11 Қаңтар, 2010

ЖАҺАНДАНУ ЖӘНЕ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ

4953 рет
көрсетілді
21 мин
оқу үшін
Ақтөбе мемлекеттік педагоги­калық институтының Студенттер сарайында Білім және ғылым министрлігінің және Қазақстан Жастары конгресінің ұйым­дас­тыруымен “Қазақстандық пат­риотизм – жаһандану жағдайын­да­ғы бәсекеге қабілетті елдің құ­рушы факторы” тақырыбында республикалық ғылыми-тәжіри­белік конференция өткізілді. Кон­ференцияның негізгі мақ­са­ты жастардың елдің қоғамдық, сая­си, экономикалық және мәдени өміріне қатысу белсен­ді­лігін арттыруға, олардың бойында патриотизм мен отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруға ық­пал етуді көздеді. Оның жұмы­сына жас ғалымдар, аспирант із­денушілер, студенттер, Қазақ­стан халқы Ассамблеясының, этно­мә­дени бірлестіктердің, жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Конференцияда Ақтөбе об­лыс­тық ішкі саясат басқарма­сы­ның бастығы Ахат Мырзалин қысқаша сөз сөйлеп, облыстағы жастар саясатын жүзеге асырудың барысын баяндады. Ол бұл мәсе­леге облыс әкімі Елеусін Сағын­дықовтың ерекше мән беріп отырғанын атап өтті. “Жасыл ел” және студентер құрылыс жасақ­тары жұмыстарын ұйымдасты­ру­дағы ізденістерді, жақсы оқитын студенттерге гранттар бөлу тә­жірибесін сөз етті. Білім және ғылым министр­лігі тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаменті директоры­ның орынбасары Мадияр Қожах­меттің мәлімдеуінше, 2006-2008 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің мем­лекеттік бағдарламасы аясында 800-ден астам шара өткізіліпті. “Ме­нің Отаным – Қазақстан”, “Бұл – біздің Туымыз”, “Бұл – біздің Әнұранымыз” сияқты рес­публикалық акциялардың жас­тарға тәрбиелік мәні зор болған. Оларға еліміздің 4,5 миллионнан астам жастары атсалысқан. Қазір елімізде 2009-2011 жылдарға ар­налған “Ауыл жастары” жалпы­ұлттық бағдарламасын жүзеге асы­ру жүріп жатыр. Жастарға патриоттық тәрбие беруде, сала­матты өмір салтын қалыптас­тыруда 460 әскери-патриоттық клуб жұмыс істейді екен. Былтыр студент жастар 34 миллион түп ағаш көшеттерін отырғызып, 51 мың гектарды көгалдандырған көрінеді. “Қазақстан жастары Кон­гресі” заңды тұлғалар бірлестігі­нің атқарушы директоры Нұрлан Сыдықов өз сөзінде жастардың бойындағы елжандылық, отан­сүйгіштік, туған жерге, мемле­кеттік тілге деген құрмет сезімі ту­ралы ой өрбітті. Ғылыми-тәжірибелік конференцияда дамыған елу елдің қатарына енуді мақсат еткен Қазақстанның бола­шағы жастардың қолында екені, ол үшін білімді де білікті болуға ұмтылу қажеттігі, ұлттық құнды­лықтарымызды қастерлей білу керектігі айтылды. Ұлттық рәміз­дерді құрметтеу, салт-дәстүрді сақтау, мемлекеттік тілдің қол­дану аясын кеңейту жайында әңгіме болды. Конференцияға қатысушылар секциялық отырыстарда “Қазақ­станның рухани-адамгершілік даму мәселелері: үрдістер, бол­мыстар, даму шарттары” және “Қоғамдық ұйымдар қызметіндегі патриоттық тәрбие беру тәжіри­бесі” деген тақырыптар бойын­ша қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың өзекті мәсе­лелерін талқылады. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, Ақтөбе облысы. БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ БАЯНДЫ БОЛАДЫ Елбасы көтерген елдік мәсе­­ленің бірі де бірегейі – балалар­ды мектепке дейінгі мекемелер­мен қамтамасыз етуді шұғыл жақсарту. Бұл Ақтөбе өңірінде қалай шешіліп жатыр десек, өзге өңірлермен салыстырмалы түрде қарағанда “ауызды құр шөппен сүртудің” жөні жоқ, тым тәуір тал­пыныстар бар. Бір сүйсінер­лігі, бұл бағытта жүйелі жұмыс­тың ізі көрінеді. Күні кеше ғана Темір ауданының орталығы Шұ­б­ар­құдық кентінде, Қаракемер ауылында екі бірдей балабақша пайдалануға берілді. Балабақша салу бір күннің шаруасы емес. Сондай-ақ мұны жоғарыға жа­ғым­­ды болу үшін қолдан жасал­ған шара деудің де қисыны жоқ. Оны балабақшаларды көптеп салудың, жекешеленіп кеткенін қайтарып алудың қайтарымды қадамы деп бағалаған жөн. Басқа аудандарды айтпағанда, 2010-2011 жылдары екі балабақша пайдала­ну­ға берілсе, Шұбарқұдық кен­тін­­де бұл мәселе күн тәртібінен алы­нып тасталмақ. Ал, Қараке­мер ауылындағы 25 орындық ба­ла­бақ­ша 9 миллион теңге қаржы­ға түсіпті. Алайда, осыншама бала балабақшаға барып, тәрбиеленсе, он адам жұмысқа тартылыпты. Міне, мұның өзі екі қоянды бір оқ­пен атып алғанмен бірдей емес пе? Бұдан тура он жыл бұрын осы ауданда төрт балабақша жұ­мыс істеп, тұрғындардың 3,5 пайы­зын қамтыса, қазір мектепке дей­ін­гі отыз алты балалар меке­ме­лерінде 1680 бала тәрбиеленуде екен. Яғни, балабақшамен қамту көрсеткіші 74,1 пайызды құ­райды. Жалпы, облыс тізгінін Елеусін Сағындықов ұстағалы ел болудың бесіктегі баладан бастау алатыны ұдайы қаперде ұсталып келеді. Эко­номика дамып, тұрмыс түзе­ліп келе жатқаны демографиялық ахуалға да ықпал етуде. Бала туу көбейді. Күні кешегі жаппай жекешелендіру кезінде қолды болған балабақшаны қайтара отырып, жаңаларын пайдалануға беріп жатқанның өзінде оған сұраныс жоғары. Бірақ, жергілікті билік қол қусырып қарап отырған жоқ. Шама-шарқынша мәселені шешудің икемді жолдарын іздестіруде. Жалпы 1991 жылы Ақтөбе об­­лы­сында 438 балабақша бол­ған. Қазір 376 мектепке дейінгі меке­ме бар, оның 182-сі бала­бақ­ша да, қалғаны – шағын орта­лық­тар. Облыста балабақша са­нын одан әрі көбейту жағы қа­рас­тырылуда. Былтыр 22 бала­бақша, 18 шағын орталық, бар­лығы 40 мектепке дейінгі мекеме іске қосылып, 1755 балдыр­ған­ның жолы болды. Еліміз бой­ын­ша балабақшамен қамту орташа 36,5 пайызды құрайтын болса, облыс бұл мәселеде ал­дың­ғы қатарда келеді, бұл көрсеткіш 63,5 пайызды құрап отыр. 1991-97 