Батырхан Құрмансейіт 1975 жылы туған, білімі жоғары. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін, Орталық-Азия университетін бітірген. Мамандығы бойынша шығыстанушы-филолог, жапон әдебиеті пәнінің оқытушысы, заңгер, PhD докторы, І хатшы дипломатиялық дәрежесі бар.
Еңбек жолын «NIKA SERVICE-1» ЖШС мекемесінде директор болып бастаған. 2008-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министірлігі Азия және Африка Департаментінің екінші хатшысы, Қазақстан Республикасының Жапониядағы Елшілігінің екінші, бірінші хатшысы, кеңесшісі, кеңесші-уәкілі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Сыртқы саясат орталығының инспекторы, ҰКП «Атамекен» Сыртқы сауда палатасы Халықаралық ынтымақтастық Департаменті секторының меңгерушісі лауазымдарында, 2015-2016 жылдары «New & Rare Resources» ЖШС бас директоры қызметін атқарған.