Кеден одағы жұмыс істей бастаған сәттен бастап бір жарым жылдан аса уақыт өтті. Кеден операцияларын және Қазақстан мен Ресейдің мемлекеттік шекарасы арқылы өтетін тауарларға және көлік құралдарына қатысты кедендік бақылау бойынша барлық функцияларды жүргізудің 2011 жылғы 1 шілдеден бастап тоқтатылуы бірыңғай кеден кеңістігі қалыптасуының соңғы кезеңі болды. Жалпы, осы сәттен бастап бірыңғай кеден аумағының құрылуы және Кеден одағының қалыптастырылуы аяқталды.
Мамандардың бағалауы бойынша, Белоруссия, Қазақстан және Ресей Кеден одағының құрылуы экономиканың дамуын ынталандыруға мүмкіндік беріп, қатысушы елдердің ЖІӨ-ге 2015 жылы қосымша 15%-ға береді. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында Кеден одағының мемлекеттеріне Қазақстан экспортының көлемі 66%-ға өсті. ҚР Статистика агенттігінің мұндай деректерін Агенттіктің инвестициялардың рентабельділігін зерттеу жөніндегі бас талдаушысы Гүлнұр Рахматуллина «дөңгелек үстелде» сөйлеген сөзінде хабарлады.
– ҚР Статистика агенттігінің деректеріне сәйкес 2010 жылы Қазақстанның Кеден одағының елдеріне экспорты шамамен 39,4%-ға, импорты – 23,7%-ға өсті, – деп түсіндірді Гүлнұр Рахматуллина. – Ағымдағы жылғы төрт айда Кеден одағының мемлекеттеріне Қазақстан экспортының көлемі өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 65,8%-ға өсті, импорт 38,6%-ға өсті. Бүгінгі күні біз адам саны 170 млн. болатын нарық құрып отырмыз және жалпы ЖІӨ 2 трлн. АҚШ долларына жуық. Сондықтан Кеден одағының тетігін үш елдің ішкі нарығында жұмыс істей алатындай ойланып пайдалану қажет.
Батыс Қазақстан облысы 2011 жылғы қаңтар-маусым айларында әлемнің 70 елімен ынтымақтастықта болды. Ағымдағы кезеңде облыстың негізгі сауда серіктестігі Италия болды. Осы елмен тауар айналымы тауар айналымының жалпы көлемінің 38%-ын құрады. Одан кейін: Нидерланд – 19,2%, АҚШ – 6,7%, Грекия – 6,4%, Франция – 6,3%, Болгария – 6%, Украина – 4,6%, Испания – 4,4%, Финляндия – 3,6% және Швеция – 2,5%. 2011 жылғы қаңтар-сәуірде кеден статистикасының деректері бойынша сыртқы сауда айналымы 2 192 155,1 мың АҚШ долларын құрады, бұл сауда айналымы 727 715,7 мың долларды құраған 2010 жылғы деңгейден 201%-ға көп.
Батыс Қазақстан облысының қолма-қол шетел валютасының ағымдағы айырбас нарығы толығымен Кеден одағын құру әсерінде болып тұр. Мәселен, 2011 жылғы қаңтар-маусымда 2010 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда АҚШ долларын сатып алу-сату 48,7/24,34%-ға өсті және жалпы көлемі тиісінше 24030,80 және 125084,40 мың теңгені құрады. Ресей рублі бойынша айырбастау пункттерінің сатып алуы 12,91 % (241077,40 мың), сатуы 40,64% (641600 мың) рубльге өсті. Халыққа еуроны сату операциялары да өсті – көлемі 40,64%-ға өсті және 17211,60 мың еуро құрады. Азаю жағына қарай өзгеріске ұшыраған жалғыз операция – айырбастау пункттерінің еуроны сатып алуы – 57,44%-ға (2299,10 мың) төмендеді.
