26 Тамыз, 2011

«Қаржы нарығында тәртіп бұзушыларға реттеуіш талаптары қатаң сақталады»

442 рет
көрсетілді
22 мин
оқу үшін
Ұлттық Банк хабарлайды, түсініктеме береді, түсіндіреді «Сенім», «ТАИБ Қазақ банкі» ЕБ, «Al Hilal» және «Кредит Алтын»  төрт қазақстандық банктің лицензияларын уақытша тоқтату – Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінен (ҚҚА) қайта өзгертілген және Ұлттық Банктің құрамына кірген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің  Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі комитеттің (ҚҚК) бірінші резонансты қадамы. Тәуекелдерді барынша азайтуға және тек жекелеген қаржы институттарында ғана емес,  сондай-ақ практикада іске асырылатын барлық қаржы жүйелерінде тұрақтылыққа жағдай жасауға бейімделген алдын алу шараларының бағыты  нарық үшін әбден анық  ескерту.  Және барынша қатаң ескерту.     Еске сала кетейін, аталған банктердің алғашқы үшеуі бойынша ҚР ҰБ Басқармасы банк және өзге де операциялар жүргізуге, атап айтқанда депозиттер қабылдауға, үш ай мерзімге жеке тұлғалардың банк  шоттарын ашуға лицензиялар қолдануын тоқтату туралы қаулылар қабылдаған болатын.  «Кредит Алтын» банкі бойынша  депозиттер қабылдауға, үш ай мерзімге заңды тұлғалардың банк  шоттарын ашуға санкциялар енгізілді.  ҚҚК хабарларынан анықталғандай реттеуіш шаралары банк холдингтерінің немесе банктердің 25 пайызынан астам дауыс берілген және орналастырылған акцияларын тікелей иеленген банктердің ірі қатысушылары – жеке тұлғалардың банктің меншік капиталын ұлғайту жөнінде ҚҚА басқармасының 2008 жылғы 2 қыркүйектегі № 140  қаулысының талаптарын орындамауларынан туындаған болатын.   ҚҚА-ның іс-әрекеті әсіресе сыртқы қаржылық қауіп-қатердің күшеюіне қарай  қадағалаудың жұмсартылуын күтуге болмайтынын көрсетті.  Бұл қаталдықты ҚР Ұлттық Банкі де мақұлдауда.   Мұны «Егемен Қазақстан» газетіндегі өз сұхбатында ҚР ҰБ  Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі комитеттің төрағасы  Қуат ҚОЖАХМЕТОВ растады.   Егер реттеуіш талаптары орындалмаса – Қуат Бәкірұлы, санкция барынша қатаң қол­данылды. Тоқсаныншы жылдардың екінші жар­тысындағы жүйені оңтайландыруды, қайта құ­рылымдауды айтпағанда, бұрын қаржы инс­титуттарын мұндай «толайым» және ашық жаза­лаудың болғаны менің есімде жоқ. Қаулының тұ­жы­рымдалуына түсінік беріңізші және Қаржы қа­да­ғалау комитеті қаржы институтының лицен­зиясын қандай негіздер бойынша кері қайтаруға немесе тоқтатуға құқылы болатынын түсіндірсеңіз.   – Еліміздің қолданыстағы заңнамасында көзделген ерекше жағдайларда санкция қатаң қолданылады.  Ли­цензияны кері қайтару немесе тоқтату туралы шешімді Комитеттің берген қорытындысы негізінде Ұлттық Банк Басқармасы қабылдайды. Егер қазіргі нақты жағдай туралы айтар болсақ, онда тұжырымда банк­тер­дің меншік капиталдың ең төменгі мөлшері бойынша реттеуіш талаптарын орындамағаны  барын­ша анық айтылды. Бұл ретте реттеуіште банк жүйесін капитал­дандыруды нығайту бағыты тіпті 2008 жылдың өзінде-ақ белгіленген болатын. Сонымен, 2008 жылдан бастап екінші деңгейдегі банктер капиталының ең төменгі мөлшеріне талаптарды кезең-кезеңімен ұлғайту жүргі­зілуде.   Жоғарыда аталған банктер белгіленген мерзімге капиталдың қажетті мөлшерін қалыптастыра алмады. Басқа қаржы институттарының – жинақтаушы зейнетақы қорларының және сақтандыру компанияла­рының лицензияларын тоқтату немесе кері қайтару негіздеріне қатысты  айтар болсақ, онда олар да сондай-ақ қолданыстағы заңнамада жазылған.  