жылдары балабақша­лар жабылуына байланысты бө­тен қолға өтіп кеткен 300-дің үс­тін­дегі балабақшаның әзірге 28-і кері қайтарылыпты. Ақтөбе қа­ла­сында республикалық бюджет есе­бінен 2010 жылы – төрт, 2011 жы­лы – бес, 2012 жылы бес ба­ла­бақша салу жоспарланып отыр. Жыл аяғына дейін “Ақтөбе - центр” және “Емшан” фирма­лары әрқайсысы 60 орындық екі балабақшаны пайдалануға бер­ді. Жалпы, облыста балабақша ашуға ұсыныс білдіріп жүрген бизнес құрылымдар да жеткілікті. Сондықтан таяу жылдарда бұл мә­се­ленің оң шешімін табаты­нына сенім мол. Ақтөбе облысы. НҰРТАС ОҢДАСЫНОВ ЕСІМІ ҰЛЫҚТАЛДЫ Алаш ардақтыларының бірі Нұртас Оңдасынов екені белгілі. Орда бұзар 34 жасында, 1938 жылы Қазақ КСР Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағалығына сайланған, бұл жауапты лауазымды қызметті табаны күректей 13 жыл бойы атқарған Нұртас Дәндібайұлы туралы аңызға бергісіз ақиқат әңгі­ме­лердің тасқа басылып, қалың жұрт­шылыққа тарала бастауы тәуел­сіздік жылдары­ның еншісіне бұйырды. Әсіресе, “қолымда қан­ша­ма билік болса да, біреуден көк тиын пара алмадым – Қолым таза! “Үштіктің” біреуі болып адамдар­дың сыртынан қол қойып, жала жаппа­дым, ешкімнің қанын мой­ны­ма жүктегенім жоқ – Арым таза! Адам­дарды атаға, руға, жүзге бөл­ме­дім – Жүзім таза!” – деген сөз­дері құран­ның сөзіндей риясыз қабылданады. Қабырғалы қайраткер Хру­щев­­тің асыра сілтейтін әпербақан саясатымен келісімге келмей, Оң­түстіктегі мақталы үш аудан­ның Өзбекстанға берілуіне үзілді-кесілді қарсылық білдіріп, Мәс­кеудің Қазақ елінің келешегіне кесапатын тигізетін басқа да көптеген шешім­деріне қарсы ымырасыз позиция ұстанды. Үкі­метті басқарған кезеңде, қай­рат­керлік қызметінің Гурьев облы­сын бас­қаруға арнаған соңғы сегіз жылында мұнайлы өңірдің, жал­пы, респуб­ли­каның индустрия­лық дамуына мұрындық болды, баға жеткісіз бағдарлама­лардың бастауында тұрды. Қазақ­станның халық жазушысы Әбіш Кекіл­байұлының естелігіндегі мынадай деректерге назар салайық: “Хрущевтің 1962 жылдың лайсаң ақпанындағы Алматыға келген даң­ғаза сапары тұсында Н.Оңдасынов ұсынып жүрген мәсе­лелер арнайы мәжілісте қарал­ды. Ол – үш-ақ мәселе екен. Бар­лығы да Маңғыс­тауға байланысты. Оңдасынов: “Маңғыстау табиғи ресурстарға, әсіресе, мұнайға бай, оны барлау мен игеруді қатар жүргізуіміз керек”, – дейді. Хрущев: “Бізге Сібірдің мұнайы да жетеді. Маңғыстауға күніміз қарап тұрған ештеңе жоқ”, – дейді. Оңдасынов: “Маңғыстаудың өн бойы толып тұрған құрылыс материалы. Ұлу тастарды елімізде енді қанат жая бастаған құрылыс ісіне кеңінен пайдалану керек”, – дейді. Хрущев: “Осы заманғы құрылыс индустрия­сының наны сенің қайдағы бір табиғи тастарың емес, темір бетон. Неткен кері­тартпа надан адамсың?!”, деп зіркілдеп ала жөнеледі. Оңдасынов талайдан бері құпия әзірлеп