Үкімет • 18 Мамыр, 2017

Пробация жұмыстары нәтижелі

124 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Орталық коммуникациялар қызметінде Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Б.Төремұратовтың қатысуымен «Екінші институттық реформаны іске асыру аясында пробация қызметінің дамуы туралы» тақырыбында брифинг өтті.

Пробация жұмыстары нәтижелі

Ұлт жоспарының 33-қадамын орын­дауда Мемлекет басшысы 2016 жылғы 30 желтоқсанда «Про­бация туралы» Заңға қол қой­ды және ол 2017 жылғы 17 қаңтар­да күшіне енді. Заң сотқа дейін­гі, үкімдік, пенитенциарлық және пенитенциарлықтан кейін­гі пробацияның түрлерін қарас­тырады. Пробацияның мақсаты – күдіктінің, айыпталушының мінез-құлқын түзеу, сотталған адамды әлеуметке қосу, қыл­мыстық-атқару жүйе­сінің меке­месінен босатылған адамды әлеу­меттік бейімдеу және оңалту арқылы қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жәрдемдесу, деді Б.Төремұратов. 
Спикердің сөзінше, проба­цияны жүзеге асыруға қатысуда азаматтар, қоғам­дық бірлестіктер және өзге де заңды тұлға­лар ма­ңыз­ды рөлге ие. Олардың про­­ба­­цияны іске асыруға қаты­суы ерікті түрде әлеуметтік-құқық­­тық көмек көрсетуге жәрдем­десу жолы арқылы бола­ды. Кешенді стратегияны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жос­пары­ның 2-тармағы негізінде бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан адам­дарды жұмысқа және тұрмыстық орна­лас­тыру бойынша «Қақпа алдында кездесу» әлеу­меттік жобасы әзірленіп, қазіргі уақыт­та еліміздің барлық аймағында іске асы­рылып жатыр. Әлеуметтік жоба осы уақыт­қа дейін зерделенген тәжірибе мен мүд­­делі мемлекеттік органдардың, ҮЕҰ-лар­дың ұсынысы  ескеріле отырып, әзірлен­ді. Аталған жобаның мақсаты – соттал­ған­дарды бас бостандығынан айыру орын­дары­­нан босатылғаннан кейінгі алғаш­қы күн­­дері қоғамда әлеуметтік бейімдеу үшін жағ­дай­лар жасау, деді комитет төрағасының орынбасары.
Мұнымен қоса, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектер, сондай-ақ 63 жас­тан асқан ерлер мен 58-ден асқан әйел­дер өз­дерінің жазбаша өтінішімен және меке­менің ұсынымымен әлеуметтік қорғау орта­лықтары арқылы мүгедектер мен қартт­ар үйіне жіберілетіні айтылды. Әлеу­мет­тік көмекке мұқтаж өзге де адамдар өздерінің жазбаша өтінішімен және мекеменің ұсынымымен әлеуметтік бейімдеу орталықтарына жолданады», деді Б.Төремұратов.