Сонымен, ли­цен­зиялардың қолданылуы, оның ішінде уәкілетті орган­ның қолданған ықпал етудің шектелген шараларының талаптарын орындамаған, пруденциалдық норматив­тер­дің және нормативтік құқықтық актілерде белгіленген өзге де міндетті сақталатын нормалар мен лимиттердің талаптарын сақтамаған жағдайларда алты айға дейінгі мерзімге тоқтатылуы мүмкін. Лицензияларының қолданылуы тоқтатылған жи­нақ­таушы зейнетақы қорлары және сақтандыру  (қайта сақтандыру) ұйымдары белгіленген мерзімде тоқта­тылу себептерін жоймаған жағдайда және заңнамалық актілерде белгіленген өзге де негіздер бойынша уәкі­летті орган оларды лицензияларынан айыруға құқылы. Біз лицензияларды тоқтатудың және кері қайтару­дың ақырғы шара екендігін  түсінеміз, алайда соңғы әлемдік қаржы дағдарысы реттеуіштерді олардың орын­далуына тек талап пен бақылауды күшейтіп қана қоймай, басып озуға әрекет жасауға, алдын алу шараларын қабылдауға мәжбүр етті. Әсіресе сыртқы жағдай босаңсуға мүмкіндік бермейді.   Жүйенің тиімділігін арттыру мақсатында –  Нарықта Комитеттің Ұлттық Банк құрамына кіруі, бүгінгі күндері өте мықты мәртебесі мен позициясы Қаржы қадағалау комитетінің бақылау-қадағалау функциясын және оның өкілеттігін көтере түсті деген пікір бар. – Бұл пікірмен келісемін. Тек Мемлекет Басшы­сына бағынатын  Ұлттық Банкте – бір мемлекеттік органда барлық қадағалаушылық, бақылаушылық және реттеуіштік функциялардың шоғырлануы бұл бүгінгі күннің талабына сай қабылданды және елдің қаржы секторын ұзақ мерзімді дамытуға бағытталды. ҚР Президентінің ағымдағы жылдың 12 сәуіріндегі «Қазақстан Республикасының қаржы нарығын мемлекеттік реттеу жүйесін әрі қарай жетілдіру туралы» Жарлығына атап айтқанда, қаржы нарығын мемлекеттік реттеу жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында қол қойылған болатын. Соған сәйкес Алматы қаласын­дағы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі мен Қаржы қадағалау агенттігі таратылып, олардың функциялары мен өкілеттіктері Ұлттық Банкке берілді.  Сонан соң ағымдағы жылдың 18 сәуірінде Мемлекет Басшысы «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір мәселелері туралы» Жарлыққа қол қойды, соған сәйкес ҚР ҰБ құрылымында Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөнінде және АӨҚО дамыту жөнінде  екі комитет құрылған болатын. Ағымдағы жылдың 28 сәуірінде ҚР ҰБ Директорлар кеңесінің қаулысымен бекітілген Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі комитет туралы ережеге сәйкес  ҚҚК Ұлттық Банктің ведомствосы болып табылатын рес­публикалық мемлекеттік мекеме ретінде белгіленді.  Бұл ретте бұрын ҚҚА мен Ұлттық Банк тығыз байланыста жұмыс істегендерін еске салғым келеді. Бірақ өзара күш-жігер жұмсау және құрылымдарды біріктіру шешіміне дағдарыс кезеңінде қаржы нарығындағы едәуір әлсірей бастаған ахуалдың өзі түрткі болды. Сондықтан дағдарыс көріністері үдей бастаған 2008 жылдың өзінде-ақ ҚҚА функциясы мен өкілеттігі  күшейтілген болатын.  Бұл жылдары заң­нама ауысып отыратын реалиялар: нарыққа қатысу­шылардың жауапкершілігінің арттырылуы, реттеуіш­тің өкілеттігінің нығайтылуы есеп­ке алына отырып жетілдірілгені бәріміздің есімізде.   