жасап, талай одақтық министрліктердің әдейілеп барып, аузын алып та қойған соңғы ұсыны­сын – Маңғыстауға Мақат­тан темір жол тарту керек­тігін айтады. Хрущев оны тың­дағысы да келмей, орнынан тұрып кетеді. Мұны көріп Оңдасынов та қатқыл әңгімеге көшеді. “Бұл ұсы­ныс­тарым өтпейтін болса, облыстың жағдайы осы мүшкіл күйінде қалады. Оны көріп, басшы болып отыра алмаймын”, – деп жұрт алдында қызметтен бас тартады. Қаһармандық драмаға лайық осы саяси сахнадан Нұртас ағаның нар тұлғасы мен бар болмысын түгел аңғаруға болады. Бірақ, озбыр бастық оның өзіне неге ұнамай­тынын ашып айтпай, бұлталаққа салып, бұрмалап көрсетеді. Бір кезде тың игеруге Оңдасыновтың керітартпалықтан емес, ұлтжан­дылықтан ұмтыл­ма­ғанын Хрущев жақсы біледі”. Ежелгі Жиделі-Байсынның киелі Түркістан төрінде, яғни саналы ғұмырында адалдық пен әділдікті, ұлт мүддесін ту етіп көтеріп өткен қай­раткердің туған жерінде аты­раулық азаматтар мұражай тұрғызды, Астана, Алматы, Шымкент пен Мақ­та­аралда көшелер мен орта мек­тептерге есімі берілді. Жақында Шардара ауданы­ның жұртшылығы биыл туғанына 105 жыл толуы құрметіне төрт қақ­палы шаһарға Сарыағаш жа­ғы­нан қақ жарып кіретін даңғыл­ға Нұртас Оңдасыновтың есімін берген жөн деп шешті. Бұл ізгі­лік­ті іске аудан әкімі Марғұлан Ма­райым ұйытқы болғанын атап өткеніміз абзал. Мерекелік жиында қайраткер­дің өмірдеректерін, мұраларын отыз жыл бойы зерттеп, жинап, кітап шығарып жүр­ген астаналық қаламгер, Қазақ­стан Журналистер одағы сыйлы­ғы­ның лауреаты Гүл­сім Оразалиева, Түркістан қала­лық Ақсақалдар кеңе­сі­нің төраға­сы, “Нұртас Оңдасынов” қорының же­тек­шісі Жарылқасын Әзіретбер­генов, кентаулық, шым­кент­тік ар­да­герлер Исахан Жұма­баев, Се­йіт­камал Жүнісов, аудан әкімі Мар­­ғұлан Марайым, Шар­дара ау­дан­­дық Ардагерлер кеңесінің төр­аға­сы Тәңірберген Ағманов, арда­гер ұстаз Жамал Төлешова, алма­ты­­лық жас ғалым Осман Ардақ және басқалар жүрекжарды лебіз­дерін белдірді. Шардара орта мектебінде зиялы қауыммен кездесу өтті. Осы күні ар­тында “Ұлт ұрпағы – тілі, дәстүрі, сал­ты! Осыдан нәр алған адам ғана өз ұлтының өкілі бола алады” деген қағидалы ойлары мен “Қазақша – арабша”, “Қазақша – парсыша” сөз­діктер қалдырған тұғырлы тұлға әруа­ғына арналып ас беріліп, құран бағышталды. Нұртас Оңдасынов Үкімет бас­қарған жылдары Мырзашөл мен Қызылқұм, Шардара мен Жау­­шықұм өңірлерінде жаңа суар­малы жерлерді игеру, Сырдарияны бө­геп, су қоймасы мен су электр стан­са­сын салу сияқты маңызы жоғары жұ­мыс­тарға арналған бағдарлама­лар жа­сатқан. Ұлы Отан соғысы араға кіріп, Н.