Жоғарыда аталған кезеңде бағамдардың да жағдайы өзгерді. АҚШ долларын сатып алу-сатудың орташа алынған бағамдары төмендеді, ал еуро мен Ресей рублінікі өсті. Мәселен, 2010 жылғы қаңтар – шілдеде бір АҚШ долларын облыстың айырбастау пункттері 146,84-пен сатып алып, 147,60 теңгемен сатса, 2011 жылғы осы кезеңде бұл арақатынас бір доллар үшін тиісінше 145,72/146,60 теңгені құрады. 2010 жылғы бірінші жартыжылдықта еуро және Ресей рублі бойынша сатып алу тиісінше 193,92 және 4,89 құрады, шетел валютасының бірлігіне сату 196,70 және 5,00 теңге болды. 2011 жылы сатып алу тиісінше 203,04 және 5,04, сату 205,37 және 5,14 болды.
Кеден одағы Батыс Қазақстан облысы қолма-қол валютасының нарығына жанама да, тікелей де әсерін тигізді. Тікелей әсер етудің жолдарына бірінші кезекте Елбасы қол қойған «Жеке тұлғалардың Кеден одағының кеден шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу тәртібі туралы шартты ратификациялау туралы» 2011 жылғы 17 қаңтардағы № 389 ҚР Заңын жатқызу қажет. 2010 жылы 5 шілдеде Астана қаласында Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің басшылары қол қойған Жеке тұлғалардың Кеден одағының кеден шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу тәртібі туралы шарт жеке тұлғалардың Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын үшінші елдерге әкелу және әкету үшін бірыңғай тәртіпте белгіледі. Осы шарттың неғұрлым маңызды нормаларына валютаны міндетті декларациялау шегінің 10 мың АҚШ доллары баламасына дейін өсуін жатқызуға болады. Сондай-ақ қолма-қол ақша қаражатын, жол чектерін және бағаӨлы қағаздарды Кеден одағына мүше мемлекеттер арасында шектеусіз өткізуді жүзеге асырудың, баламасы 10 мың АҚШ доллары сомасынан асатын қолма-қол шетел валютасын шығарған кезде заңдылығын растайтын құжаттарды ұсыну талаптарының болмауы жатады.
Сонымен бірге, Кеден одағы мемлекеттерінің басшылары Мәскеу қаласында 2010 жылы 9 желтоқсанда қол қойған «Валюта саясатының келісілген қағидаттары туралы келісім» ратификациялану үстінде. Бұл Келісім валюта саясатын құрудың және жүргізудің, Кеден одағына қатысушы елдер резиденттерінің өзара есеп айырысуларда ұлттық валютаны пайдалануын кеңейтуге, валюталық операцияларды есепке алуға және бақылауға қойылатын талаптарды, сондай-ақ валюталық реттеу және валюталық бақылау саласындағы заңнаманы және валюталық реттеу органдарының актілерін бұзғаны үшін жауапкершілік туралы нормаларды үйлестірудің әдістерін жақындатуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ осы Келісімде валюталық бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органдардың ақпарат алмасу, Кеден одағына қатысушы мемлекеттер резиденттерінің валюталық операцияларды жүзеге асыру кезінде заңнаманы бұзғанын анықтау жөніндегі ынтымақтастық, валюталық бақылау саласындағы өзара мүддені қозғайтын проблемалар бойынша бірлескен талдамалық зерттеулер жүргізу арқылы өзара іс-әрекеттері көзделген.
Жанама себептерге халықтың ел шекарасынан шығу санының өсуін және ҚР Үкіметі қабылдаған шетелдік маркаларды Қазақстанға әкелуге салынатын баж салығын уақытша 2011 жылғы 1 шілдеге дейін бір жылға дейін төмендету туралы шешімін жатқызуға болады. Осы фактор қолма-қол АҚШ долларын және еуроны сату көлемінің өсуінде маңызды рөл атқарды, өйткені автомобильдердің келесі қымбаттауын күту бұрын әкелінген және сатылмаған автомобильдерді сатудың өсуіне, сондай-ақ азаматтардың ескі автомобильдерін жоғары бағамен сатуына мүмкіндік береді.
Осылайша, бірыңғай кеден кеңістігін құру жеке тұлғалардың қолма-қол ақша қаражатын және айналымдағы ақша құжаттарын өткізуді жеңілдетуге, сондай-ақ Кеден одағына қатысушы елдердің ықпалдаса түсуіне мүмкіндік береді.
Ғалия САТЫБАЛДИНА, «ҚР Ұлттық Банкі» ММ Батыс Қазақстан филиалы директорының орынбасары.