Негізгі басымдықтар және өкілеттіктер туралы – Сәуірдегі қайта ұйымдастырудан кейін Комитет таратылған ҚҚА-ның функцияларын сақтап қалды ма немесе оларды Ұлттық Банкпен  қайта бөлісу жүргізілді ме? – Комитет негізінен ҚҚА өкілеттіктерінің сабақ­тастығын, функцияларын сақтайды және сондай-ақ қаржы қызметтерін тұтынушылардың заңды мүдде­лерін қорғауды қоса,  қаржы жүйесі қызметінің тұрақ­ты­лығын, банк, сақтандыру жүйелерін, бағалы қағаздар нарығын, жинақтаушы зейнетақы жүйесін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты іске асырады. Бүгін ҚҚК құрылымында 290 адам жұмыс істейді. Комитеттің негізгі функциялары – қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау. Алайда қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау функциясы қазір Ұлттық Банктің құзы­ретінде тұр. Тиісінше кейбір кадрлық орын ауысты­рулар, алмастырулар болып өтті. ҚР ҰБ Директорлар кеңесінде бекітілген ережеге сәйкес Комитет өз қызме­тінде қаржы нарығының және қаржы ұйымдарының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және  тұ­тас­тай алғанда халықтың және экономика субъекті­лерінің жүйеге деген сенімдеріне қолдау көрсету, қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету сияқты негізгі мақсаттарды басшылыққа алады.  Біздің басты басымдығымыз – қаржы қызметтерін тұтыну­шы­­лар­дың құқықтары мен заңды мүдделерінің  және оларды қорғаудың бұзылуын болғызбау жөнінде шараларды іске асыру екендігін тағы да атап өткім келеді. ҚҚК-нің тағы бір міндеті – қаржы нарығында адал бәсекелестікті қолдауға бағытталған қаржы ұйымдарының қызметі үшін тең құқылы жағдай жасау. Атап айтқанда Комитеттің міндетіне адал бәсекелестік қағидатында қаржы ұйымдарының жұмыс істеуі үшін тең жағдайлар жасау; олардың қызметін қадағалаудың стандарттары мен әдістерінің деңгейін көтеру, олар қабылдаған міндеттемелердің уақтылы және толық орындалуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар кіреді. – Комитеттің  қазіргі өкілеттіктері қандай? – Біз бірінші кезекте қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруға ҚҚК-ның рұқсат беру өкілеттіктері ту­ралы айтар едік. Атап айтқанда, Комитет қаржы ұйым­дарын ашуға, қайта ұйымдастыруға, қаржы ұйымдарын таратуға, ірі қатысушы және холдинг мәртебесіне ие болу келісіміне, қаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданылуын жаңартуға не лицензиядан айыруға және басқа құжаттарға рұқсат беру мәселе­лерін  Ұлттық Банк басқармасының қарауы үшін қоры­тынды әзірлейді.  ҚҚК-ның бұл өкілеттіктерді іске асыруының мысалы – жақында төрт қазақстандық банк лицензияларының тоқтатылуы болып отыр. Сондай-ақ Комитет қаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиялар, қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін тағайындауға келісім береді, қаржы ұйымдарының құрылтайшылық құжаттарына келіседі.  Комитет аккредитациялауды жүзеге асырады және қаржы орталығының бағалаушыларын және қатысу­шыларын аккредитациялау туралы куәлік береді.   Тиімді, үздіксіз, көп деңгейлі бақылау – Комитетте бақылау мен қадағалау функциясы сақталған. Алайда оларды іске асырудың тиімділігі туралы мәселе сол қалпында тұр.  