Оңдасынов арманы өткен ға­сыр­дың елуінші, алпы­сын­шы жылдары ғана жүзеге асырыла бастады. Мерекелік шараларға қатысу­шылар Шардара су қоймасы мен электр стансасына елім, жерім, ұл­тым деп өткен қайраткердің есімін беру туралы толғамды ой-пікірлерін ортаға салды. Жұмабек МҰҚАНОВ,  “Шардара тынысы”  газетінің бас редакторы. Оңтүстік Қазақстан облысы. АЛАШ РУХЫ АЙБЫНДЫ БОЛҒАЙ! Мәулен ЖАППАСБАЕВ, Жамбыл гуманитарлық-техникалық универси­тетінің 4 курс студенті. Мен төрт жылдан бері Жам­был гуманитарлық-техникалық уни­вер­ситетінің педагогика факультетінде оқып жүрмін. Туған жерім Қызыл­орда облы­сының Арал өңірі. Құдай қаласа, барыс жылы оқуды бітіріп, қолыма диплом аламын. Сондық­тан жоғары оқу орындарын бі­тіргелі отырған барша бауырла­рыма жұмысқа орналасуда, отбасын құ­ру­да, сөйтіп ел-жұртына қал-қаде­рін­ше қызмет етуде ақ жол тілей­мін. Ауылдық жерлерге жұмысқа баруға тәуекел еткен дипломды жастарға мемлекет пен жергілікті билік тарапынан жасалып жатқан жеңілдіктер түрі көбейе берсе екен деген де игі тілегім бар. Ең бастысы, әрине, жаңа жылда дүние тыныш, еліміз аман болып, мемлекетіміз дағдарыс “дауылда­ры­на” қарамастан, межелі мақсатта­рына сүрінбей жете берсе деймін. Және еліміздің ЕҚЫҰ төрағалығы құтты болып, сол төрден айтылған қазақ көшбасшысының ой-пікірі дүние жүзін мойындатып, қазақ хал­қының мерейі өсе берсе, қанеки. Айтпақшы, облысымызға, қа­ламызға жаңа жылдың қарса­ңында жаңа басшылар тағайын­далып жатыр. Сол ағаларымыз ана тілінің мәртебесін асқақтатуға бір адамдай үлес қосса. Сонда мемлекеттік тіл­дегі іс-қағаздар өрісі кеңіп, өңірдегі мемлекеттік тіл тұрғысындағы ақ­сап жатқан мәселелер де жақсарар еді. Алаш рухы айбынды болар еді. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтар болсам, барыс жы­лындағы еліміздің қадамы барыстай батыл болсын, олжалы болсын дегім келеді. Жамбыл облысы. ҮЗДІК МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАН ҚАЙРАТКЕРІ Бүгінде облыс тұрғында­рының 55 пайызы Интернет жүйесін пайдалануға қол жеткізді. “Электронды үкімет” қызметі жер-жерге осылай жетуде. Тұрғындар бұрынғыдай арыз-шағымдарын қолтықтап кабинет аралап жүрмей-ақ, әкім-қара­ларға қояр сұрақтарын, өтініш­терін енді электронды желі ар­қылы жібере алады. Облыс әкімі Бақытжан Сағынтаевтың интер­нет­тегі жеке блогына күнделікті қаншама хат-хабар келіп түсе­тінін, оған қалай жауап беріліп жатқанын, орындалуын бәрін де көзі қарақты оқырман қауым оқып біліп көріп отыр. Әкімнің жеке блогының ашылғанына әлі бір жыл да болған жоқ, соған қарамастан облыс бойынша талап-тілектерін айтқан хаттар саны бұл күндері 1,5 мыңнан асып кетіпті. Бұлар­дың көпшілігі негізінен қала тұр­ғындарынан, коммуналдық қыз­мет, көше, су, жылуға байла­нысты түскен сұрақтар екені байқалады. Ауылдықтар көбінде жолдардың жөнделуін сұрайды. Жер-су атаулары, көше аттары, ұлыларымызды ұлықтау, мәдени мұраны жаңғырту сияқты ұсы­ныс-тілектер де көп. Аудандарда, әсіресе, Ертіс ауданындағы “Жол картасының” орындалуындағы