«Билеттер халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарына, сондай-ақ ғылыми жұмыстармен белсенді түрде айналысатын оқушылар мен студенттерге беріледі. Бұдан басқа, «Жыл мұғалімдері» және ғылыми жобаларға жетекшілік ететін оқытушылар көрмені тегін барып көреді», – дейді Алматы қаласы бойынша «Астана Экспо-2017» жедел штабының басшысы Самғат Ермекбаев.
Оның айтуынша, меценаттар «Астана Экспо-2017» Алматы штабына оқушылар үшін – 200 билет, мұғалімдер үшін – 300 билет, студенттер мен ЖОО оқытушылары үшін – 500 билет сатып алу бастамасымен өтініш жасаған. Бір билеттің құны – 4 000 теңге.
Айнаш Есали,
«Егемен Қазақстан».
АЛМАТЫ