Біле тұра әдейі анық емес есептілік берген және кәсіби аудитор­ларды, рейтингтік агенттіктерді жаңылысуға жеткізетін кейбір банк топ-менеджерлерінің және иеле­рінің реттеуішті қалай жеңіл айналып өткендік­терінің мысалы әлі ескірген жоқ. Сол уақыттан бері қадағалаудың заңды түрде күшейтілгені жалпыға мәлім, бірақ қазіргі құқықты жүзеге асыру практикасын, оның тиімділігін түсінгім келеді... – Біз бәріміз де дағдарыстан сабақ алдық. Бірақ бұл ретте мен қиялға берілуге ынталы емеспін: егер банктің иесі немесе топ-менеджері  құқық бұзушылық жасауға ниеттенсе, ол оны қалай жасау керектігіне мүм­кіншілік табады. Оның үстіне БТА Банктің бұ­рын­ғы басшылы­ғының мысалы көрсеткендей, өте тез жасайды. Сондықтан  қадағалау жүйесінің көп дең­гей­лі  болғаны және осы сияқты жымысқы ниетті оның алғашқы бел­гі­сінің пайда болуы кезінде-ақ түбірімен жоюға мүм­кін­дік беретіндей  тиімді, үздіксіз болғаны өте маңыз­ды. Сондықтан бізде қадағалаудың екі түрі қабылдан­ған: инспекторлар қаржы институтына инс­пекциялық тексерумен келетін жердегі қадағалау; және жүйелі негізде қадағалау жасалатын орган­дар­дың есептіліктері негізінде жүргізілетін дистан­ция­лық қадағалау.  Қаржы ұйымдарының қызметіне тән тәуекелдерді анықтау, олардың пруденциалдық нормативтерді және өзге де нормалар мен лимиттерді қоса, республика заңнамала­рының талаптарын орындау­ла­рын  тексеру мақсатын­да, сондай-ақ ірі қатысушылар­ға Комитетке дистан­циялық қадағалау және инспекциялау қосылатын бақылау мен қадағалау функциялары бөліп берілген. Тиімді бақылау түрлерінің бірі – қар­жы­лық және өзге де есептілікті талдау. Мамандар ба­ланстарға талдау жасайды, олар бойынша пруден­ци­ал­дық нормативтер­дің орындалуын тексереді, қаржы институттары қызме­тінің үрдістерін бағалайды, ке­лең­сіз сигналдарды, сәйкессіздіктерді анықтайды.  Ақ­параттар пакетінің барлығын талдау негізінде оларға қатысты қадағалау­дың, бақылаудың қандай практикасын қолдану жөнінде шешім қабылданады. Статистикалық ақпарат не экономикалық талдау және тұтас алғанда, қаржы нарығы ретінде, сондайлық жеке алғанда қаржылық ұйымдардың жағдайы туралы қорытынды дайындау үшін Комитет қажетті ақпарат талап етуге құқылы.  Бақылау функцияларының орын­да­луын қамтамасыз ету үшін ҚҚК акционерлердің жалпы жиналысына өз өкілін жіберуге, сондай-ақ қаржылық ұйымдарда өз өкілін ұстауға құқылы.  Комитет сондай-ақ қаржылық ұйымдардың және тарату комиссиясының уақытша әкімшілігінің қызметіне бақылау жасауды жүзеге асырады. Осы жұмыстың тиімділігін арттыруға қайта ұйым­дастырудан кейін біз бірден тексерудің жалпы бір департаментін құрдық. Бұл инспекциялық тексерулер жүргізудің бірыңғай әдістемесі болуы үшін жасалған болатын.  Мұндай күшейтілген департаменттің тағы бір артықшылығы – қаржы институтының тек өзін ғана емес, оның барлық құрылымын – еншілес, аффилиирленген компанияларымен және оффшорлық байланыс­тарымен жиынтықта көруге мүмкіндік беретін  біріктірілген ақпараттық базасының болуы. Оның үстіне бұл қандай да бір деңгейде  дистан­ция­лық қадағалаумен айналысатын департаменттерге жағдай жасайды. Кейбір нәрселер тек инспекциялық тексерулер барысында ғана анықталатындықтан олар­дың берілген ақпаратқа барынша терең талдау жүргізу мүмкіндіктері кеңейеді. Ақпараттық базаның кеңеюі нәти­жесінде дистанциялық қадағалауды талдаушылар­ға алдын алу әрекеттерін жасауға, түрлі келеңсіз тұс­тарды, үрдістерді анықтау бойынша өзіне мол жауапкершілік алуға, сол арқылы жергілікті жерлерде жұмыс істейтін инспекторларға көмектесуге мүмкіндік береді.   