Жоба құны 602,7 млн теңге болатын кәсіпорын жылына 1500 тонна майсыздандырылған құрғақ сүт пен 500 тонна сары май шығаратын болады.
«Асыл Бастау КZ» ЖШС шикізатты аудандағы жанұялық сүт фермаларынан алуды жоспарласа, алдағы уақытта серіктестік өз тауарлы сүт фермасын ашуды көздеп отыр.
Қазығұрт ауданында «Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасы» аясында жалпы 2,8 млрд теңге болатын 8 жоба енгізілген. Бүгінде бұлардың ішінде индустриалды аймақта 5 жоба іске қосылса, қалған 3 жоба 2017-2018 жылдары іске асырылады деп жоспарлануда.
Айта кетейік, облыстың аудан, қалаларында құрылған индустриалды аймақтарда 37 млрд теңге болатын 66 жоба іске асырылып, 4 мыңға жуық жұмыс орны құрылған.