Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Наурызбай ауданын дамыту жөніндегі өткізген көшпелі жиында қала қызметтерінің назарын аудандағы салынып жатқан жолдардың, инженерлік және коммуналдық желілердің барынша сапалы болуына ерекше назар аударды Аудан тұрғындарын ауызсумен қамтамасыз етуге орай 1 07,5 км құбыр желісі тартылып, Ақсай, Қарғалы станцияларында күрделі су тазартқыш салу жоспарланған. Құрылыс аяқталған тұста аудандағы Таусамалы, Таужолы, Шұғыла, Тастыбұлақ, Ақжар, Құрамыс, Қарғалы, Қарағайлы, Жайлау ықшам аудандары қаланың орталықтандырылған су жүйесіне қосылады.
Қазір ауданда Абай даңғылы мен Әуезов көшесінен Қалқаман ықшам ауданының қала шекарасына дейінгі аралығында метроға қажетті үңгілеу, Жандосов көшесінің Сайын көшесі мен Таусамалы поселкесіне дейін аумағында күрделі жол жөндеу жұмыстары жүруде. Көшелердің қозғалыс бөлігі төрт жолаққа кеңейді. Қарғалы өзенінің үстіндегі сел болып, су тасығанда (2015 жыл) шамасы шектелген көпір қайта жасалуда, жаңадан веложолдар мен тротуарлар салынуда.
Бір сөзбен айтқанда, құрылысшылар қауымы Наурызбай ауданының құрылуының 3 жылдығына – 2017 жылдың 2 шілдесіне дейін жоспардағы барлық іс-шараларды толығымен жүзеге асыру үшін ат салысуда.
Талғат СҮЙІНБАЙ,
«Егемен Қазақстан»