Атап айтқанда қадағалаудың екі түрінің осындай өзара әре­кеттестігі оның тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.   Тексерулер қатаң регламенттеледі – Тексерулердің ұзақтығы қаншалықты және олардың мерзімділігі қандай? Заңнама бұл мәселелерді регламенттей ме?   – Сөзсіз реттейді. Айтып кеткенімдей, Комитеттің міндеттерінің бірі – нарықтың және бәсекелестіктің дамуына мүмкіндік туғызу.   Бірақ біз сондай-ақ мына­ны түсінуге тиіспіз, қадағалаудағы және бақылаудағы өз функцияларымызды орындай отырып, біз қаржы институтының  жұмыс істеуіне және тұтас алғанда на­рық­­тың дамуына кедергі келтірмеуге тиіспіз.  Сондық­тан тексерулердің регламенттері – мерзімділігі, олар­дың ұзақтығы – заңды тіркелген.   Осылайша орташа қаржы мекемелері бойынша тексеру ұзақтығы бір айдан аспауы мүмкін. Ірі құрылымдар, холдингтер, топтар бойынша біз тексеруді екі айға дейін соза аламыз. Ірі институттар бойынша тексерулер кезеңділігі – 1-1,5 жылда бір рет. Мұнда біз олардың нарықтағы үлестерін негізге аламыз: институт ірі болған сайын, тәуекелдер де соншама жоғары, тексерулер де соншама жиі болады. Бізге олардың өздерін қалай сезінетіндерін түсіну маңызды. Мысалы, банктер бойынша біз олардың барлық қызметін: несие портфелінің сапасын, активтердің сапасын, олардың кіріс базасының қандай екендігін, қысқа мерзімді, орта мерзімді және ағым­дағы өтімділігінің қандай екендігін  кешенді қарас­тырамыз.  Банк капиталының құрылымын қараймыз, шешімнің қалай қабылданатынын, тәуекелдерге, ішкі аудитке жауапты қызметтердің қалай жұмыс істейтінін, Басқарма және Директорлар кеңесі өкілеттіктерінің қалай жазылғанын  бағалаймыз. Орташа құрылымдар бойынша – мысалы, орташа банктерге тексеру 2-3 жылда бір рет жүргізіледі. Ал нарықтағы үлесі жоғары емес, тиісінше тәуекелдері де аз шағын құрылымдар бойынша тексерулер үш жылдан аса бір рет жүргізіледі.  Бірақ егер дистанциялық қада­ғалау процесінде біз қандай да бір келеңсіз жағдайларды көрсек, онда біз жоспардан тыс, оның ішінде нақты мәселелер бойынша тексеру жүргізуге бастамашы бола аламыз. Тексерулер жоспарының өзін біз бір жылға бекітеміз. – Қаржы институттары сіздердің оларды қашан тексеріп келетіндеріңізді біле ме? – Бұрын біз ҚҚК сайтында  тіпті тексерулердің жоспарын орналастырғанбыз. Бірақ қазір олардың алгоритмін анық тұжырымдап алғандықтан бұған қажеттілік жоқ деп ойлаймын. Біз жазған ережелерге сүйене отырып банктер және басқа да бақылауға жататын ұйымдар біздің оларға қашан және қандай кезектілікпен келетінімізді біледі. Бірақ бұл тексерулер арасында олар назардан тыс қалады дегенді білдірмейді. Банктердің берген құжаттары негізінде ұдайы дис­тан­циялық қадағалау жүргізіледі. Бұған қоса, мен айтып кеткендей, егер талдаушыларда сұрақтар туындаса, сауалдар жіберіліп, біз қажетті құжаттарды талап ете аламыз.   Сондай-ақ көзбе-көз кездесулер мен әңгімелесулер өткізіледі. Оның ішінде қаржы институт­тарының Басқарма және Директорлар кеңесінің бас­шыларының ҚҚК басшыларымен кездесулері өтеді.   