23 Тамыз, 2011

Құрылыс барысымен танысты

351 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Көлік және коммуникация министрі Берік Камалиев «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жобасын іске асыру барысымен танысу мақсатында Жамбыл облысында. Жалпы, аталған жоба шең­бе­рінде Жамбыл облысы аумағында 495,3 км. жолды қайта салу белгіленген. Қазіргі таңда құрылыс жұ­мыстары ұзақтығы 263,5 км. құ­райтын алты учаскеде жүргізілуде. Онда бес мердігер компания жұ­мыс атқаруда. Жамбыл облысы бой­ынша жобаны іске асыру бас­талғаннан бері 38 млрд. теңге (2011 жылы 13,49 млрд.тн.) игерілді, 43,2 км. асфальт-бетон жамылғысының төменгі қабаты және 7,3 км. үстіңгі қабаты төселді, 156,8 км. цемент-бетон жамылғы салынды. Қазіргі уақытта мердігер компаниялар 7 көпірді, 4 жол өтпесі, 2 түйінді жөн­деу бойынша жұмыстар жүр­гізу­де. Сапаны бақылауды қам­тамасыз ету үшін 3 технологиялық бақылаушы, жылжымалы жол лабораториясы тартылды, 6 нысанда мердігерлер стационарлы және жылжымалы лабораториялар ұйымдастырды. Сапар барысында министр Берік Камалиев мердігерлік ком­па­ниялардың басшыларымен жина­лыстар өткізді. Министр өз сөзінде жұмыс кестесін уақытылы орындау қажеттігін атап өтті. «Егемен-ақпарат».