ауылдардағы дәрігерлік орындар жайлы біраз мәселелердің шеті шықты. Осы сұрақтардың әр­біреуін оқып, жауап беріп, шенеуніктерге тапсырма беруді облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев өз мойнына алыпты. Өйткені, хат соңында адам тағдыры бар екені түсінікті. Егер әкімдер өздерінің жеке блогына түскен хаттарды қадағалап күнделікті оқып отыр­са, оның да қарапайым халыққа тигізер пайдасы аз емес екен. Ал, жуырда Ақпараттан­дыру және байланыс агенттігі жариялаған конкурста біздің әкім “Электрон­ды үкімет-2009” бастамаларын жүзеге асырудағы үздік мемлекет­тік орган қайраткері” деп та­нылды. Астанада өткен Ақпарат­тық технологиялар жөніндегі халықаралық конференцияда облыс әкімі Бақытжан Сағын­таевқа адамдарға жылылық сәу­лесін шашатын қос алақан бей­несін сомдаған сымбатты ста­туэтка табыс етілді. Фарида БЫҚАЙ, Павлодар. АУЫЛДА ЖАС МАМАНДАР КӨБЕЙІП КЕЛЕДІ Ауыл экономикасын көтеру, оның әлеуметтік жағдайын жақсартып, мәдени ошақтарын түлету, спорт ісін жандандыру бүгінгі мемлекеттік саясаттың маңызды бір бағыты екені бел­гілі. Сондықтан “Нұр Отан” ХДП Жамбыл облыстық филиа­лының қолдауымен жақында “Дипломмен­ – ауылға!” атты об­лыс­­тық жастар форумы өтті. Бүгінде “Дипломмен – ауыл­ға!” бастамасы бойынша облыс елді мекендерінде 200-ге жуық жас маман жұмысқа кірісіп те кетті. Оларға 70 айлық есептік көрсеткіш деңгейінде жәрдем­ақы берілген. Сондай-ақ, жас мамандарға 2010 жылдан бастап тұрғын үй алу үшін 630 айлық есептік көрсеткіш бойынша жәрдемақы беру де қарас­­тырылуда. Дегенмен, ескеретін мәселелер де баршы­лық. Жа­қын­да облыс әкімі жұмыс са­пары­мен алыстағы ауылдарға барып, халықтың хал-жағдайы­мен танысқан кезде дәрігерлерге деген тапшылық байқалып қалды. Бұл, әрине, қолға алып, қамқорлық жасаса, тез арада шешімін табатын мәселе. – Сондықтан, – дейді об­лыс әкімі Қ. Бозымбаев, – ау­дан әкімдері ауылдық жерлер­дегі сұранысқа ие, зәру маман­дықтар бойынша білімді, талап-тілегі зор жастарды аудандық бюджет­тің қаражаты арқылы оқытып алу­ларына әбден бола­ды. Сон­дай-ақ, ауылға келген жас кадр­лар­ды бас­панамен, жер телім­дері­мен, мал­мен қамта­масыз етіп, қосымша қар­жы қарастыру жағын да назар­дан тыс қалдыр­мағандары дұрыс. Облыс әкімінің айтуынша, 2010 жылы ауылдағы маман кадрлардың тапшылығы 50 пайызға азайып, ал 2011 жылы бұл мәселе толық шешілуге тиіс. Сондай-ақ, облыс басшысы жас­тар мәселесін жіті бақылап, оны үнемі назарда ұстап отыру үшін қаңтар айынан бастап интернет­тен өзінің жеке блогын ашып, оған жастар атынан түс­кен хат-хабарлардағы мәселе­лермен танысып, яғни жастар­дың жос­пар­ларына бюрократия­лық ке­дергі­лер жасап отырған мекеме басшы­ларына әкімшілік шара қолданатынын ашық айтты. Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ, Жамбыл облысы.