Әрі жүйелі, әрі  дара – Әдетте тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы айтылғанда, онда хаттар мен шағымда­рына жауап беру туралы әңгіме болады. Бірақ бұл функцияның әлдеқайда кең екендігі түсінікті. ҚҚК қызметінің осы саласы туралы айтып беріңізші. – Қаржылық қызметтерді пайдаланушылардың ша­ғымдары, хаттары тұрақты бақылауда тұрады. Бірақ сіз дұрыс айтасыз – бұл мәселелер жеке тәртіпте  шешіледі. Бізге қаржылық қызметтердің барлық саласының мінсіз жұмыс істегені қажет. Қаржылық ұйымдардың қаржы­лық жағдайын қадағалау да тұтынушылар құ­қық­тарын қорғаудың негізі болып табылады. Сон­дықтан Комитет көрсетілетін қаржылық қызметтердің сапасына тұрақты қадағалауды жүзеге асырады, өз құзыреті шеңберінде нормативтік құқықтық актілер әзірлеу бойынша ұсы­ныстар енгізеді. Атап айтқанда, бір қаржы нарығының тәуекелдерін азайтуға бағыттал­ған заң жобасымен жұмыс істедік, ол қазір Мәжілістің қарауында жатыр. Біз кешенді түрде банктік конгломераттарға және сақтандыру топтарына бақылау мен қадағалауды жү­зеге асырамыз. Комитет сондай-ақ банктік конгло­мерат­­тардың немесе сақтандыру топтарының құрамы­на кіретін қаржылық ұйымдарына қатысты банктердің,  сақтандыру ұйымдарының еншілес ұйымдарды құруы­на немесе сатып алуына рұқсат беру туралы мәсе­лелерді ҚР ҰБ басқармасының қарауы үшін, сондай-ақ банктердің, сақтандыру ұйымдарының, жинақтаушы зейнетақы қорларының жарғылық капиталына елеулі қатысуға рұқсат алу, қаржылық ұйымдардың банктік немесе сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәрте­бесін алуға келісім үшін де қорытынды дайындауда. Бұған қоса, Комитет шоғырландырылған қадағалау шеңберінде қабылданған шараларды үйлестіру мәсе­лесі бойынша басты ұйымдардың және олардың трансшекаралық мекемелерінің қызметіне реттеуді және қадағалауды жүзеге асыратын шетелдік органдармен өзара іс-қимыл жасайды.  ҚҚК бағалы қағаздар мен қаржы құралдары эмитенттерінің қызметіне бақылау және қадағалау жүргізеді.  Комитет мемлекеттік емес, оның ішінде туынды эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады, оларға ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін береді, оларды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептерді қарайды, сондай-ақ оларды шығару­дың күшін жояды;  эмиссиялық мемлекеттік емес бағалы қағаздарды тоқтатады және орналастырылуы мен айналысын жаңартады. Қаржылық ұйымдардың республиканың оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын бұзғандықтары анықталған жағдайда, Комитет оларға ықпал жасаудың шектелген шараларын, санкциялар, мәжбүрлеу шараларын, сондай-ақ елдің заңнамасында көзделген өзге де шараларды қолдануға құқылы. ҚҚК қаржылық ұйымдар жасаған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды, сондай-ақ оларға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске сәйкес жаза тартқызады. Бұл ретте қаржылық ұйымдардың қызмет мәселе­лері бойынша, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру нәтижелері және тұтастай алғанда қаржы нары­ғын­дағы ахуал бойынша ақпарат және басқа пайдалы ақпарат көкейкесті режімде ҚҚК-ның ресми веб-сай­тында жарияланады. Комитет өз қызметін жүзеге асыр­ған кезде қаржылық ұйымдар қызметінің шынайылығы және тәуекелдерді бағалауға негізделген басқаруды ынталандыру; жаңа қаржы құралдары мен қызметтерді дамытуды қолдау, сондай-ақ қаржы нары­ғында қазіргі технологияларды енгізу, қаржылық ұйым­дардың жауапкершілігі жолымен тұтынушы­лардың мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету бойынша шара­лардың кешенділігі сияқты қағидаттарды басшылыққа алады. – Әңгімеңізге рахмет. Әңгімелескен Алевтина ДОНСКИХ.