Бұл кітапта Владимир Соколовтың өмірі мен ғылыми жетістіктері, атқарған қызметтері, сонымен қатар, ғылыми еңбектері мен мақалалары берілген.
В.А.Соколов Қазақстанның геологиясын зерттей отырып, 1931 жылы Бетпақдаланың, 1933 жылы Қазақстанның шығыс аймақтарының пайдалы қазбаларын зерттеп ашқан болатын. 1934-1935 жылдары Қаратауда фосфор қорын анықтап, сол жерде зерттеу жұмыстарын жүргізіп, 1936 жылы минералдардың таралуының геологиялық картасын жасап, Алтай тауының кенді-пайдалы қазбаларын картаға түсірді. Сонымен қатар, Орталық Қазақстанда алтын мен кварцит қорын, Саяқ кен орнын ашты. Шығыс Қазақстан облысын кеңінен зерттей келе жерінің түсті металдарға бай екенін анықтап, Қоңырат түсті металл кен орындарын ашқан.
Осындай дара тұлғаға арналған бұл кітап Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің баспасынан басылып шықты. Себебі Владимир Соколов 1949 жылы осы университетте минерал және кристал кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарған, 1951-1952 жылдары университеттің білім жөніндегі проректоры болған.
Гүлзира ОРАЗЫМБЕТОВА,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті.