол жеткізді. Сондай-ақ 146,1 миллиард теңгеге бағаланған шикізатты өңдеуден өткізді. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, Атырау облысы.   801,9 млн. теңге Биылғы жылдың өткен 6 айында әлеуметтік жағынан аз қамтылған 77,9 мың азаматқа осыншама қаржылай көмек көрсетілді Еліміздегі «Мемлекеттік әлеу­меттік көмек туралы» Заңға сәй­кес халықты жұмыспен қам­тудың белсенді нысандарымен қатар, әлеуметтік көмектің түр­ле­рі ұсы­ныл­ған. Мәселен, жи­ынтық та­бы­сы жан басына шақ­қанда кедейлік шегінен аспай­тын отбасы­ла­рына атаулы әлеу­меттік көмек көрсету жалғасып, биылғы жылы оған 208,9 млн. теңге бөлінген. Өткен мерзімде 1464 отбасына (6259 адам) 80,9 млн. теңге көлемінде көмек қаржы төленген. Сонымен қатар, балаларға ар­налған жәрдемақы асы­рау­ын­­дағы 18 жасқа дейінгі әр ба­лаға заң бойынша белгіленген азық-түлік себетінің құнынан төмен отбасы­ла­рына тағайын­да­лып, 2011 жы­лы осы жәр­дем­ақыға 818,2 млн. теңге бө­лін­ген. Ал­ғаш­қы жар­ты­жыл­дықта 14997 отбасына 336,1 млн. теңге қаржы қарас­ты­рылған. Елбасының Жолдауындағы тап­сырмаға сәйкес 2011 жылдың өткен 6 айында аз қамтамасыз етілген 77,9 мың азаматқа 801,9 млн. теңге әлеуметтік көмек көрсетіліп, мұқтаждықтары шешімін тауып отыр. Күмісжан БАЙЖАН, Алматы облысы.   630 млн. теңге «Ақтөбе ЖЭО»  АҚ өздерінің қондырғыларын күрделі және ағымдағы жөндеуге осыншама теңге қаржы бөлді Акционерлік қоғам директо­ры Рахым Мұхамедғалиевтің мә­лімдеуінше, кәсіпорынның алда­ғы жылу беру маусымына толық дайын болуы үшін негізгі, қосал­қы және жалпы стансалық қон­дыр­ғыларды, ғимараттарды күр­де­лі және ағымдағы жөндеу жұ­мыстарын жүргізу жоспарлануда. Тамыз айының басына дейін мердігерлік ұйымдар және  кә­сіп­­орынның өзінің күшімен 216 мил­лион теңгенің жұмыстары атқа­рыл­ды. Соның ішінде тоғыз бу қа­занының алтауы, алты бу тур­би­на­сының  төртеуі жөн­дел­ді. Бу және су қыздыру қазан­да­рын жөндеу жұ­мыстары аяқта­лып келді. Қыс­қы жылу беру мау­сы­мына әзірлік жұмыстарын негізінен қыркүйек айына дейін  тия­нақтау көзде­лу­де. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, Ақтөбе облысы.