Аймақтар • 18 Мамыр, 2017

Ақжайықты ән тербеді

125 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның халық әртісі, Құр­ман­ғазы атындағы Қазақ ұлттық консер­ваториясының профессоры Ғафиз Есімов­тің 70 жасқа толуы­на орай Атырауда «Жайық нұры» атты рес­пуб­ликалық әнші­лер байқауы өтті. Қатысу­шылар пат­ри­от­тық әндер мен Абайдың сөзіне жазыл­ған Қазақстан композиторларының шығар­маларын орындады.

Ақжайықты ән тербеді

Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 39 жас әншінің арасынан бас жүлдені Андрей Медведев жеңіп алды. Шығыс Қазақстан облысының атынан қатысқан Андрейдің өнерін қазылар алқасы жоғары бағалады. Ал­ма­тылық Бегім Айдос пен Әсем Сергеева, ақ­­тө­бе­лік Аманжол Өтемұратов бірінші орын­­ның биігінен көрінді. Жүлделі екінші орын аты­рау­лық Нұрсәт Алмас, астаналық Тал­ғат Алла­бірінов, маңғыстаулық Мөлдір Жай­лы­баева, шығысқазақстандық Андрей Шаги­девич­терге берілді. Ал Алматыдан келген Наз­­гүл Орынтай, Болат Марғұлан, Жандарбек Ер­кін­­баев, Халид Орынқұл, астаналық Мұхтар Ро­машев, қызылордалық Әзиза Әбдірейім, аты­­­рау­­лық Ілияс Бөлекбаевтар үшінші орынды ие­ленді. 
Үш күн бойы Жайық жағасын әдемі әнмен тербеген байқау мерейтой иесі Ғафиз Есімов­тің шығармашылық кешімен қорытын­ды­ланды. Өнер мерекесіне халық әртісінің дос-туыс­тары мен әріптестері жиналды. Об­лыс әкімі Нұр­лан Ноғаев мерейгерге «Аты­рау об­­лы­сы­ның құрметті азаматы» атағын табыс­тады. Керемет кеште облыс әкімінің қол­­дауы­мен жарық көрген Ғафиз Есімовтің ш­ығар­машы­лы­ғына арналған антологияның тұсауы кесілді. 

Бақытгүл БАБАШ,

«Егемен Қазақстан»

АТЫРАУ